Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері

Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері

Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері.

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады.
1. «ТМД» Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттері мен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:
а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;
б) дүиежүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;
в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;
г) ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу.
2. «Азия-Тынық мұхиты аймағы» Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта-біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жүмысшы күшін қатыстыру рыногы ретінде үлкен мәні бар.
3. «Азия». Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және Алдыңғы Азия елдері мен ынтымақтастық.
4. «Еуропа» ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дың экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығы мен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдері мен өзара іс-қимыл сақталады.
5. «Америка» Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексика мен Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.
6. Халықаралық ұйымдардағы: Халақаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіл Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.
«Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды
білдіре отырып, халықаралық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз».
Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын құрап отырып, халақаралық комуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жете көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде қытайдағы теңіз жағалауына басталып Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Ирен және Туркия арқылы Парсы шығанағындағы порттарға дейін баратын Трансазия теміржол магистальі іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және жоспарланып отырған темір жол марштуттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн. Тонна жүк тасмалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа Трансазия маршруты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасмалдау жолын 2,5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суец каналына шығып, теңіз арқылы тасумен салыстырғанда жол 10,5 мың шақырымға қысқарады.
Каспий труба құбыры косорциумының барлық ікі проблемалары шешілді. Ол құбыр тарту құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мұның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасмалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003-2005 жылдардан бастап балама мұнай-газ құбырлары қажет болады. Бұлар көмірсутегі өнімдерін сырқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап айтқанды, Кавказ дәлізін пайдаланудың мүмкіндігі туралы болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына тасмалдау идеясынң келешегі зор.
1997 жылы оптико-талшықты кабель пайдаланылатын Трансазия-Еуропа байланыс желісін іске қосу аяқталады. Мұның өзі планетаның кез-келген нүктесіне бөгетсіз телеком-муникациялық жол ашуға мүмкіндік береді.
Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен Каспийдегі Ақтау теңіз портын қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары басталды. Олар аяқталғаннан кейін порт 2 млн. тонна құрғақ жүк және 6 млн. тоннаға дейін мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран арқылы Қазақстанның Таяу және Орта-Шығыспен, ал Ресей өзендерімен Балтық теңізі арқылы Еуропамен сауда байланыстарын жасауын қамтамасыз етеді.
Қазақстан арқылы жаңа әуе көпірлерін жасау жөнінде де жедел жұмыс атқарылуда. Олар келешекте Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға және керісінше жолаушылар мен жүк тасмалдағанда шығынды едәуір қысқартуға, жаңа астана, еркін экономикалық аймақ болып табылатын Ақмола қаласының құрылысын жеделдетуге жәрдемдеседі.
Соңғы жылдары Қазақстанға 6 млрд. доллардан астам капитал енгізіледі. Мұнда 2000-ға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Жасалған келісім-шарттар бойынша ұзақ мерзімді инвестициялар сомасы 60 млрд. доллардан асып түседі. Бұл ТМД елдері мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бүкіл инвестициялық портфелінің 40%-не жуығын құрайды.
Халахаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекеленген түрлерін экспртқа шығарушы елдер арасындағы қызмет өте маңызды болып табылады. «Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптақан құралдарын тануға біз әзірміз».
Соңғы жылдары интеграциялық процестер Орталық Азия елдерінде де жанданып келе жатыр. 30 жыл бойына дерлік уақыт ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Ассоциациясы (АСЕАН) ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Бұл ассоциация құрамына Сингапур, Малайзия, Индонезия, Тайланд, Бруней және Филиппин елдері бар. Аталған топ шеңберіндегі өзара ынтымақтастықтың ойдағыдай дамуы АСЕАН-ға мүше елдердің қарқынды экономикалық өскелеңдігіне, даму деңгейлерінің салыстырмалылығына, қалыптақан және тарихи дәстүрлері бар сауда қатынастары мен ынтымақтастықтың реттелген нысандарына байланысты. АСЕАН елдерінің жоспарында 200-жылға дейін тауарлардың 40 мыңға жуық түрлері үшін кеден бажын орта есеппен 5%-ке төмендету ұйғарылып отыр. 2003 жылға дейін талыққанды еркін ауда аймағын құру көзделуде.
Шығыс Азиядағы экономикалық интеграцияның даму болашағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымвқтастығы ұйымын (АТЭС) құрумен тығыз байланыстырылып отыр. Бұл ұйымға Азияның, сонымен қатар Солтүстік және Оңтүстік Американың 18 мемлекеті мүше болып кірді. Халықаралық эксперттердің болжамына қарағанда шығыс Азия елдері 2000-жылы жиынтық ұлттық өнім көлемі бойынша Батыс Еуропаны, 2020 жылға қарай солтүстік Американы басып озады. АТЭС-тің жоспарларына сәйкес 2020 жылға қарай бұл ұйымның негізінде дүниежүзіндегі ең ірі кеденсіз және ішкі кедергілерсіз еркін сауда аймағы құрылмақшы.
Азия- Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық интеграция процестерін талдаушы көптеген мамандар оның стихиялылығын және даму ерекшеліктерін баса көрсетеді. Интеграциялық қатынастардың пісіп-жетілмегені де белгілі. Айталы, АСЕАН-ның сауда аймағының дамуы экономикалық интеграцияның бірінші кезеңіне, яғни тарифтер және басқа кедергілер жойылған кезеңге жатады. Ал АТЭС-ті әзірше еркін сауда аймағы емес, «ашық экномикалық ассоциация» деп атау дәлірек.
Дегенмен, ұлтық экономикаларды өзара үйлестіру нәтижесінде пайда болған ішкі аймақтық сауда мен капиталдар рыногының бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағының интеграцияның бірінші кезеңіне, яғни еркін сауда аймағына көшуіне мүмкіндік береді. Азия-Тынық мұхиты елдерінің жекелеген топтарының интеграциялану дәрежесінің өсуі интеграциялық процестер дауын жеделдететін маңызды фактор екендігі даусыз. Айталық, Оңтүсік Қытай экономикалық аймағы (ҚХР, Гонконг, Тайвань) «даму үшбұрышы», «дамудың алтын бұрышы» (Индонезия, Малайзия, Сингапур), Жапон теңізі бассейіні елдерінің экономикалық аймағы, Үнді-Қытай экономикалық аймағы сияқты қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бар екендігіне дүние жүзінің көзі жетіп отыр. Интеграцияға, өзара пайдалы ынтымақтастыққа ұмтылыс Парсы шығанағында, Араб елдерінде де күшті қарқын алуда. 1981 жылдан бастап құрамында Сауд Арабиясы, Кубет, Катар, Бахрейн, БАЭ және Оман (мұнайлы алтылық) бар ынтымақтастық кеңесі жүмыс істейді. 1992 жылы Орталық Азия Мемлекеттерінің Экономикалық Ынтымақтастығы Ұйымының (ОЭС-ЭКО) құрылғандығы жарияланды. Бұл құрылымның құрылтайшылары Иран, Пәкістан және Туркия болды. Құрылтайшылардың есептеулері бойынша ОЭС-ЭКО болашақ Орталық Азия ортақ рыногының үлгісі және бұл құрылым ТМД-ның мұсылман мемлекеттері-Орта Азиялық мемлекеттерді, Қазақстанды, Әзірбайжанды өз қатарына тартпақшы.
Дамушы елдердің ынтымақтастығы, олардың интеграцияға ұмтылысы туралы айта келе, шын мәнінде интеграциялық процестердің әзірге әлсіздігін және олардың әр-түрлі аймақтардағы сипатының, қозғаушы факторларының даму қарқындарының әркелкілігін атап өту қажет. Дамушы елдердің экономикалық ынтымақтастығы, олардың интеграциялық мақсаттарға жетуді жариялауы интеграциялық процестерге жетелейтін бастапқы, дайындық сатылары тәрізді көрінеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру