Отбасы тұлға дамуы мен тәрбие алуы

Отбасы тұлға дамуы мен тәрбие алуы

Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік рөлі
Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орынына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтады. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек.
Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретніде болады.
Осы тетік орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне тек қана бір әлеуметтік топан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құрылы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз, индивидтің(адамның) іс-жүзіндегі мінез-құлық.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:
а)Жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) Жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) Бұл теория қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті терңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік даудың жеміс, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез-құлықының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. Өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол арқылы өзінің «менін» сезіне бастайды.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан құрылады.
Бірінші иммитаци. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін-белгілі бір рөлді орындау арқылы көсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, т.б.Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуаршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.
Үшінші саты- ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізгі екі ұғыммен түсіндіріледі:
Олар: «әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөл». Әлеуметтік рөл туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталып кетсек.
Мысал, әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интеграды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құқы мен пішінінен және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.

2.2. Отбасы- тұлға дамуы мен тәрбие алуының мәдени ортасы
Қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар копаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Отбасы- бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.
Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар саныен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалр санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ ( яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі-ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасырып отырады.
Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы- неке және балалардың денаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауакершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі.
Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендігідей жалпы белгілері болады.
1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің міңез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.
2. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысты белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;
3. Отбасы- бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе тендікті сақтауға тырысады.
4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.
Отбасы жеке-дара институт ретінде-оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларға зерттелінеді.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының өзгеру үлгісін жасайды.
Ерлі- зайыпты адамдардың арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құқықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету,ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.
Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу,жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу.
Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылық еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.
Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құныдықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтірінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынадай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілектер, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.


Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгілеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары-мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. иснтитуттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен ( махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан-ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.Олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізнде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.
Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.
Отбасының мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.
Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыпиылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі-зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.
Ерлі-зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда-некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық( бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізінде құрылады) сияқты категорияларда болды.
Отбасындағы билік құрылымы демократиялық немесе авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократиялық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшалық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасының рөлдік (атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже-нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.
Әдет-ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға тырысады. Мұның өзі отбасының атқаратын қызметінің барлық жағына әсерін тигізді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.
Неке-бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұрақтылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады, ол жан-жақты сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау-жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін. Ақыр ағында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу- бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.
Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі,т.б.
Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі- зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар:
1. Жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады;
2. Некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйеьін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.
Неке өлшемі (критериі): беріктік, төзімділік, субъективтік сезімге қанағаттану;ерлі-зайыптылардың рухани дамуы, бір-бірінің ыстығына күйіп, суығына тоңуы, балаларды қағылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп тәрбиелеп, қалыптастыру.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың арасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау-жанжалдардың күшеюі-бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілейтін дау-жанжал. Ал, трақты шиелістің арты-ұрыс-керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып –ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.
Дау-жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көпшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінін жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениетің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтар мен жетістіктер аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгілі бір келісімге келуі керек. Отбасындағы шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі ұшбұрыштылық( яғни, бір махаббатта 3 адамның кездесуі), мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі, отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жынысық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасын бұзуға, берекесін кетіруге кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерлі-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру