Экономика | Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы
Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметтің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы
әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып , ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай – ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша – несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша – несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе – теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие – депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО – ның мемлекеттік банкінің Республикалық кесесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін
мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледе, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9 – бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
1 оның капиталының қалыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
2 акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
3 бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
4 Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі;
АҚШ – та банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералы резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктердің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізгі ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор
ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
1 Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
2 ақша–несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
3 банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттыры:
1 елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын
басқару;
1 өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2 халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару(барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
3 банк ісін бақылау және қадағалау;
4 елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
5 ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
6 валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
1 меншікті қаражаттары;
2 басқа банктермен тартылғын және келісім – шарт
негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
3 Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
4 мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаржаттарынан.
2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы»Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6 – сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтар шешеді:
1 мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды;
2 Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік
актілерді бекітеді;
1 Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен
монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
2 Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан
Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
3 Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын
анықтау тәртібін белгілейді;
4 Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық
жиынтық балансты қарастырады;
5 Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын
бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
6 банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық
нормативтерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымрма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенім хатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік,халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы – бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім – шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалының құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Туралы» заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағындағы банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
кепіл беруші Үкімет болып табылатын Қазақстан
Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерде өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға қақылы;
қолма – қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландыратын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
3.1. Ақша айналысын басқару
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма – қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Қазақстан Республикасында шығарылатын банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.
Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма – қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.
Артық резервтер дегеніміз – банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма – қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша – несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депазиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма – қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады. Ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1984 жылы Францияда - 68,5 %, Германияда – 64,5 %, Ұлыбританияда – 89,1 %, АҚШ – та – 77,5 % болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12 % жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы