География | Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы
Арал теңізі жайлы алғашқы деректер
Ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерде мәлім болған. Ежелгі гректер мен римдіктер Арал теңізі жайлы білген, оны Каспийдің «Скифтік шығанағы» деп атаған /2/.
Ерте дүниенің үлкен ғалымы Клавдий Птоломей де, Арал теңізі жайлы деректер қалдырған. Ол Сагди тауларынан ағып, Каспий теңізіне құятын Окс пен Яксарт өзендерінің аралығында жатқан Оксиан көлін атайды /3 /.
Арал теңізі туралы IX және X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбек, Ибн – Рустен, Масуди, Ибн – Хаукальдің келтірген мәліметтері аса құнды. Бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн – Хордадбек «Китаби – ал- масалик вал- мамлик» («Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы») атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Курдер көлі деп атайды. Ибн- Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (фарсах – 6км), теңіздің батыс жағалауында жоталары Сиякух деп аталады. Оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен /4 /.
Тарихи деректерге сүйенсек, Арал теңізінің деңгейі өткен мыңжылдықта әлдеқайда жоғары болатын. Бұл жөнінде мәліметтер В.В. Бартольд пен Л.С. Берг еңбектерінде көп келтірілген.
XVIII ғасырдан бастап, Қазақстан жеріне арнаулы орыс экспедициялары келе бастайды. Осы кезден бастап Арал жайлы деректерде нақтылық пайда болды. Солардың бірі – 1740-1741 жылдар Сырдария мен Арал маңын зерттеуге жіберілген арнаулы экспедиция. Экспедицияға қатысқандардың бірі – Иван Муравин. Арал маңындағы рельеф формаларына сипаттама берген. Ол тұңғыш рет Арал теңізінің Шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы съемка жасау нәтижесінде картаға түсірген /5 /.
XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Арал маңына келген орыс зерттеуші-лерінің бірі - Мендияр Бекчурин (1740 - 1821). Ғылымға Арал маңындағы құмдарды зерттей отырып, «құмды жалдар», «құмды төбелер» атты ұғымдарды енгізді. Бекчуриннің саяхат кезінде жазған еңбегі «Журнал» деп аталады. Мұнда Аралға құятын Сырдария, Амудария, Жаңадария жайлы, олардың жағалауындағы өсімдіктер, жануарлар жөнінде құнды мәліметтер бар. Бекчурин осы маңнан жабайы жылқы - тарпандарды, киіктерді көргенін айтады. Қазір тарпандар жойылып кеткен.
Аралға 1848 – 1849 жылдары А.И.Бутаков экспедициясы келді. Бутаковты кейіннен «Арал теңізінің Магелланы» деп атап кетті. Экспедиция құрамында Поспелов, Макшеев, айдауда жүрген атақта ақын Т.Г.Шевченко болды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, Аралдың гидрогеографиялық сипаттамасы жасалды, картографиялық материалдар, физикалық география, геология, геоботаника мәліметтері жинақталды. Құмсуат мүйісіндегі морфологиялық бақылаулар негізінде, А.И.Бутаков теңіз деңгейінің ауытқуларының жағалық террасалардың қалыптасуына әсерін дәлелдеді. Арал экспедициясы аяқталғаннан соң, А.И.Бутаков пен К.Е.Поспелов гидрогеографиялық карта құрастырды, ол 1850 жылы басылып шықты.
А.И.Бутаков 1855 жылы Сырдарияның төменгі ағасын, 1858-1859 жылдары Амударияның сағасын зерттеді. Өзінің соңғы жұмысында А.И.Бутаков Арал теңізі жағалауларының геологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін сипаттады. А.И.Бутаковтың мәліметтері кейіннен Л.С.Берг және басқа ғалымдардың зерттеулері арқылы дәлелденді. Осыған сәйкес Аралдың деңгейі XVIII ғасырда ең жоғары болды, кейіннен төмендей келе, 1825 жылы ең төменгі деңгейге жетті, сонан соң қайта жоғарылай бастады, деген пікірлер қалыптаса бастады. А.И.Бутаков Арал теңізі түбінің сипатын, тұрақты ағыстардың бағыттары мен жылдамдықтарын зерттеді. Ғалым Сырдарияның төменгі ағысына жақын жолбарыс бар екенін, сексеуілдің қалың болып өсетінін айтады. Аралды зерттегені және оның картасын құрастырғаны үшін А.Бутаков Орыс географиялық қоғамының «Демидов» сыйлығына ие болды /6 /.
XX ғасырдың басында Ресейде капитализмнің күшті дамуына байланысты шикізат қорының аудандары қажет болды. Осыған байланысты Арал теңізін зерттеу қайта жандандырылды. Бұл кезеңдегі зерттеулер 1897 жылы басталды.
Л.С.Бергтің Арал экспедициясы (1900 – 1903) географиялық- гидрологиялық жағдайын зерттеді. Аралдың жағаларында геологиялық және геоморфологиялық бақылаулар, ихтиологиялық зерттеулер жүргізілді. Осы жинаған мәліметтерінің негізінде ғалымның «Арал теңізі» атты аса құнды монографиясы жарық көрді. Бұл монография шын мәнісінде тек географиялық монография ғана емес, сонымен қатар, ол теңіздің өзін, әрі бүкіл Орта Азияны барлық жағынан түгел қамтитын сан – салалы монографиялардың тоғысқан жинағы болып табылады. Л.С.Бергке дейін теңіздің гидрологиялық ерекшеліктері зерттелмеген-ді, тереңдігінің картасы жасалмаған ды, теңіз жағаларының пішіні мен геологиясы, оның өсімдіктері мен жануарлары жөніндегі мағлұматтар да мардымсыз еді. Міне, осылардың бәрін Л.С.Берг анықтады /7 /.
Сонымен қатар, ғалым ғылымда тұңғыш рет Арал теңізінде «сейш» құбылысы болатынын анықтады. Ол «сейш» атмосфералық қысым мен жел күшінің жедел өзгеруінен пайда болатын құбылыс деп есептеді. Зерттеуші Аралда Сейштің тым ұзақ уақыт бойы сақталып тұратынын атап көрсетті.
Қорыта келсек, соңғы жылдары Арал теңізінің проблемаларына байланысты туып отырған міндеттерді шешуге 30 –дан астам ғылыми және жобалау мекемелері мен ұйымдары қатынасты. Дегенмен, көптеген ғылыми мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр.
1. Жоғарыда келтірілген ұзақ уақытты қамтитын тарихи – географиялық зерттеулерде Арал теңізінің қалыптасуы жайлы нақтылы материалдар келтірілген. Осы материалдар Орта Азия табиғатының тұтастығын дәлелдейді. Сондықтан шөл зонасында орналасқан, сол территорияның ерекшеліктерін анықтайтын Арал теңізінің бүкіл Орта Азия табиғатын қалыптастырудағы маңызы ерекше.
2. Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы 6 млн.га созылған, тереңдігі 69 метр теңіздің жоғалып кетуі адам сенбестей жағдай. Суды пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе, бірнеше жылда теңіз толық құриды деген болжамдар бар.
1962 жылы Аралдың көлемі 66 мың км болса, қазіргі кезде 40 мың км ғана. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай жағалаудың 2 млн.га жері бұл күнде тіршіліксіз құмды сортаңды шөлге айналды. Сөйтіп адамзат өз қолынан сулы өңірді, құмды өңірге айналдырды.
3. Арал апатына не себеп болды деген заңды сұрақтар туады. Бұл біріншіден, Аралға құятын Сырдария мен Амудария суларының теңізге жетпей ысырап болуынан. Екіншіден, теңіздің тарихи дамуы барысында судың деңгейі біресе төмендеп, біресе жоғарылап отырған. Соңғы жиырма жыл – осы циклға сәйкес теңіз деңгейінің төмендеген мезгілі. Бірақ бұл анықтаушы фактор емес. Бұл жерде басты рольді адамның шаруашылық әрекетінің зиянды жақтары атқарып отыр.
4. Арал тағдыры теңізде орналасқан Барсакелмес қорығымен тығыз байланысты. Бұл қорық 1939 жылы құрылған. Аралдың флорасында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 160 түрі бар. Жануарлар дүниесіне келетін болсақ, сүтқоректілердің – 12 түрі, құстардың – 211 түрі мекендейді. 1953 жылы Аралға Балхыздан, яғни Түркмен жерінен әкелінген құландар жерсіндірілді. Егер осы мәліметтерді Аралдың экологиялық дағдарысымен ұштастырсақ, қорықтың ертеңіне не болады деген заңды мәселе туады...
5. Арал теңізінің деңгейі Сырдария мен Амудария гидротехникалық құрылыстарының салынуына байланысты төмендеуі мүмкін екенін зерттеуші В.И Лымарев болжаған болатын. Қазіргі кезде Арал тағдыры адам тағдыры деген қанатты сөз кең тарауда. Бұл сөзде үлкен экономикалық, әлеуметтік мән жатыр. Мұның өзі Аралды құтқару үшін зерттеу жұмыстарын өрістету нәтижесінде тығырықтан шығар жолдар іздеу мәселесін алға қойып отыр.
1.2. Сырдария мен Амудария өзендерінің су қорын пайдалану
Орта Азияда басқада құрғақшылық аймақтарға тән – су шаруашылығы оның ішінде суармалы егіншілік жүйесі, аймақтың табиғи су қорының өзгеруіне және өте күрделі Әсерін тигізуші негізгі дәлелдеме болып табылады. Қазіргі кезде Сырдария мен Амудария өзендерінің басына соғылған су қоймалары (1 кесте) және қолдан соғылған үлкен суару жүйелері арқылы олардың су қорын Орта Азияның аймақтарына тарату, табиғат жағдайын қалыптастыру, жер асты және жер бетіндегі су ағындарына күрделі өзгерістер енгізіп отыр. Бұл аймақтардағы су шаруашылығындағы қолданып жүрген шаралар, су қорына күрделі өзгерістер енгізіп, табиғи құбылыстардың эволюциялық заңдылықтарға қарама – қайшы дамуына және оның аймақтық тепе – теңдігінің сақталуына әсерін тигізді.
Арал теңізі аймағындағы суды пайдалану
көрсеткішінің өзгеруі
1 кесте
№
Көрсеткіштер
Жылдар
1965 1970 1975 1980 1985 1990
1 Судың пайдалану көлемі км3, оның ішінде: 72.7 87.9 103.5 111.7 106.0 -
Сырдария аймағында 36.4 40.2 45.8 51.7 46.4 -
Амудария аймағында 36.3 47.7 57.7 60.0 59.6 -
Суармалы егістікке пайдаланылатын су көлемі км3, оның ішінде:
63.2
79.6 91.1 102.9 - -
Сырдария аймағында 33.82 44.2 52.6 57 - -
Амудария аймағында 9.4 35.4 38.5 45.9 - -
2 Қайтарылмай пайдаланылған су көлемі км3, оның ішінде: 63.2 63.9 76.7 81.1 84.9 12.4
Сырдария аймағында 33.1 24.0 47.9 31.7 31.8 51.4
Амудария аймағында 30.1 39.9 28.8 49.4 53.1 74.0
Суармалы егістікке пайдаланылатын су көлемі км3, оның ішінде: 46.3 59.9 69.7 77.4 - 114.0
Сырдария аймағында 17.6 22.3 25.0 3.00 - 45.4
Амудария аймағында 28.7 37.6 44.7 47.7 69.0 68.6
3 Суармалы егістік жердің ауданы млн га, оның ішінде: 3.82 4.41 5.13 6.15 6.48 7.58
Сырдария аймағында 1.90 2.10 2.40 2.95 3.14 3.26
Амудария аймағында 1.92 2.31 2.73 3.20 3.34 4.32
4 Меншікті алған судың көлемі мың м3/ га , оның ішінде: 16,54 14,49 15,54 13,54 - -
Сырдария аймағында 14,79 10,42 10,42 10,44 - 13,9
Амудария аймағында 14,54 16,98 16,37 14,81 - 16,0
5 Суару жүйесінің суды тиімді пайдалану коэффициенті, оның ішінде: 0,52 0,55 0,58 0,60 - -
Сырдария аймағында 0,53 0,56 0,60 0,63 - -
Амудария аймағында 0,50 0,53 0,55 0,56 - -
6 Қайтарма судың көлемі км3, оның ішінде: 18,2 25,9 24,7 29,9 30,9 20,6
Сырдария аймағында 11,3 15,0 14,55 16,0 16,7 10,1
Амудария аймағында 6,9 10,9 10,2 13,9 14,2 10,5
7 Арал теңізінің деңгейі, м.абс 52,8 51,4 50,4 47,2 43,6 38,0
Қазіргі кезде Сырдария мен Амудария өзендерінің суару мүмкіншілігін толық артығымен пайдаланды деуге де болады. Себебі, жалпы суармалы егістік жерге пайдаланылатын су қорының жылдық сомасы 90 км3, оның ішінде Сырдария өзені бойынша - 40-45 км3 , ал Амудария өзені бойынша - 39-40 км3. Бұған Сырдария өзені бойында орналасқан су шаруашылық аудандарының 1965 – 1995 жыл аралығындағы су қорын пайдаланудың өндірістік мәліметтері дәлел бола алады. (кесте 2)
Сырдария өзенінің аймағындағы
суды пайдалану жағдайы.
2 кесте
Көрсеткіштер 1965 1970 1975 1980 1985 1990 1995
Шардара су қоймасының жоғарғы аймағы
Жалпы су пайдалану көлемі, км3, оның ішінде: 30.10 35.3 32.18 - - - -
суармалы егістікке 29,4 34,6 31,5 - - - -
өндіріс қажетіне 0,70 0,70 0,68 0,68 - 0,68 -
Суармалы егістік ауданы, мың га 1825 1919 2073 2736 - 2696 -
Жалпы меншікті суды пайдалану көлемі, мың м3/ га 16,1 18,0 15,2 16,4 - 16,6 -
Шардара су қоймасының төменгі аймағы
Жалпы су пайдалану көлемі, км3, оның ішінде: 3,62 6,87 3,83 4,20 4,32 5,51 4,01
суармалы егістікке 3,51 6,76 3,72 4,09 4,21 5,4 3,9
өндіріс қажетіне 0,11 0,11 0,11 0,11 0,11 0,11 0,11
Суармалы егістік ауданы, мың га 103 157 227 304 317 563 517
Жалпы меншікті суды пайдалану көлемі, мың м3/ га 34,1 43,0 36,4 35,1 - 20,0 17,0
Осы кестеде көрсетілген мәліметтерге талдау жасасақ, 1973 жылы Сырдария өзенінің суын егіншілікке пайдалану дәрежесі кей кездерде 47,5 км3 жеткен. Ал, жалпы тарихқа көз жүгіртсек, Сырдария өзенінің су қоры, ең көп болды дегеннің өзінде 45,4 км3 – тан аспаған. Бұның өзі қазіргі кездегі Сырдария өзені бойындағы судың жетіспеушілігін және су қорының өндіріске қажетті шамасын қайтарма сулармен толықтыруға мәжбүр болатындығын атап айтуға болады.
Қазіргі кезде Сырдария өзенінің су қорын өндірістің әр түрлі салаларына пайдалану дәрежесіне талдау жасайтын болсақ, оның 96 – 98% суармалы егістік жүйесіне пайдаланылады. Осы уақыттарда Сырдария өзенінің бойындағы суармалы егістіктің ауданы, 1965 жылдарға қарағанда 2 өсіп, жалпы су қорын пайдалану дәрежесі 45 км3 өсті.
Суармалы егістік жерінің ауданының және оған пайдаланылатын су қорының өсуі, Сырдария өзені аймағында су қорының жалпы шығыны және қайтарма сулардың көлемі, оны өндіріске пайдалану секілді күрделі мәселелерді шешуге мәжбүр етеді. Осы сұрақтардың толық шешілуі, су шаруашылығының Сырдария өзені аймағында өзінің меншікті су қорының толық пайдалану және оның негізінде өндірістің барлық саласының дамуын қамтамасыз ету мәселесін шешу керек болады.
Егер де жалпы Сырдария және Амудария өзендерінің көп жылдық су қорының пайда болу дәрежесіне талдау жасасақ, оның күрделі өзгеріске түспейтінін көруге болады. Сондықтан осы 2 өзеннің арнасынан Арал теңізіне құйылатын су қорының шамасы (3 кесте ) негізінен олардың суын өндірістің әр түрлі саласына шексіз және негізсіз пайдалануының салдарынан болып отыр. Кейбір жылдары Сырдария өз арнасынан Арал теңізіне түсетін судың тіпті болмауы, осы кездегі мемлекеттік саяси - әлеуметтік қағидалардың, аймақтық жалпы экологиялық жағдайларға мән бермеуінен деп қарастыруға болады.
Сырдария және Амудария өзендерінің
Арал теңізіне құйылатын судың көлемі, км3
3 кесте
Сырдария өзені Амудария өзені
Жылдар Өзеннің су ағыны Су шығыны Теңізге құйылатын су Өзеннің су ағыны Су шығыны Теңізге құйылатын су
1960
43,4 8,9 15,6 42,1 4,2 37,9
1965
38,0 6,3 10,3 25,4 0,2 25,2
1970
57,5 6,2 30,6 32,5 3,8 28,7
1975
21,7 1,9 0,9 11,4 1,4 10,0
1980
38,5 2,5 0,6 11,0 0,1 10,9
1985
- 0,5 0,0 2,2 2,4 0,0
1990
- - 2,49 - - -
1995
- - 3,70 - - -
1.3 Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері.
Арал теңізі маңындағы экологиялық жағдай одан әрі нашарлай түсуде. 1997 жылдың тамыз айында жасалынып алған ғарыштық суреттерден алынған мәліметтер бойынша Үлкен Аралдағы су деңгейі шамамен алғанда 35,0 абс шамасында болды, ал ол болса 1988 жылы жасалған болжамдағы су деңгейінен бірқатар төмен болып отыр(1 сурет). Лазарев және Возрождения атты бұрынға аралдар маңдарында қосымша таяз сулы ауданның көп бөлігі жалаңаштанып қалды. Енді бүгінгі күні Үлкен Аралдың терең сулы батыс бөлігі таяз сулы шығыс бөлігімен тек қана оңтүстік бөлігінде орналасқан Жолбарыс Құйрығы мүйісі мен солтүстігіндегі Ұзынқайыр мүйісі маңдарындағы екі тар бұғаздар арқылы ғана байланысады. Барсакелмес аралы түбекке айналған қазіргі кезде бұрынғы Арал теңізі түбінің жалаңаштанған көп бөлігін ала отырып, Қасқа құлан мүйісімен жалғасып кетті. 1997 жылдың қыркүйек айының соңында Үлкен Аралдан жергілікті тұрғындардың күшімен салынған Көкарал бөгетімен бөлінген Кіші Аралдың деңгейі аспаппен өлшегенде су деңгейінің 40,32 м абс белгіде байқалды.
2 сурет
1988 жыл, тамыз 1998 жыл, шілде
Енді осы сәттен бастап Кіші Аралдың су деңгейі бірте – бірте көтеріле бастайды да, ал оның есесіне Үлкен Аралдың деңгейі бұрынғыдан да жоғары қарқындылықпен төмендей бастауы мүмкін. Жоғарыда айтылған жайлар, Үлкен Аралдың құрғау процесінің одан әрі жүретінін, атмосфераға тұзды шаң – тозаңның шығарылу процесінің үдей түсетінін, оның ең алдымен Арал теңізі маңайындағы атмосфера қабатын ластайтынын және де аумағына шаң – тозаңды қысым, яғни прессинг келтіретінін көрсетіп отыр. Енді осы прессинг одан да күшті болмақ, себебі, оны ластаушы заттардың құрамында өте ұсақ түйіршікті зат үлесі артады, ал тұздардың құрамында топырақ топырақ құрамын зерттеушілердің мәліметтер бойынша 60 – 80% құрайтын сульфаттармен қатар (М.А.Орлова), улы хлоридтердің мөлшері де күрт өседі. Тұзды шаң – тозаңды прессингтің адамның есту мен дем алу және көру органдарына (ЛОР органдары) әсерінің сульфатты тұздарының көбі, мысалы, тенардит минералы, құрғақ жағдайдағы тығыздығы 0,05 – 0,06 г/ см 3 үлпекке алып кетеді, ал ол шамамен алғанда судан 20 есе жеңіл болатын, әлсіз ауаның өзі оны тез арада атмосфераға көтеріп кетеді. Тенадрит кристалдары өте мөлдір, іс жүзінде жай көзге көрінбейді. Ылғалды ортаға түсе салысымен тенадрит кристалдары тез арада су молекулаларын тартып алады жабысқақ болып, танкіге қарсы қолданылатын кірпілер тәрізді тікенектер бөледі. Мирабалит, астраханид және басқа да сульфаттік және оксидтік тұздар да жоғарыдағыдай әсер ететін болды. Ұсақ түйіршікті шаң – тозаңдар да денсаулыққа жаман әсер етеді, олар алдымен ауамен дем алу және көру ағзаларына механикалық әсер етеді. Сонымен қатар, Арал теңізінің түбінде көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан коллекторлы – дренажды сулар арқылы және егін сулы ағыстармен келген тыңайтқыштардың, пестицидтердің және басқа да улардың қалдықтары жиналған. Енді барлық ластанған қалдықтар атмосфераға шығарылып адамдардың ауамен дем алу және көру органдарына қатты әсер етіп, көптеген аурулардың туындауына себепші болып отыр., ол туралы С. Құлымбетов және Ж. С Исабаева Қазалы ауданы, «Энгельс» кеңшарының балалары арасында жүргізген зерттеулерінің нәтижелері келтірілген кестеден көруге болады. Барлығы жас шамалары бойынша үш топқа бөлінген 487 мектеп оқушысы зерттелді. (4 кестені қара).
Қазалы ауданы «Энгельс» кеңшары мектеп оқушыларының
арасында ЛОР ауруларының анықталу жиілігі
4 кесте
Топтар І ІІ ІІІ Барлығы
Балалардың жасы 6…10 11…15 16…18
Топтағы адам саны 167 168 152 487
Жас шамасы бойынша, % 34,3% 34,5% 31,2% 100%
ЛОР құрылымы адам % адам % адам % адам %
Созылмалы ринофаренгит 57 34,1 34 20,2 32 21,0 123 25,2
Созылмалы отит 26 15,5 30 17,9 22 14,5 78 16,0
Созылмалы танзелит 31 18,6 11 6,60 20 13,2 62 12,69
Басқа да ЛОР аурулары 11 6,60 32 19,0 17 11,7 60 12,5
Барлық ауру 125 74,5 107 63,7 91 59,9 323 66,3
Дені саулар 42 25,2 61 36,3 61 40,1 164 33,7
Кестеден келесі жайларды көреміз, зерттелген балалардың ⅔ (66,3%) ЛОР ауруларының әр түрлеріне шалдыққан, әрбір үш оқушының тек қана біреуінің ғана ЛОР ағзалары құлан таза сау. Және осы мәліметтерден 6…11 жас аралығындағы балалардың арасында ЛОР ауруына шалдығу дәрежесі жоғары екенін көреміз. Жас шамалары ұлғая түскен сайын аталған орган ауруларының азая түсіп, ІІІ топқа жататын оқушылар арасында оның дәрежесі 59,9% екенін көреміз. АММИ – дің осы зерттеулерді жүргізген авторлары сол Қазалы ауданында бір ай мен 14 жас аралықтарындағы 500 баланы тексеруден өткізді. Сол зерттеулердің нәтижесінде әр түрлі аллергиялық ауруларға ұшыраған 71 бала (14,2%) анықталған, оның ішінде, әсіресе, аллергиялық ринносунинтке (анықталған аурулардың 38%, яғни 27 бала) басым болып отыр. Алайда біздің пікірімізше, тұздың шаң – тозаң прессингісі мен жоғарыда сипатталып тұздар мен ұсақ түйіршікті шаң – тозаңдардың механикалық әсерлері аллергиялық аурулар үшін өте қауіпті жағдай жасап отыр, бірақ сонымен қоса, сапасыз ауыз су және ана сүтімен улануды жоққа шығаруға болмайды.
Тұздың шаң – тозаңды прессингінің ең алдымен жас балалардың денсаулықтарына зиянды әсерінің зорлығы туралы біздің пайымдауымыз, педиатерия жөніндегі Қазақ ҒЗИ–ның М.М.Байжанов, А.Дашиев және Г.Мұратбаева сияқты мамандары жүргізген тағы бір зерттеу жұмыстары толығымен растап отыр. ( 5 кестені қара)
Бронхалық - өкпе ауруларының (Б - ӨА) Арал маңы
балаларының арасында таралуы
5 кесте
Зерттелген аудандар Қазалы Жаңақорған
Барлық қаралған балалар: 2030 100% 1979 100%
Б- ӨА аурулары анықталған 229 11,3% 235 11,9%
• ұлдар 119 51,9% 127 54,0%
• қыздар 110 48,1% 108 46,0%
Ауру түрі, құрылым
ҚРВИ, қатты пневмония - ҚП 145 6,3% 153 65,1%
Рецидирлік бронхит - РБ 63 27,5% 68 29,4%
Созылмалы пневмония - СП 21 9,5% 13 5,5%
Осы келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, Б - Ө ауруларына ұшырағандардың пайыздық мөлшері, Арал теңізі маңынан алыстаған сайын көбейіп отыр. Бұл жай адамның ауамен дем алу органдарының кеселге ұшырауына, жел толқындары үлкен қашықтықтарға айдап апаратын, жерге жақын атмосфера қабаттарындағы улы тұздар мен ұсақ түйіршікті шаң – тозаңдардың қатты әсері бар екенін көрсетіп отыр, ал егер аталған улы шаң – тозаң 3 – 10 км биіктікке көтерілетін болса, ол бүкіл жер шарының атмосферасын улайды. (А. Тұрсынов, 1989).
Осы жүргізілген зерттеулерге қосымша ретінде Қазақтың кардиологиялық ҒЗИ – ның мамандары облыс орталығы мен аудандық ауруханалардың дәрігерлеріне қаралған балалардың сырқаттарының тарихына талдау жасады. Сол талдаулар келесі нәтижелерді көрсетті: дәрігерге қаралған балалардың 75% - ке жуығы рецивирлік бронхит ауруымен ауырған және қалған 25% созылмалы бронхит ауруына ұшыраған. Ал бұл болса, экологиялық жайсыздықтың өте қауіпті белгісі, әсіресе қаралған балалардың екеуі өкпе полистозына ұшырағанын қатты ескеруіміз қажет. Тұзды шаң – тозаң прессингісі, әрине тек қана балалардың ғана ЛОР ағзаларына әсер етіп қоймай, ересектердің де ағзаларына қатты әсер етеді, оны жоғарыда айтылған авторлардың жүргізген басқа зерттеулерінің нәтижелерінен көре аламыз.
Сырқатқа шалдыққандарының 71,8% - ін әйел жынысы құрайды, әйелдердің басым көпшілігі үй шаруасында отырғандар, ал ер адамдар сирек ауырады - 28,2% құрайды. Бұл жерде әлеуметтік жағдай мен әдеп – ғұрыптар да белгілі бір рөлге ие болуы мүмкін, себебі осындай жағдай, Түркменстанда да кездесіп отыр. Сол мемлекеттерде зерттелген 10000 әйел адамның 552- сі ЛОР ауруларына шалдыққаны анықталған, ал зерттелгендердің басым көпшілігі ер адамдар болып табылатын ересектердің арасында ЛОР кеселдеріне 10000 адамның тек қана 71- і ұшыраған, ал орта есеппен алатын болсақ жалпы әрбір 10000 Түркмен тұрғындарының 156- сы аталған кеселге шалдыққан (Түркмен профилактикалық және клиникалық медицина ҒЗИ, Садықов В.Г).
Барлығы 1617 тұрғын зерттелген, солардың ішінде 588 ЛОР ауруларына ұшырағандар анықталды; аталған аурулардың құрамы төменде келтірілгендей болып отыр:
Келесі жағдайға ерекше назар аударуымыз керек, егер 5 кестедегі мәліметтерді Түркменстандық медицина қызметкерлері сияқты стандартты халықаралық нормаларға келтіретін болсақ, онда Қазалы ауданындағы ЛОР кеселдерінің көрсеткіштері Түркменстандағы сол тәрізді аурулардан әлдеқайда аз болып шығады. Ал бұл болса, жоғарыда айтылып кеткен, тұзды шаң – тозаңдардың алысқа аттанатындығын тағы да дәлелдейді.
Жоғарыда сипатталып өткен тұздар мен ұсақ түйіршікті шаң – тозаңдардың адамдардың сыртқы ағзаларына механикалық әсерін, тұрғындар арасындағы көз ауруларын зерттеген уақытта анықтап көретін боламыз. Арал теңізі маңының тұрғындары, әсіресе, тәуліктің көп бөлігін шық ауада өткізетін шопандар, көп жағдайда көздерінің ауратыны жайлы айтады. Бұл әсерлер күн соңына қарай қатты сезіледі, және ол тек қана көзді таза сумен шайғаннан соң ғана кететін болады. Өкінішке орай, көп жағдайда аталған таза су болмай қалады. Көз ауралары көбінесе, шаң – тозаңды борандармен тікелей байланысты емес; аталған аурулар желсіз, ашық күндері де пайда болуы мүмкін, ол жоғарыда сипатталып кеткен, Арал маңы атмосферасының мөлдір, ине тәрізді тенардит пен басқа да тұздардың кристалдарына қаныққандығын көрсетеді, сол кристалдар әр соққан қатты желден соң ауада қалады да, көп уақыт бойы шөкпейді. Қазақтың көз аурулары ҒЗИ қызметкерлері (Ж.Г. Мустафин және т.б.) мен Қызылорда облысы көз диспансері дәрігерлері (К.К.Бөрібаев және басқалар) Арал маңында арнайы түрде көз ауруларын талдау ісін жүзеге асырды. Облыстық мамандар 1986 жылы облыстық диспансер тек қана 75 орынды станционарға ие болғанын атап өтті. Көріп отырғанымыздай көз ауруларына айтарлықтай назар аударылмаған. Көпшілікке белгілі «Арал - 88» атты қоғамдық экологиялық экспедицияның Қызылорда облысына сапарынан кейін және мамандардың тұзды шаң – тозаңды прессингте қатты назар аударуынан соң, көз аурулары диспансеріндегі жағдай біршама жақсарды....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы