Экономика | Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы.
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құлиеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты-өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі - жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәкішевтің мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күнкөрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың «Қазақстан және қазақтар» деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі. XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен, егін шаруашалығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрыңғы егіннің 7 пайыздайы ғана . Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен. Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т.Әбдіразақов көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 пайызы қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі - бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кең байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші кезеңінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникасымен және азаматтың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарықтық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушы мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылармен сатып алушылар арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сатып - сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипатгайтын. Тауар ақша қатынастарын қандай мықты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жәй ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Экономикалық қатынастар мен байланыстар
НАРЫҚ
Тауар өндірушілер
Тауарды түтынушылар
Суретте: нарық экономикалық байланыстар мен қатынастар
ретінде
Берілген анықтамада әңгіме, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, обьективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары - бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі, нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субьектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және
түрлері
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні – оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен, нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушылардың арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Экономикалық игіліктерді және
қызметтерді, өнді-рушілер мен тұты-нушыларды байла-ныстыратын буын
Ұдайы өндіріс про-цесінің үздіксіздігін
және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі
Экономиканың
жағдайы туралы
объективті ақпараттың
қайнар көзі
Бәсеке арқылы экономиканы
тиімсіз шаруашылық бірліктерінен
тазарту
НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Тауардың қоғамдық мағына-лылығын мойындау
Өндірістік шығын-дарды азайтуды
экономикалық
ынталандыру
Еңбекке деген материалдық
стимулдарды экономикалық
жағынан қамтамасыз ету
Суретте : Нарықтың атқаратын қызметтері
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі – оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар бағасымен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің пайыздық нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы обьективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге, нарық механизмі мынадай қызмет те атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады, және керісінше, олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарықтық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әртүрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатын және өмір сүруін дәлелдеп береді.
Шаруашылық субъек-тілердің дербестігі мен тәуелсіздігі
Меншік қатынастары-ның алуан түрлі формалары
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос
жұмыскерлердің болуы
Нарықтық экономиканың шарттары
Тауар өндірушілердің
және сауда делдал-дарының бәсекесі Контрагенттер
өздерінің өнімдеріне
баға белгілеу құқы
Нарық инфрақұрылымын жасау
Суретте: Нарықтың қалыптасуының негізгі компоненттері
- шаруашылық субьектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- нарық инфрақұрлымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы. Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субьектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы, олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір кездегі жаппай национализациялау және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгін де - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт-ол өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтың тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады.
Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрлымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы, капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикаға жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым - несие жүйесінсіз жұмыс жасай алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық ғылыми техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз /ипотекалық/ жылжымайтын мүліктердің кепілдігіне ақшалай қарыз берушілер банкілер, сақтық компаниялары, әртүрлі қоғам, ұйымдарының қоры құрайды. Нарықтық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі-атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктің қол шоқпарына айналар еді, ал енді мұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады және заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауын қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егер де мемлекет бюджетінің кірісі мен шығысын теңдестіруге қол жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді. Алтыншыдан, өнім өндірушілердің өнім өндірудегі және сатудағы монополиясына жол бермеу. Нарықты экономияны бәсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекені нарықтың тең құқылы субьектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни нарықта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздеріне қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субьектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрі сатушыларының саны 4-5-тен, ал барынша тиімдірегі 8-15-тен кем болмау керек. Егер фирма белгілі бір тауар түрінің 80%-ін өндіретін болса, онда нарық монополяланған деп есептеледі ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қазақстандағы нарықтың даму тарихы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстандағы нарықтың даму тарихы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстандағы нарықтың даму тарихы