Экономика | Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Экономика | Қазақстан  Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Валюта нарығы
Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды – номиналды бағам деп атайды.
Валюталық бағамның үш түрі бар:
 белгіленген;
 өзгермелі;
 аралас;
Белгіленген валюталық бағам деп – берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.
Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.
Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да бар.
Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымдагы операцияларға жататындар:
 тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
 салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;
 гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
 капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:
 инвестицияларды жүзеге асыру;
 интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
 жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
 тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу3;
Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі
Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне жағдайна бейімделген.
Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
 экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
 қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
 капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
 валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.
Валюталық реттеу дегеніміз – уәкілетті мемлекеітік органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.
Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.
Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі – мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.
Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ВАЛЮТА НАРЫҒЫН РЕТТЕУ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:
 валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен танысуға;
 Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;
 Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік қүқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:
 валюта бақылауы органдары мен агенттеріне барлық сүраған қүжаттар мен валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарды беруге;
 валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;
 валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерінде баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;
 өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеи жүргізіп және есеп беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
 валюта бақылауы органдарының анықталған тәртіп бүзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын (нүсқауын) орындауға;
 Қазақстан Реслубликасының вапюта заңдарында белгіленген басқа талаптарды орындауға міндетті....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру