География | Қазақстанның таулары

География | Қазақстанның таулары

Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы болып саналады. Ол - солтүстіктен оңтүстікке қарай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке қарай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен перьмнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шындары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен құралған.
Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, дөңге айналады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды қырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфозданған тақтатасынан түзілген.
Алтай - Ертіс өзенінен басталып, Охот теңізіне дейінгі аралықта бүкіл оңтүстік Сібір мен Қиыр Шығысты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінін, бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік-батыс шеті ғана кіреді. Оның оңтүстігі - Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы - Қалба жотасы.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай қазақстандық Алтай үш ауданға бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Зайсан, Қара Ертіс аралығында жатыр. Ертіс аңғары оны батыс жағынан Қалба жотасынан бөліп тұрады. Шығысында ол Үкөк тау қыратымен шектеседі. Осы жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай екі тау жотасы тарайды. Оларды Күршім мен Қарақоба өзендері бөліп жатады. Тарбағатай (2739 м), Сарымсақты (3373 м), Нарын (2400 м) жоталары солтүстік тау бөлігіне кірсе, Онтүстік Алтайжотасы (3483 м), Сарытау(3300м), Күршім (2644 м) жоталары оңтүстік бөлікті құрайды. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1449 м биіктікке Марқакөл қазан-шұңқыры орналасқан. Бұл ауданның биік бөлігі шығыс жазығында батысқа қарай біртіндеп аласарып, тау қыратына айналады. Тау шыңдары аралығында көлемі шағын, онша терең емес көлтабандар, батпақты көлдер мен шағын тақырлар кездеседі. Олардың өзі 2300-2500 м биіктікте жатады.
Ауданның батыс шекарасы Холзун тау тізбегімен өтеді. Оның жер бедері адырлы келеді. Жоғарғы жағы толқынды кең қыраттардан тұрады. Одан жоғарыда жалаңаш шыңдар орналасқан. Таудың оңтүстік беткейлері тік және күшті тілімделген. Тау етектері біршама жазықтау.
КендіАлтай Оңтүстік Алтайдың солтүстік-шығыс бетінде Үлбі (2300 м), Иванов (2775 м), Үбе (2100 м) тау жоталарынан құралады. Олар Қатынтау жотасы мен Үкөк тау қыратынан тарайды. Олардың жер бедері әр түрлі. Оның жеке бөліктері әбден тілімделген, биік таулы рельефті болып келеді. Көп жерлерін қылқан жапырақты орман жапқан, таулардың беткейлері көлбеу, төбелері доғал. Кей жерлерінде тегістелген үстірттер ұшырайды.
Қалба жотасы Ертіс өзенінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі - Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Тау төбелері жұмырлау, беткейлері әбден тілімделген, кей жерлері жазық келеді.
Қазақстандық Алтай таулары тегістелумен кезектесіп отыратын бірнеше көтерілудің нәтижесінде пайда болған. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке неогеннен антропоген кезінде қайта көтерілген. Кей бөліктерінде опырылып, үлкен блоктардың төмен түсуінен өркешті тау тұрған. Тау шатқалдарының дамуына өзен эрозиясы, әсіресе төрттік дәуірде кең тара-ған мүздықтар эрозиясы, әсер еткен. Ежелгі мұздықтар әсері циркті және қарлы жер бедерінің түрлерімен бірге тау басында, тегістелген жазықтарда кездеседі. Геологиялық құрылысы жағынан олар метаморфтанған палеозойлық саз балшықты кремнийлі тақтатастан, әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядан, жанартаулық жыныстардан құралған.
Жоңғар Алатауы - Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры және оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-200 км. Жоңғар Алатауын батыста Кексу, шығыста Боротала өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жонғар Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды. Жоңғар тау жүйесінің негізгі бөлігі Қытай жерінде, онда тауды Орқашар және Жайыр деген биік жоталар (2500 м) құрайды. Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғасады. Жайыр Майлы атты аласа жотаға айналады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерлерде құрғақ дала боп кетеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар арқылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алқап Жоңғар қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған керуен жолы өткен. Онымен Жібек жолы өткен, Шыңғысхан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген.
Жоңғар Алатауының қазақстандық бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батысқа қарай Боротала өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жоңғар Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып жотаға айналады.
Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жоңғар Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (4464 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Тышқан-тау (4370 м).
Солтүстік жота сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұқыр жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тауаралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші саты - Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтау, Қарашоқы,Желдіқарағай таужүйелері (2000 м). Үшінші саты -Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік-шығысында Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары.
Оңтүстік жотаның жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік-батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді.
Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алқаптар тік беткейлі тілімделген, оңтүстік беткейлер құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазықемес, көтеріңкі.
Жоңғар Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлануында алғаш көтерілген Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге төменгі және орта палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс беліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шегінділері кездеседі.
Жоңғар Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналған, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістеліп, кейінгі Алып қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан, өзендердің эрозиялық әрекеті де күшті.
Зайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.
Зайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгир көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы (Қытай). Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Зайсан көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.
Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай төмендеп, Маңырақ жотасына ұласады. Зайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте орналасқан. Сондықтан Сауырда үнемі қар жатады. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4-5 км2) бар. Сауыр жотасының солтүстік етегі Зайсан мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Қазақстанға Сауырдағыдай Тарбағатайдын, батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінін, оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км, батысында Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады.
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген үйінді кесектер сияқты. Бұл үйінділер үш-бұрыштанып, құзды шындарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен жол өтеді, тау беткейі де, басы да тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2200 м ғана. Ең биік нүктесі -Тастау мен Жалаулы (2992 м). Онда мұздықтар жоқ.
Сауыр-Тарбағатай, негізінен, жоғарғы палеозой жыныстарынан (сазды және кристалды тақтатастан, құмтастан, әктастан) түзілген. Сауыр мен Маңырақта атпа жыныстар кеңтараған. Олар порфир және порфириттер түрінде кездеседі. Тарбағатайда порфириттер шөгінді жыныстармен кезектесіп отырады. Ал оның оңтүстік беткейінде әктас көп ұшырасады. Сауырда жоқ граниттер Тарбағатайдың суайрығында біршама мол.
Сауыр-Тарбағатай - қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1991 жылы Зайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылған. Мұнда жанғыш тақтатастың мол қоры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Тянь-Шань - Азиядағы ең ірі тау жүйесінін, бірі. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде орналасқан. Тянь-Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянь-Шаньның солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньнан Іле Алатауы, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі, Шу-Іле таулары, Батыс Тянь-Шаньнан Піскем, Өгем жоталарының оңтүстік-батысы, Қаратау, Орталық Тянь-Шаньнан Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін құрайтын жоталар болып табылады.
Тянь-Шаньның еңбиік нүктесі - Хан тәңірі шыңы (6995 м). Орталық Тянь-Шаньның үлкен жотасы Теріскей Алатаудың оңтүстігінде орналасқан. Сол жерден Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы өтеді. Теріскей Алатаудың оңтүстік-батыс беткейі Сантас асуымен, Текес тауаралық жазырымен өтеді де, Күнгей Алатаумен жалғасады. Бұл жерден Шілік-Кебін таулары басталады. Олар Іле Алатауымен шектеседі.
Іле Алатауының негізгі жотасы ендік бойымен созылған, ұзындығы 350 км, ені 30-40 км. Орташа биіктігі 4000 м. Талғар, Кебін-Шілік тауларына қарай биіктейді (Талғар шыңы 4973 м), шығысқа Дала ашық, Төре жайлауға қарай бірсыпыра аласарады (3300-3400 м). Тау беткейлері көптеген сайлармен, алқаптармен тілімделген. Өзен алқаптарының жоғарғы бөлігінде мұз басу дәуірінің әсері танылады.
Биіктігі орташа Кетпен тауы Солтүстік Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан. Оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 300 км, ені 50 км, биіктігі 3500 м. Ол да төменгі палеозойдың эффузивті шөгінділерінен құралған. Кей жерлерінде гранит жер бетіне шығып жатады. Жотаның беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген. Кетпен Құлақтау арқылы Күнгей Алатаумен жалғасады.
Күнгей Апатаудың солтүстік-шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана Қазақстанға кіреді. Бұл жотаның орташа биіктігі 3800-4200 м. Күнгей Алатау мен Іле Алатауының шығыс бөлігін Шарын, Шілік өзендерінің аңғары, Жалаңаш тауаралық жазығы бөліп тұрады. Беткейі көлбеу келген, төбесі жазыңқы.
Іле-Шу таулары Іле Алатауының солтүстік-батысында жатыр. Ол қатты жеміріліп, бұзылуға ұшыраған жеке-жеке адырлардан (Доланқара, Күлжабасы, Кіндіктас, Хантау, Алаайғыр және т.б.) тұрады. Орташа биіктігі 1000-1200 м. Ең биік нүктесі - Айтау (1900 м). Іле-Шу таулары, негізінен, кембрийге дейінгі метаморфозданған жыныстар мен гнейстердің қалың қабатынан құралған. Оның үстінде төменгі палеозойдың тақтатасы, құмтасы, шөгінді эффузивті жыныстары қабаттасқан. Тау беткейлері құрғақ, терең шатқалдармен тілімделген, жері жазық, солтүстігі Бетпақдаламен шектеседі.
Батыс Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігі Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінің солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс тармағы (Тараз қаласының маңы), Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған солтүстік-шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.
Қырғыз Алатауы да көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі болып келеді. Оның ең биік нүктесі - Семенов шыңы (4566 м). Таудың қазақстандық бөлігі одан аласа (4500 м шамасында). Тау батысқа қарай аласара береді. Оның солтүстік беткейі құлап, мүжілген тау сілемдерін елестетеді. Жотаның беті тас көмір дәуірінің құмтастарынан, әктастар мен граниттерден тұрады. Оның беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қазақстандық бетінде альпілік жер бедері қалыптасқан.
Талас Апатауының қазақстандық бөлігі - Жабағылы таулары. Екі жотаға бөлініп, Ақсу-Жабағылы өзенінің алқабын қоршайды. Солтүстік жотаның биіктігі 2600-2800 м, оңтүстік жотада 3500 м. Бұлар да ертедегі палеозойдың шөгінді атпа жыныстарынан тұрады. Тау беті тілімделген, онда ертедегі мұз басудын, іздері бар, жер бедері альпілік пішінде дамыған.
Ташкент маңы Алатауы Талас Алатауынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан бірнеше жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантал, Ойқайың, Өгем, Сайрам, Каржантау, Қазығұрт және Боралдай таулары кіреді. Бұлардың ең ірісі - Піскем (орташа биіктігі 3700-3800 м), ең биік нүктесі - Бештұр шыңы (4208 м). Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан құралған. Оңтүстік-шығыс беткейі тік және қысқа, солтүстік-батыс беткейі көлбеу. Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады.
Сайрам (ең биік нүктесі 4220 м), Көксу (ең биік нүктесі 3468 м), Өгем (ең биік нүктесі 3560 м) Ташкент маңы Алатауының екінші қатардағы биік жоталары болып саналады. Қаржантау (2800 м), Боралдай (1800 м), Қазы-ғұрт (1700 м) олардан аласалау. Бұлардың геологиялық тарихы ұқсас. Бәрі де жоғарғы палеозойдың әктасынан құралған. Оларда карст құбылыстары кең тараған. Тау беткейлері тік жартасты, жер бедері тілімделген.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы — Қаратау жотасы. Ол Талас Алатауынын, батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400 км, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі - Мыңжылқы тауы (2170 м). Тау солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің атырабында бітеді. Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу-Іле тауларымен ұқсас. Аласарып, мү-жіле бастаған. Қаратаудың солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жоталарын тауаралық ойыс бөліп тұрады. Оңтүстік-батыс жотасы протерозойдың метаморфозданған жыныстарынан құралса, солтүстік-шығыс жота төменгі палеозойдың құмтастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс девонның қызыл түсті шөгінділерінен құралған. Сонымен қатар мезозоймен кайнозойдың әктасы, құмтастары, сазды шөгінділері кеңтараған. Мұндағы жер бедері құрғақшылық жағдайда қалыптасқан. Тұрақты беткі ағыны жоқ. Жотаның беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдармен тілімделген.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру