Пайыз Оның пайда болуы және факторлары
Пайыз, оның пайда боуы және факторлары
Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз капиталының бағасы.
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше:
- процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы;
- процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды.
- процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасайды.
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды.
Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады. Осыған мысал келтірейік
Кесте 1
Ақша Баз-ның өсімі Банк резервтерінің өсімі Халыққа берілетін банк несиесінің өсімі Халық қолындағы ақша өсімі Банктегі салымдар өсімі
Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық резервтерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 1/10 қатынасына тең делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі халық салымдары қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының өсімі 10-ға тең (100-дің 1/10). Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере алады. Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90шартты бірліктік қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік қаржыны құрайды, ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді.
Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет көбейетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m) пайдаланлады; яғни, ол: m -1/r; мұнда r – банктің міндетті резерві және мұнда ол 10-ға тең.
Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына теңдеу арқылы көрсетіледі. Мs mB
Мұнда: Мs - ақша ұсынымының өсімі
В –ақша базасының өсімі
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып табылады.
Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:
Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты шығын
нормасы ---------------------------------------------------------------------------------х 100%
Банк меншігіндегі капитал
Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс –проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
б) капиталдың өнімділігі;
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді.
Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін ставканы айтады.
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп (мысалы, 7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін.
1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге берілетін қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі: себебі, ұзақ мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан бас тартуына байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары бірдей. Басқа да жағдайлар –бәсеке салық салу деңгейі және т.б. факторлар әсер етеді.
Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс деңгейі мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни:
1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны «тұншықтырады» және өндірісті тежейді.
2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді.Ол ақшаларды ең табысты салаларға шоғырландырады.
Пайда - кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім.
Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш.
Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы шығындардың ішкі және сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде.
Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда – кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.
Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қорытындылайтын синтетикалық көрсеткіш ретінде, оғын көп факторлар әсер етеді. Сондықтан пайданың көлемі сыналарға байланысты:
1) Еңбек өнімділігінің деңгейі: Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын өнім өндіру және оны сату көбейеді, өзіндік құны төмендейді. Осының бәрі пайданы көбейтеді.
2) Еңбек өндіруде материалдық және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының нәтижесінде өндірістегі материал және еңбек сыйымдылығы төмендейді, капитал тиімділігі артып, пайда көбейеді.
3) Өндіріс құрылымының және өндірілген өнім ассортментінің үлесінің жоғары болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды;
4) Баға деңгейі. Шығарылған өнімдерге бағаның өсуі алынатын пайдаға тікелей пропорционалды, ал төмендеуі кері пропорционалды;
5) Авансыланған капиталдың жалпы айналым жылдамдығы. Қызмет жасап жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және айналмалы капиталды үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге әкеліп соғады. Екі жағдай да пайданы көбейтуге әкеледі.
6)Жалпы пайданың таза пайда және мемлекетке аударуға бөліну. Мемлекетке жалпы пайдадан орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп, кәсіпорын экономикасының бірқалыпты қызмет жасау мүмкіншілігін төмендетеді.
Кәсіпорын барлық осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады, әрине олар оның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінде позитивтік маңызы бар.
Пайданың экномикалық категория ретіндегі мәні, оның төмендегі үш атқаратын қызметінен көрініс табады:
1) Пайданы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды баға беру көрсеткіші ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және айналым сфераларындағы іс-әрекетінің барлық жағы пайдада көрініс табады. Бірақ пайда әмбебап көрсеткіш емес. Пайда категориясының көп факторлылығына байланысты пайдамен бірге басқа да көрсеткіштерді пайдалану қажет.
2) Пайда болуы қызметін атқарады. Пайданы қосымша құнды кәсіпорын мен мемлекеттің, кәсіпорын мен салалардың, кәсіпорын мен оның жұмысшыларының, өндірістік және өндірістік емес сфералардың арасында бөлу және қайта бөлуде қаражат рынагы ретінде пайдаланады.
3) Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі кәсіпорынды және оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесімен байланысты. Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті ұлғайту көзі ретінде пайдаланады.
Кәсіпорын пайдасы абсолюттік –ақша түрінде және салыстырмалы пайда нормасы (% -түрінде) ретінде анықталады.
Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы ретінде пайыз түрінде есептеледі.
Мұнда Р*- пайда нормасы;
Р – ақша түріндегі пайда;
К – авансыланған капитал
Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылылғын көрсетіп, оны әрі қарай қалай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен, қатар пайда жалпы шығындарға қатынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған шығындардың пайдалылығын көрсетеді.
Жер рентасы-жерден алынатын табыс ретінде.
Рента теориялары
Өндіріс факторларының бірі жер және оның қойнауындағы байлықтар, одан алынатын табыс рента деп аталады.
Жерге тән ерекшелік: оның басқа еркін ұдайы өндірілетін факторлардан өзгешелігі, жер ұсынымы шектеулі, оның көлемі тұрақты, өзгермейді және оны ұлғайтуға болмайды. Осыған орай, жер ұсынымы икемсіз.
Жер ұсынымының икемсіз және шектеулі болйына байланысты ауылшаруашылығында баға белгілеу ерекше болады.
Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында рестовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Пайда қазіргі өндірісте де қосымша құнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді.
Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық қатынаста барлық өндірістің және шаруашылық салаларының негізгі нақты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, атап айту қажет, экономикасы дамыған елдерде инфрақұрылымды қоғамдық шаруашылықтағы пайда ала алмайтын қосымша бюджеттен қаржы бөліп қолдануға тура келеді.
Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметінде және экономикалық теорияның объектісі болуына қарамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі түрлі көзқарастар бар: Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім.
1. Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К.Маркстың Капиталының ІІІ-томында зерттелген. Маркстың ұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді пайдаланғаны да қажет. Сондықтан пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы ретінде анықталады (егер туар құны бойынша сатылса). Ескеретін жәй, пайданы тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады (өзгереді), Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен сұраныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар өндірушілер алатын пайда мөлшерін, анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын орта пайдасымен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы еңбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.
2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы. Олардың көзқарасы бойынша пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал) пайдаланудың нәтижесі. Сондықтан, пайда және кәсіпкерлік табыс, кәсіпкерлердің атқарған қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырады. Осыған байланысты төмендегідей анықтамалар береді:
- пайда кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы:
- пайда кәсіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін төленетін ақысы;
- пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополиялық жағдайынан пайда болатын табыс.
Ескеретін жәй, кәсіпкер міндетті түрде пайда алуы керек, олай болмаса, ол нақты бір өндіріс саласына ақша жұмсайды.
Қарастырылған екі көзқарастар да өмір сүруге құқылы К. Маркстың көзқарасындағы кемшілік – пайданың мәнін тікелей жеке меншікпен, сонымен байланысты жұмышыларды қанау деңгейімен байланыстыруы. Бірақ практика көрсетіп отырғандай, мәселе жеке меншікте және төленбеген еңбекте емес, пайданы кімдер пайдаланады, яғни меншік пен басқару қатынасында болса керек.
Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын анықтай отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды.
Белгілі жәй, нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы: Т-Т. Бұл жерде түскен пайда қайта бөліндеі. Осыған байланысты шындыққа жақын К.Маркстың дәлелдегені; пайда өндіріс нәтижесі.
Кәсіпорын пайдасы жалпы және таза болып екіге бөлінеді:
Жалпы пайда – кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ол сан жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (салықтар және т.б.) Таза пайда кәсіпорын иелігіне қалады да, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Пайыз Оның пайда болуы және факторлары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Пайыз Оның пайда болуы және факторлары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Пайыз Оның пайда болуы және факторлары