Әдебиет | Қасым Аманжолов
Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелеп суреттеуге әуестік байқалатын.
Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш жылда-ақ:
Ішім пысты, жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап.
Кенде қаппын, жаңа ұқтым,
Не болса соған аяңдап –
немесе:
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,
Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!..
Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,
Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,
Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басып
Жығылсам да, жүгірумен өтемін,
Аяңшылдың ақылын мен не етемін.
Жығылармын, алқынармын, шаршармын,
Барар жерге бұрынырақ жетермін, –
дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күшті талантын тез қанаттаңдырды. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті.
1939-1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. "Нар тәуекел", "Бурабай толқындары", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Сұлтанмахмұт туралы баллада", "Өз елім", "Ғашық едім қайтейін" сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Бұл кезеңдегі ақын өлеңдерінде түр, дыбыстық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, "Құпия қыз", "Бикеш" (алғашында "Азғынбаев" деп аталған) секілді алғашқы поэмаларын жазады.
Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы – соның айғағы.
Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. Мысалы: 1946 жылы 26 өлең жазыпты, солардың ішінен, әсіресе "Достар", "Туған жер", "Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра", "Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділда Тәжібаев "Социалистік Қазақстан" газетінде "Дауылды жырлар" деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.
Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен 1946 жылы, "Стихи" деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады.
Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды.
Өлеңдері. Соғыстың алдында Қасым "Өз елім", "Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің кейіпкері – өз елін, туған даласының табиғатын шексіз сүйген, "көк дауылдай кеуделі жігіт" болып өскен қайратты замандасы. Өмірге көзін ашпай жатып, "жетімдік тағдыр" желкелеген балдырғанды өз тәрбиесіне алған Отанын ақын ерекше сезіммен жырлайды:
Өмірге ендім еңбектеп,
Шалқалап әкем шықты үйден.
Жетімдік тағдыр жетті ептеп,
Қабағын жаба түксиген.
Өмірден үміт жоқ өзге,
Даланың тердім тезегін.
Әкем боп таптың сол кезде,
Қайран да менің өз елім.
Қасымның ауыр толғақ, жан күйзелістері үстінде 1938 жылдың өзінде-ақ, жазған белгілі өлеңі – "Сұлтанмахмұт туралы балладасы". Ақын онда сол кезде екінің бірі батылдық жасай алмайтын шындықты айта алды. Сұлтанмахмұтты жақтайтын жас ақын мен оны жау санайтын әдебиетші ақын қабірінің басында пікір таластырады.
Бірі айтты: – Сұлтанмахмұт тірі, – деді,
Мәңгіге өлмес жанның бірі, – деді.
Қазақтың кең даласын аралап жүр,
Өзіндей өжет оның жыры, – деді.
Бірі айтты: – Қателеспе, өлген, – деді,
Жырын да, өзін де оның көмген, – деді.
Болған соң өзі дұшпан, өзі арам,
Тарихқа жазып солай бергем, – деді.
Сол арада Сұлтанмахмұт қабірінен шыға келіп: "Өлгем жоқ!" – деп дауыстайды. Жас ақынды қолтықтап алып, Жазушылар одағынан мүшелік билетін алуға кетіп бара жатып:
Сен, жігіт, өсек айтып жүргенше құр,
Моламды мен қайтқанша күзете тұр, –
деп, масқаралап кетеді. Ол жылдарда мұндай өлең жазу нағыз жүрек жұтқан ерлік болатын. Ал Қасым бір бұл емес, мұндай бірнеше өлең жазған. Оның "Біз кім?", "Ақынның мінезі", "Күлемін де жылаймын" секілді өлеңдері сондай дүниелер.
Жылама сен, күл, – дейді,
Күлсем және сенбейді.
Қара тер боп тергейді:
Неге күлдің сен? – дейді.
Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу, пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы қайнай айыптау да Қасым сияқты ілуде біреудің ғана қолынан келгені шындық.
Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлы лебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан да көруге болады.
Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оның жырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты.
40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды.
Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған "Байкал", "Сарыарқа", "Ертіс", "Орал" атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді. "Оралға" өлеңін:
Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым, менің Оралым.
Қол созып қызыл вагоннан
Үстіңнен өтіп барамын, –
деп бастап, онда өткізген жастық дәурен қызықты шағын ризалықпен еске түсіреді.
Оралым, сенің қойныңда,
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.
Сонау бір шетте, сонау үй,
Кетер ме, сірә, көңілден.
Алушы ед тартып мені ылғи,
Махаббат, жастық лебімен.
Терезе алды – жас терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп?
Жүр екен кімдер еркіндеп,
Жүрегін ұстап, үйге еніп?..
Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға, тіпті күрсіне қарағандаймыз...
Қош болшы енді, Оралым,
Күле бер шалқып, сайранда
Айтпақшы, қайда бораның
Кетейін алып майданға, –
деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп ала кеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді. Ғажап емес пе?!
"Байкал" өлеңінде Байкалдың торғын тұман жамылған көлі, таң сәріден кернейлете құйған өзендері, көлге ғашық боп ерте оянған таң – бәрі де ақын қиялын тербетіп, сұлу суретке айналады. Жастық шағын өткізген ыстық қала – Оралға тоқтап, Ертіс, Сарыарқа тұсынан өтіп бара жатқан ақын туған жерге деген мол махаббатын, ел сағынышын төгілте жырлайды.
Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жаумен бетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері – кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның "ажалдың дегеніне көнбей", "сескену, қорқу дегенді" білмей, соғыстың ауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнын құрайды.
Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі,
Жоқсың деп жала жабар қудың бірі.
Түссем де отқа, суға тозар емен,
Солдаттың етігіндей жаньм сірі.
Соңғы бір жолда қаншама тарих, терең мағына бар. Бұл – поэзиядағы бұрын айтылмаған жаңа сөз, тың образ. Онда кайғы да, қайсарлық та, сабыр мен даналық та бар. Бүкпесіз, шыншыл, сыршыл, кемеңгер ақынның:
Мен емес сыртын сылар, іштен іріп,
Кимеймін тұмылдырық, көзілдірік.
Өткізіп өз көзімнен бар өмірді,
Аралап жерде жаяу келем жүріп, –
деген сөздерін тебірене оқып, тереңіне ойлана үңілеміз. Ақтарыла сыр ашқан атақты "Ғалиға жауаптан" алынған бұл шумақтан әлдекімнің жат, суық, сұрқай сұлбасы да елес береді.
Ол өз аяғынан жүруді, өз көзімен көруді, өз қолымен істеуді ұнатады. Ол жалтармақ емес, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмек емес. Ол өмірдің қайнаған ортасында жүріп, көптің жүгіне өз иығын тосады, бой тасалауды ар көреді, ауыр жүкті арқалаушылардың сапында болу – ол үшін адамгершілік борыш, мерей, мақтанып. Қасымның ақындық көзқарасының, философиясының, эстетикалық принциптерінің түп қазығы – осы. Бұл – алып кайратты, сарқылмас жігерлі, туған еліне қызметші болуды абыройлы үлесім деп білген үлкен дарынның, үлкен қайраткердің өмір мұраты.
Қасымның майданда жазылған, оның ішінде елдегі ақын аға, қаламдас құрбыларына жазған шыншыл, сыршыл өлеңдерінен, хаттарынан ақынның өз бейнесін, Отан үшін жанын отқа салып жүрген солдаттың образын көреміз.
Елдегі ақын досы Ғабдолға:
Білмеймін, қайда жоғалттым
Сескену, қорқу дегенді?
Есігін қақтым тозақтың
Өлеңмен келіп мен енді, –
деп сыр ағытса, Ғали ақынға жазған ұзақ жауап хатында:
Ажалдың мен бе көнер дегеніне,
Келермін, күтші, достар, мен еліме, –
деп болашағына нық сенім артады.
Майдан жауынгерінің ер жүрек бейнесін танытар осы тәріздес жолдар Қасымның әскери лирикасында тіптен мол. Ақын өліммен бетпе-бет кездескен шақта пайда болған солдат мінезіндегі мұндай сипаттарды туған елінің тәуелсіздігін қорғау кезінде туған жаңа сапа, ерліктің үлгісі ретінде көрсетеді. Осымен қатар, Қасымда соғыстың ауыр шындығы жағдайындағы солдаттың адамдық сырлары, мұңы, шаттығы, бойын ел, жар сағынышы билеген кезі, сонымен бірге жауға деген кекке толы сезім күйі мол, әсерлі суреттеледі. Ақын соғыстың қиындығын да, үрейлілігін де жасырмайды.
Жылдап бір жүріп, қан жұтқан,
Адамды қылғып тірідей.
Түскендей жерге "тамұқтан"
Қап-қара алып бір дүлей.
Ырсиып темір тістерін,
Жалақтап, жалмап, жұтынып,
Істеп бір алып істерін,
Тұр әлі тоймай құтырып.
Соғыстың үрейлі кейпін ақын осылай бейнелейді. Ол мұндай жағдайда өлімнің де бір-ақ оқ екенін түсінеді. Сонымен бірге мәселе өлуде емес, өмір сүруде, өмір сүрудің тетігі – ерлікте деп біледі. Ақынның:
Өлім – жауым, өмір – дос,
Неге өлейін бостан бос, –
немесе:
Қорықпаймын жұтар деп оқ,
Қаршыға жаз жүрегім.
Қорықпаймын бір есерсоқ,
Салар деп қан шеңгелін.
Қорықпаймын жұрт сөзінен
"Тым арзан өлді" деген,
деуі де сондықтан ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қасым Аманжолов туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қасым Аманжолов на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қасым Аманжолов