Құқық | Құқықтың пайда болуы және ұғымы

Құқық | Құқықтың пайда болуы және ұғымы

Құқықтың пайда болуы
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау-дамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғаш¬қы қауымдық кұрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жа¬сап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтық әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностық тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық қоғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы, ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (мо-ральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардын барлығы бол¬ғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге басқаша пікір білдірілген. «Алға¬шқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормала¬ры әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылықтарға тыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды. Алғашқы қауымдық құрылыстың эволюциялық өсуі мен дамуы жүздеген мың жылдар бойы тыйым салатын әдет-ғұрып нормаларымен қатар табиғи күштерге қарсы тұра алмағандықтарына байланысты табыну нормалары да қалыптасады, салт-жоралар пайда болады. Келе-келе бұлардың барлығы бір жүйелік әдет-ғұрып нормаларына айналады және қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқарады. Зигмунд Фрейдтің пікірі бойынша құқықтың пайда болуының алғашқы формасына тотемизм және шаманизм сияқты діни сезімдермен тығыз байланыста қалыптасқан табу жатады.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларына мынандай сипаттар тән:
1. Әдет-ғұрыптың пайда болуы, қалыптасуы негізінде шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға байланысты қалыптасады. Тауда мекен еткен адамдар мен далада, шөл, шөлейт аймақтарында тұратын адамдардың әдет-ғұрыптары мүдлем басқа. Мысалы, Африка халықтары мен қазақ халқының әдет-ғұрыптарын салыстыруға болмайды.
2. Әдет-ғұрыптар аумақтың кеңістікте пайда болған алғашқы адамдардың, ру мүшелерінің еріктерін білдіреді, бәріне бірдей қолданылады. Ешкімге ерекше пұрсаттағы әлеуметтік артықшылық берілмейді. Қалыптасқан әдет-ғұрып нормалары әрқайсысын бәрінің қамқорлығына алады.
3. Әдет-ғұрып алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл нормаларды орындау, іс жүзіне асыру - алғашқы адамдардың санасына сіңірген дағды.
4. Әдет-ғұрып нормаларының мәні мен талаптары ру мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып, күн көруді қамтамасыз етті. Қабылданған нормаларды орындамау қауымның тыныс-тіршілігіне, оның өмір сүруіне орны толмас нұқсан келтіреді.
5. Әдет-ғұрып нормаларды орындау санаға сіңген және мінез-құлық арқылы көрініс беретін жүйелі дағды арқылы іс жүзіне асырылып отырады. Дағды алғашқы адамдардың әрекеттерінің өлшемі нормалардың жиынтығы, оларды орындау барлық ру мүшелерінің міндеттері және құқықтары болып табылады. Міндет пен құқық бір мағынадағы мызғымастықта.
Қоғамның даму заңдылығы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп соқтырады. Тарихи құқықтық әдебиетте құқықтың пайда болуының жолдары мемлекеттің пайда болу себептерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттің пайда болуының себептері құқықтың да шығуына әкеп соғады. Ал¬ғашқы қауымдық құрылыс қоғамдық қатынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасыларының қолдарында шоғырлануы, байлар мен кедейлер арасындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет-ғұрып нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын, байқатады. Жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге басқа әлеуметтік нормалар қажет болды. Ол құқық еді. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:
Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қаты¬настарды реттейтін әдет-ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және баска да нормативтік-құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет-ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары пайда болады.
Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылды. Мысалы, хандық дәуірдегі көшпелі қазақ өркениетінде «істі шешкен қағида, нақтылы сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, болашақта осыған ұқсас іс, дау-жанжал болғанда қолданылып отырған». Мемлекет және құқық теориясында сот пре¬цеденті дегеніміз соттың нақтығы іс бойынша шығарған шешімдеріне нормативтік сипат беріп, болашақта болатын ұқсас істерге қолданылатын үлгі. Схема жүзінде құқықтық пайда болуы былайша көрініс беред
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
1. Құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент - заң, президент — жарлықтар, үкімет — қаулылар мен өкімдер, салалы министрліктер - ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар — шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.
2. Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне карамайды, бәріне тең және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.
3. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданатын нормалардың жиынтығы. Әдет-ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.
4. Құқық формальды — айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық катынастарды реттейді.
5. Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
6. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.
7. Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырды.

2. Құқық туралы қалыптасқан теориялардың жалпы сипаттамасы
Саяси-құқықтық ілімдер тарихында құқықтың пайда болуы туралы көптеген тұжырымдамалар қалыптасқан. Олардың барлығы құқықтың пайда болуының себептерін, жолдарын әр түрлі мағынада түсіндіреді. Осы күнге дейін қалыптасқан теориялардың мәні, мазмұндық сипаттары әр түрлі, тіпті бір-біріне қарама-қайшы келеді. Оларды салыстырмалы түрде зерттеп, ақиқатын анықтау мемлекет және құқық теориясы ғылымының басты мақсаттарының бірі. Қазіргі кезеңде мынадай теориялар қалыптасқан:
1. Марксистік теория (К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин, И.В. Сталин). Бұл теория бойынша құқық үстем тап өкілдерінің заңда бекітілген еріктері болып табылады. Мемлекет пайда болғанда құқық та пайда болып, экономикалық жағынан үстемдік еткен тап өзінің мүдделерін қоғамның барлық мүшелеріне міндеттейді, құқықтың мазмұны таптық сипатқа ұласады. Мемлекетте үстемдік еткен тап құқық арқылы өзінің мүдделерін қорғау үшін билік жүргізеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс, «Коммунистік партияның манифесі» деген еңбегінде буржуазия табына үндеу тастап, құқыққа мынандай анықтама береді: «сіздердің праволарыңыз - өз таптарыңыздың заңға айналдырған еркі ғана, мазмұны өз таптарыңыздың материалдық тұрмыс жағдайларына қарай белгіленетін еркі ғана». Бұл ағымды жақтайтындардың өкілдері құл иеленушілік мемлекеттегі құқықты үстем тап өкілдері - құл иеленушілердің еркі, феодалдық мемлекеттерде феодалдардың, буржуазиялық мемлекетте буржуа¬зия табының еркі деп бағалайды. Социалистік мемлекетте құқық үстемдік ететін жұмысшы және шаруалар таптарының еркі. Оладың пікірлерінше болашақтағы даму адамзатты коммунизмге жеткізеді, ал ол қоғамда құқық мемлекетпен бірге мүлдем жойылады, коммунистік қоғамдық өзін-өзі басқару орнайды.
2. Табиғи-құқықтық теория. (Лао Цзы, Конфуций, Аристо¬тель, Г.Греции, Т.Гобсс, Ж.Ж.Руссо, Д.Локк, А.Радищев). Табиғи-құқық теориясын уағыздайтын ойшылдардың пікірлері бойынша құқық пен заң бір мағынада танылмайды. Ежелгі Рим шешені, қайраткер Цицерон мемлекет шығарған заңдардың (позитивтік құқық) табиғи құқыққа қайшы келіп, сай болмайтын болса, оларды заң деп есептемеуге шақырған. Бұл мағынада табиғи құқық туа біткен, өмір сүру, бостандық, меншікке ие болу сияқты құндылықтарды қоғамның барлық субъектілерімен (мемлекет, заңды және жеке тұлғалар) міндетті түрде мойындалатын құқықтық талаптар мен идеялар. Құқық ең жоғарғы құлықтылық құндылықтар ретінде заңнамаға қарағанда бастапқы болып саналады, адамның туа біткен көрінісі ретінде бағалануы тиіс және заң шығарушының еркіне тәуелді емес.
Табиғи құқық идеясы негізінде Еуропада 17-18 ғасырлар аралығында кең көлемде дамып, буржуазия идеологтерінің шығармаларынан өзінің шешімін тапты. Табиғи құқық адамдардың табиғаты мен саналық талаптары мемлекетте қабылданған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық кесімдерден міндетті түрде өзінің көрінісін табу керек. Табиғи құқыққа сай келмей қабылданған заңдар адам құқықтарының аяққа тапталуына жол ашады, тоталитарлық жүйені қалыптастыруы мүмкін. Бірақ, табиғи-құқықтық тұжырымдама көп жағдайда құқық пен құлықтылықты шатастырады және мемлекет шығарған заңнамаға жазылмаған идеяларды қарсы қояды.
3. Тарихи-құқықтық мектеп (Г.Гуго, Г.Ф.Савиньи, Г.Ф.Пухта). Теорияның негізгі мәні құқықтың пайда болуын әдет- ғұрып, тіл сияқты өзінен-өзі «халық рухының» дамуы арқылы болатын құбылыс. Қоғамның дамуында пайда болып, қалыптасып үлгерген әдет-ғұрыптарды заң кабылдау арқылы бекітеді және заң шығару, заң қабылдау барысында сырттан телінген заңдар мен идеялардың жетегінде кетпей, қоғамда қалыптасқан, шешуді талап ететін қоғамдық қатынастарды ескеруге міндетті. Бірақ, бұл теория құқықтың пайда болу заңдылықтарын мойындай келе, адам құқықтарының табиғи талаптарын мойындамайды, «халық рухы» деген мағынаны ашып көрсетпейді.
4. Теологиялық теория (Аристотель, Ф. Аквинский, А. Ав¬густин). Бұл теорияны ұсынушы ойшылдар құқықтың жалпы негізі ретінде құдайдың еркін және Інжілді алады. Мемлекетте қабылданған барлық заңдар құдай еркін және діни кітаптарға сәйкес болулары тиіс. Ф.Аквинский «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы ұсынып, құқықты танытатын заңдарды төрт түрге бөліп қарады:
1. Мәңгілік заң - құдайдың саналық қабілеті арқылы бүкіл әлемге басқару жүргізетін заң. Бұл заң негізінде табиғат пен қоғамның барлық дамуының негізін қалайды.
2. Табиғи заң - мәңгілік заңның адамның санасында орын теуіп, тұқым жалғастыру, өзін-өзі сақтау сияқты қатынастарды дамыту.
3. Адамдардың заңдары — қағаз бетіне түскен, жазылған заңнама (позитивтік құқық), ол мәңгілік заң мен табиғи заңдарды қамтуы тиіс. Құқық табиғи заңның талабы ретінде бағаланады.
4. Құдай заңы - Інжіл болып саналады. Оның мазмұны құдай сөзі болғандықтан мәңгілік ақиқатты түсінуге тікелей жол ашады. Адамдар құдай заңын сақтау, орындау арқылы барлық гармонияға жетеді, қоғамдық қатынастар тиімді ретеледі.
5. Нормативистік теория. (Г.Кельзен) Аталмыш теория бойынша құқық, жалпы юриспруденция идеологиядан мүлдем ажыратылған және оның негізгі міндеті тек қана құқық нормаларының мәтіндерімен айналысуы керек. Құқық теориясы идея бойынша қалыптасқан немесе әлеуметтік тұрғыдан өмірлік тәжірибеде болып жатқан жағдайларға назар аудармауы тиіс. Құқық нормасы — ең негізгі құндылық, бірінші клетка. Сондықтан құқық теориясы тек қана құқықтық мазмұнымен емес, керісінше тек қана құқық нормасымен айналысуы қажет. Фор¬ма — құқық нормалары. Ол құқық нормасын саясаттан, әлеу¬меттік жағдайлардан, психологиядан мүлдем бөліп қарайды. Г.Кельзен мемлекеті құқықтық нормалар жүйесі деп танып, оның барлық мазмұнын құқықтық тәртіпке әкеліп тіркейді. Құқық оның ойынша өмірде әлеуметтік техника, құрал ретінде пайдаланылады. Г.Кельзеннің «таза құқық теориясы» негізінде құқықты эқономикалық, әлеуметтік қатынастардан мүлдем бөліп қарайды. Кеңес мемлекетінің құқық теориясының негізін қалыптастырған заңгерлердің бірі Е.Б.Пашу какие нормативизм туралы мынандай пікір білдірді: «Құқықтың мұндай жалпы те¬ориясы ешнәрсеге түсінік беруге ынта білдірмейді, нақтылы фактілерге, былайша айтқанда әлеуметтік өмірге күні бұрын теріс айналады және нормалармен ісі болып, олардың пайда болуымен, қандай да болмасын материалдық мүдделермен байланыссыз шахмат ойнындағы теория есебінде айтылғандай болады. Мұндай теория ғылыммен ешқандай байланыста емес».
Нормативистік теория, былайша айтқанда «таза құқық тео¬риясы» әлеуметтік тәжірибе мен саясаттың құқыққа үлкен әсері бар екенін жоққа шығарады.
6. Құқықтың «психологиялық» теориясы. (Л.И.Пертражицкий, Г.Тард, Д.Фрэнк, М.Рейснер). Бұл теория негізінде XIX ғасырдьщ соңы, XX ғасырдың басында Ресейде және Батые Европада кеңінен насихатталды. Ресейде оның негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург университетінің профессоры Л.И. Петражицкий болды. Оның тұжырымдамасы бойынша құқықтың объективтік шындық екені жокка шығарылады. Оның ойынша құқық деген «психиологиялық әсерленушілік, сезімнің билеушілігі — эмоция». Бұл мектептің өкілдерінің ойларынша кодекстерді жойғанның өзінде құқық адамдардың саналарында құқықтық сезім ретінде мәңгі орын тебеді. Құқық бұл тұжырым бойынша қоғамның дамуының нәтижесі емес, ол жеке адамның психикасының жемісі. Құқықтық норма психикалық әсерленушілік, сезімнің бшіеушіліг іретінде бағаланады және қабылданады.
Л.И.Петражицкий былай деп жазды: «Бүгінде құқықтың ұғымы заңгерлердің пікірлері бойынша шындықта, құқық аймағында тіршілік ететін (құқық нормаларының жиынтығын немесе объективтік құқықты) жоққа шығарудан басталады. Құқықтық құбылыстар — бұл индивидтің психика өрісінде болатын ерекше түрдегі күрделі эмоционалдық интеллектуалдық психикалық процестер». ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру