Құқық | Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ- ҚҰҚЫҚТЫҚ,САЯСИ- ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
1.1 Қазақстандағы құқықтық, демократиялық саяси мемлекет
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру.
Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі ұлттық идеологияның негізі және түпқазығы екенін мойындауымыз керек. Ұлттық идеология қандай болу керек, қандай құндылықтарға құрылуы керек деген пікірлер жиі айтылады. Ұлттық идеология - ол тәуелсіздік, берік мықты мемлекет, халық мүддесі, мемлекеттік тіл, еркін экономика - осы мәселелер тек Конституция, заң аясында шешіледі және дамиды. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру - ұлтымыздың зиялылыққа, мемлекеттілік рухта тәрбиелейтіні анық.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Демократиялық мем¬лекет құруда билік тара¬пынан қабылданған ше-шімдер ғана маңызды бо¬лып қоймайды. Демо¬кра¬тия дегеніміз, ең ал-дымен, халықтың өз игі¬лігі жолын¬дағы амалы. Сондықтан шы¬найы де-мократиялық мем¬лекетті құру үшін сая¬си үдеріс¬терге сол тұр¬ғындардың өздері аралас¬қаны абзал. Міне, осы арада халық¬тың мемлекет¬ті басқа-рудағы басты үлгісі – сайлау алға шығады. Нақ осы сайлау қоғамдық-сая-си жариялылықтың жар¬қын көрінісі болып табы¬лады.
Бірақ, сайлау өткізу мем¬лекеттің демокра¬тиялы¬лы¬ғының дәл өлше¬мі емес. Сайлауды де¬мокра¬тияға сай деп тану үшін ол баламалы, жария, сайлау үдерісіне қаты¬сушылардың барлығына бірдей мүмкін¬дік және дауыс беруші¬лердің ба¬сымдығы жағ¬дайында өтуі тиіс.
Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық».
Баршаға түсінікті етіп айтқанда, демократия дегеніміз — халық билігі. Халық атынан билік жүргізуге республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Пар¬ламенттің ғана құқы бар. Үкімет, басқа да мем¬лекеттік органдар өздеріне берілген мүмкіндік аясында ғана мемлекет атынан билік ете алады. Ендеше, халық сайлаған депутаттардан құралатын Парламенттің заң шығарудағы, жалпы қоғамдағы рөлі ересен. Оған берілген өкілеттіктер біртіндеп эволюциялық жолмен кеңейіп келеді. 1998 жылы 7 қазанда қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзету енгізілген еді. Парламентке берілген өкілеттіктер: Мәжіліс депутаттарының мерзімі 4 жылдан 5 жылға, Сенаттың 5 жылдан 6 жылға ұзартылуы, бірқатар нормалардың республикалық бюджеттің атқарылуына, Үкімет мүшелеріне қатысты Парламенттің бақылау өкілеттігін күшейтуге бағытталуы, сот жүйесіне байланысты және басқа өзгерістер демократиялық реформалар жолындағы алғашқы сәтті қадамдар болды.
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.
Конституция - мемлекеттің немесе оған бағынышты органдардың саясатын бір ізге түсіретін (реттейтін) негізгі ережелер жиынтығы. «Конституция» термині алғаш рет Англиядағы 1688 жылғы революциядан соң, тақтан түсірілген король ІІ Яков «корольдіктің негізгі конституциясын» бұзды деп айыпталғанда қолданылды. Айтылған сөздің мағынасы ағылшындық болғаны¬мен бұл кезде Англия Конституциясы болды деп айтуға келмейді. Ең алғашқы Конституция 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы болып табылады.
Конституцияның қабылдануы тәуел¬сіз¬дікті орнықтыру мен сақтаудағы тарихи оқиғалардың бірінен орын алады. Өйткені, қайсыбір елдің Ата Заңы болмасын, ол мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің және демократиялық құндылықтардың қолжетімділігін айғақтайтын бірден-бір басты құжат. 1995 жылдың 30 тамызы еліміз¬дің жаңа Конституциясының қабыл¬данған күні ғана емес. Осы күні бүкіл¬халықтық дауыс беру арқылы қабыл¬данған Конституция елімізде саяси, әкімшілік, экономикалық-әлеуметтік және құқықтық реформаларды одан әрі жүр¬гізудің аса қуатты серпінін бастап берді. Жаңа Конституция нормаларының арқа¬сында ғана қысқа мерзімде жас мемле¬кеттің экономикасы мен саясатында, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықта аса нәтижелі табыстарға қол жеткізілді.
1995 жылғы Конституция елдегі жүргізілген экономикаларға тың серпін бере отырып, нарық экономикасының талаптарына жауап бере алатын Пар¬ламент пен атқарушы биліктің заңна¬малық шеңберде жұмыс істеулері үшін тиімді нормативті құқық базасын қамта¬масыз етті. Экономиканың түпқазығы болып табылатын меншік қатынастарына, мемлекеттік меншікпен қатар жеке¬меншікті де қорғауда тең жағдайда кепілдік берді.
Конституцияда мемлекет пен адам құқықтарына шынайы кепілдіктер беріл¬ген. Олар: әркімнің еңбек ету және кәсіпкерлік қызметпен айналысу бос¬тандығы (кеңестік конституция¬лар¬дағыдай адамдарды еңбек етуге міндет¬темейді), тегін орта білім алу, конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алу, заңмен мөлшері көрсетілген медициналық тегін көмек алу, сөз бен шығармашылық еркіндігі, білікті заң көмегін алу, әркімнің ар-ождан бостандығы мен бірлесу бос¬тандығы, әлеуметтік қамсыздандыру кепілдігі және тағы басқа да құқықтар мен бостандықтар кепілдігі берілген
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Негізі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы "Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі