Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты.


Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатына мыналар жатады:
1) мүгедектің алдын алуға;
2) мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, соның ішінде оңалтуға
3) мүгедектердің қоғаммен етене араласуына бағытталған.

Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты заңдылық, ізгілік, адам құқықтарының сақталуы мен әлеуметтік қорғауға кепілдік берілу, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мүгедектердің денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрін, соның ішінде еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқылы болуы және мемлекеттік органдардың мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс – қимыл жасауы мен мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салу принциптері негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламаларын бекітеді;
3) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді шығарады;
4) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудің тәртібін бекітеді;
5) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесін құрады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы органдарға Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы, сондай – ақ медициналық - әлеуметтік сараптама саласындағы нормативтік – құқықтық актілерін әзірлейді және мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламаларын әзірлейді. Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандаттарын әзірлейді және басқа да мемлекеттік органдарды мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жағынан әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестірді жүзеге асырады. Медициналық - әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерін белгілейді де және денсаулық сақтау саласыдағы уәкілетті органмен келісе отырып мүгедекті куәландыру, оның себептерін, тобын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерін әзірлейді. Мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкін қалыптастырады, мүгедектік себептерінің, құрылымының және жай – күйінің мониторингін жүргізеді де және мүгедектерді әлеуметтік оңалту саласындағы кадрлардың, соның ішінде, ымдау тілі мамндарының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшілерінің құзыретіне мыналар жатады:
1) Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу
2) Мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін, организм функцияларыныңбұзылуы және тіршілік – тұрмысыныңшектелуі дәрежесіне қарай “мүгедек бала” санатын айқындау
3) Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделегн жәрдемақыларды және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерін тағайындау
5) Мүгедерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асыруын бақылау
6) Халықтың мүгедектігі деңгейі мен себептерін зерделеу
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкіледі органдары мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламасын бекітеді және мүгедектерді оңалтудың өңірлі бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкіледі органдарына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мамандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді органдарының бекітуіне ұсынады және мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құрады. Мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етеді. Мүгедектерді оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілінің мамандарын, Брайльдің бедерлі – нүктелік карпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторий – курорттық емделуін қамтамасыз етеді. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс – шараларды өткізуді ұйымдастырады. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктермен , аумақтық уәкілетті мәдениет органдарымен бірлесіп мәдени – көпшілік және ағарту іс – шараларын ұйымдастырады.
Мүгедектің алдын алу – ерте диагноз қоюға, дене, ақыл – ой психикалық, сенсорлық және басқа да кемістіктердің туындауынан және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке ауысынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай – ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, өндірісте жарақаттануды болдырмау, кәсіптік ауруларды азайту жөніндегі іс – шаралары мен мүгедектіктің алдын – алуды тиісті мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады

Мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау

Адамның мүгедектегі мен еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аймақтық бөлімшілерінің медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізуі жолымен жүзеге асырылады. Медициналық - әлеуметтік сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен, куәландырылатын адамның клиникалық – функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және психологиялық деректерін талдау негізінде организмнің жай – күйін кешенді бағалауға сүйеніп жүзеге асырылады. Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін белгіленген кезде олардың себептері, мерзімі, басталған уақыты, қосымша көмек түрлеріне және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етудегі қажеттіліктері анықталады, сондай – ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленеді.
Мүгедектердің құқытары:
1) әлеуметтік қорғауға, соның ішінде оңалтуға, қоғамға етене араласуға;
2) әлеуметтік инфақұрылым объектілеріне кіріп – шығуын қамтамасыз етуге;
3) ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
4) білім алуға, қызмет түрін, соның ішінде еңбек қызметі түрін еркін таңдауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнмасында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
6) Кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй;
8) Мемлекеттік және өзге ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінше кезекте қызмет көрсетілуге;
9) Мүгедектердің шығармашылық қабілеттерін қолдауға арналған құқытарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтік – экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді қамтиды. Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс беруші әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсетуге құқылы. Мүгедектерді оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тіршілік – тынысының шектелуін жоюға немесе оның орнын мүмкіндігінше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс – шаралар кешенін қамтиды. Мүгедектерді оңалту кешенді бағдарламасына және медициналық - әлеуметтік сараптама негізінде анықталатын мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Оңалтудың кешенді бағдарламасы мүгедектерді оңалтуға, оңалту ұйымдары мен мекемелері желісін дамытуға, олардың материалдық – техникалық базасын нығайтуға, мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп – тұру құралдармен, санаторий – курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметтер көрсетуге және әлеуметтік инфақұрылым объектілеріне кедергісіз кіріп – шығуын, мүгедектерді оңалту мәселелерімен айналысатын қызметкерлерді даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесін көздейді. Оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту шараларын қамтитын оңалту іс – шаралары кешенін айқындайды. Оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мүгедекке тегін көрсетілетін оңалту іс – шараларын, сол сияқты ақысын төлеуге мүгедектің өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс – шараларында қамтиды.
Мүгедектерге медициналық көмек:
1) қалпына келтіру терапиясын (дәрі – дәрмекпен, физикалық, санаторий – курорттық емдеуді және организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған басқа да емдеу әдістерін);
2) қайта жасау хирургиясын;
3) протездік – ортопедиялық көмекті қамтиды.
Медициналық оңалту жөніндегі іс – шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. Санаторий – курорттық емдеу мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен беріледі. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий – курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің есебінен беріледі. Жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий – курорттық емдеу жұмыс берушінің есебінен алынады. Мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзін - өзі қарап – күтудің, жүріп – тұрудың, қарым – қатынастың негізгі әлеуметтік дағдыларын үйретуді және мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етеді. Басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсетеді және жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетеді:
А) жүріп – тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беру;
Б) естемейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына 30 сағатқа ымдау тілі маманынбереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетеді және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды. Мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды: медициналық - әлеуметтік мекемелер (қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат – үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтар, әлеуметтік қызметті үйде көрсететін аумақтық орталықтар, әлеуметтік қызметті үйде көрсетілетін бөлімшілер, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттері) және меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұымдар жүзеге асырылады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер протездік – ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп – тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші және арнаулы жүріп – тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысберушінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылғанжағдайда, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мергітуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге протездік – ортопедиялық көмек, техникалық көмекші құралдар, арнаулы жүріп – тұру құралдары сәйкес беріледі. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады.

Медициналық - әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету.
Денсаулық жағдаына байланысты басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызілікті мүгедектерге, психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мүгедектердің жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейімделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат – үйлерде жүзеге асырылады және тіршілік – тынысына жағдайлар жасауды, күтіммен қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, оңалтуды, әлеуметтік еңбектік бейімдеуді, демалыс иен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды. Мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық - әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдарға әлеуметтік қызметтер көлемі әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес беріледі. Мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік қызмет көрсету бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылай түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес медициналық - әлеуметтік ұйымдардағы әлеуметтік қызмет көрсету, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына жүзеге асырылады. Өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетімен қанағаттандыру мүмкіндігін, өзін - өзі қарап – күту және жүріп – түру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғызілікті мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік қызметті үйде көрсету бөлімшілері және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтары әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Өзінің негізгі өмірлік сұраныстарын өз бетімен қанағаттандыру мүмкіндігін, өзін - өзі қарап – күту және жүріп - тұру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік қызметті үйде көрсету бөлімшілері әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтарда әлеуметтік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар 2003 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 26,3 мың (2002 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында – 23,2 мың адам) жұмыссыз азаматты кәсіптік оқуға, қайта оқытуға жіберген. Оқуға тартылған жұмыссыздардың басым көпшілігі Қарағанды (4,8 мың), Алматы (4,0 мың), Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында (2,5 мың) адам болса, ең төменгі деңгейі Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болды. 23,5 мың адам оқуды және қайта оқуды тәмамдады. Оқудан және қайта оқудан өткен жұмыссыздар қатарынан жұмысқа орналасқандардың қатары өсіп келеді, бірақ бұл көрсеткіш әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2002 жылдың сәйкес мерзімінде 51,1 % болса, 2003 жылы 63,3% жеткен).
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар оралмандардың бейімделуіне және жұмысқа орналасуына қажетті жәрдем көрсетеді. Министрліктің бастамасымен оралмандарды әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіткен ведомствоаралық бұйрық шығарылды, ол басшылыққа алу және орындау үшін жергілікті жерлерге жіберілді. 2004 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған оралмандардың саны 5,0 мың адам болды (2002 жылы - 6,8 мың адам), оларды жұмысқа орналастыру деңгейі өткен жылға сәйкес кезеңдегі 28,4 % орнына 45,3 % жетті.
Министрліктің ұсынысымен бірқатар мемлекеттік стратегиялық маңызды бағдарламаларға – Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасының жобасына; Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003 – 2005 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына; Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына арнаулы бөлімдер, жекелеген жағдайларда ережелер енгізілді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру