Құқық | Мемлекеттік билік

Құқық | Мемлекеттік билік

Мемлекет териясының барлық бағыттары мен мектептері мемлекетті құдіретті мемлекеттік билікте деп санайды, ол ұйымдастырудың нақты түрі және бірлігі бір немесе өзге де міндеттерді орындайды, мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі мемлекеттік билікті қолдану арқылы жүзеге асырылады дейді. Билікті ұйымдастыру, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда оны пайдалану жолдары кейінректе сөз етілетін болады. Бұл тарау мемлекеттік билік түсінігіне , билікті бөлістіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығына, содай-ақ мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қазіргі тұжырымдарына арналады.
1.Мемлекеттік билік түсінігі
«Билік» сөзі күнделікті әңгімеде және ғылыми әдебиетте жиі айтылатыны белгілі. Ұлы Абайдың өлеңдерінде де болыс болудың қиындығы, ұлы Жамбылдың шығармашылығындағы Сәт, Мәңке болыстарды іс-әрекеті, сондай-ақ басқа да ғұламалар, ақын-жазушылардың мұраларында да биліктің дәмі көп жазылуы да бұған дәлел бола алады. Бір қызығы, ата-ана, шаруашылықты басқару, аңдарды үйрету, табиғат заңдары билігі туралы айтып жатамыз. Орыс заңгері А.С. Алексеев өзіне еліктіріп әкететін сұлулық та, кемеңгерлік ой да, өркемдік дарын да бізге билігін жүргізеді дейді. Егер біз күнделікті күйбеңнен әңгіме арқауына айналып кететін «билік» терминінің мазмұна үңілер болсақ, оның неше түріне тап боламыз.
Месопотамияның қыш жазбаларында, Индияның діни-философиялық ілімдерінде, көне грек және рим жазуларының шығармашылығында билік табиғаты туралы аз айтылған жоқ.
Бірақ олардың бәріне тән бір нәрсе - ол бөліп қарастырылмады, сөйтіп «билік» ұғымына шектен тыс күшпен ержүрек адамдарды, табиғи факторларды және қоғамдық билікті біріктіріп жіберіп отырды. Көне грек ойшылы Аристотельдің өзі қоғамдағы билік ерекшеліктері түсінігіне келгенде олардың ара жігін ажыратып бере алмай, биліктің тірі жанға ғана емес, өлі табиғатқа да қатысы бар деп санаумен шектелді.
Орта ғасырлық діни авторлар бірінші кезекте «құдайдың үстемдігін» қойды, ал биліктің «адамдық нұсқасы» ойдан шығарылған нәрсе деп есептеді. Әсіресе мұсылман ойшылдарының қағидаларынан айқын көрініс тапты, тіпті Алланың берген тәуелсіздігі туралы қағидалар ислам республикасының кейбірінің конституцияларында да бар.
Олаша ұлтқа билікті Алланың өзі аманат еткен.
Қоғамдық әлеуметтік билік жазушыларының – Батыс Еуропадағы буржуазиялық ревалюця қарсаңындағы утопистер мен энцилопедистердің назарына да ілікті.Сөйтіп федалдардың билігін (шексіз монархты) құлатып, оны жаңа билікпен ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отырды.Олардың шығармашылығында халық билігі көп сөз етіліп, бұл тұжырым сол кездегі конституцияларда да орнықты. Іс жүзінде шектеулі сайлау құқығы болады да, жолдамалы еңбекті қанауға тиісті шектеулер қойылмады, әлеуметтік бағдарламалар жоқ болып шықты. Саяси билік буржуазия қолында, оның олигархиясында болды, мұны қазіргі батыстың көптеген зерттеушілері де мойындап отыр, бірақ олар мұндай жағдай жалпыға бірдей (мүліксіз шектеу) сайлау құқығы енгізілгенге дейін ғана орын тепті, содан соң шын мәніндегі халықтық билік орнықты дейді. Қазіргі кезде қоғамдық билік мәселелері жөнінде орасан зор ғылыми әдебиеттер бар, Парижде «Билік» атты арнайы журнал шығады, қоғамдық билік проблемалары көптеген саясаттану, мемлекеттану, кейде құқықтану жөнінде шығаратын журналдардың өзекті мәселелерінеи айналып отыр. Белгілі бір немесе өзге де қоғамдық-экономикалық формациядағы елдер тобындағы (Германия, Қытай, Франция және басқалар) билікті зерттеуде әртүрлі сапалық және сандық әдістер де қолданылады, мемлекеттік биліктің жекелеген институттары туралы арнайы кітаптар да шығарылады. Солай десекте, мемлекеттік биліктің жалпы түсініктері, сондай-ақ нақтылы мемлекеттегі биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселелер ішкі ағымдар секілді, әртүрлі ғылыми бағыт өкілдері арасында (ең алдымен маркстік және маркстік емес) күні бүгінге дейін дау туғызып келеді.
Кейде ықпалдар, әсер етулер мен қоғамдық билік арасындағы айырмашылықтар жете ашып көрсетілмейді. Біздің пікірімізше, оны жануарлар, кейде жәндіктер (ара, құмырсқа, т.б.) арасындағы билік ара қатынастарынан (бұл терминнің ғылыми ұғымын) көре білу дегеніміз әртүрлі құбылыстарды араластырып жіберу болып табылады, бұл жөнінде Н.М.Кейзеров те дұрыс жазған болатын. Мәселе оның ықпалы, әсер етуі, ұласуы туралы болып отыр. Мұның адамдардың кейбір қарым-қатынастарында да қатысы бар. Табиғи, құндылықты құбылысқа немесе адамдардың ерекше қасиеттеріне (мәселен, сұлулыққа, шешендік өнерге ) негізделген ықпал біз күткендегідей мінез-құлықты мәжбүрлеу жолмен белгілеп бере алмайды, тек мінез-құлыққа түрткі себептердің бірі болып табылады. Ондай себептер көбіне кездейсоқ әсер етеді, билік ретінде оларды түйсінудің сәттерін ғана білдіреді. Билік- кез-келген әлеуметтік өмірді, ұжым өмірін ұйымдастырудың мәнді белгісі.
Қоғамдық, әлеуметтік билік азды-көпті тұрақтаған адамзат ұжымының өмір сүруімен байланысты ерікті қатынастармен сипатталмайды. Онда қашанда белгілі бір немесе өзге де мәжбүрлеу түрлері болады, ол ұжымның бірлескен қызметін басқару қажеттігіне қарай тереңдей береді. Бөтеннің еркін «иеленудің» түрі, «мәжбүрлеу әдістері», әлеуметтік билікті жүзеге асырудың жолдары да әрқилы.
Осы заманғы ағылшын зерттеушісі П.Кальверт әр қаланың, фирманың, кәсіподақтық, тайпаның, және т.б. өз саяси жүйесі (тиесінше саяси билігі) болады деп санайды.
Бұдан саяси биліктің өз өзгешелігі болатыны және кез-келген адамдар бірлестігіне тән еместігі байқалады. Ұжымның, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның корпоративті (тар шеңберідегі) билігін саяси билікке теңестіруге болмайды. Аталған әлуметтік биліктің айрықша түрі болатын бір ғана сирек кездесетін ұжым болады, ол-әлеуметтік жағыннан бір-біріне (әртүрлі ұғымда-таптық) сай келмейтін азды-көпті белгілі бір нақты географиялық шекте (ел, қала, мемлекет, т. т.) кейде көшпелі қауымдастықта (мәселен, орта ғасырдағы монғолдар), сирек жағдайда – күрес нәтижесінде отаршылардан азат етілген аудандарда (Гвинея-Бисау, Ангола, Мозамбик (бәрін бірдей сыйдыра алатын адамзат қоғамы. Таптық қарама –қайшылықты мұндай қоғам өз дамуының белгілі бір кезеңінде бой көтереді. Одан соң таптық қарама-қайшылықтар жойылып, қалтарыс күйде қалады немесе ғайып болады, онда да әртүрлі әлеуметтік топтардың материалдық байлығын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-техникалық ілгерілу жағдайындағы қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде мемлекеттік дұрыс әлеуметтік реттеуші ролі нәтижесінде болатынын атап айтқан жөн. Қоғамның әлеуметтік жағынан бір-біріне сай келмуінен (жоғарыда айтылған басқа да себептерден) мемлекет, мемлекеттік билік қоғамдағы бір-біріне сай келмейтін ұрымтал түрлердің мейлінше тігісін жатқызатын факторға айналады. Бірақ қоғамдағы айырмашылықтардың, соған орой қарама-қайшылықтардың қашанда қала беретінін де ескерген жөн. Кез-келген ұжым секілді, әлеуметтік жағынан бір-біріне сай келмейтін қоғамда басқаруды, басшылық жасауды қажет етеді. Түптен келгенде, бұл басшылық нақты, шын мәнінде өндіріс құралдарына иелік ететін таптың, әлеметтік топтың қолына жинақталатын бағытты ұстайды. Қандайда бір мөлшерде болмасын саяси билік бытырайды,көптеген мемлекеттерде негізінен әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерінен тұратын «орта тапқа» тиесілі болып қалуы да содан.Саяси билік мемлекеттік билікпен етене байланысты. Қалыпты жағдайда (егер ревалюциялық қос өкімет жоқ болса немесе әңгіме көтерісшілердің отаршылардан азат еткен аудандары туралы болып отырмаса) саяси билік өзінің жалғасын мемлекеттік биліктен табады, ал соңғысы саяси билікті жүзеге асырудың басты да шешуші, әдеттегі тәсілі болып табылады. Бұл жерде біріншісін екіншісінен айыра білу керек.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру