Философия | Көне Греция философиясы
Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері.
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері:
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII –VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі - Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Көне Греция философиясының негізгі өкілдері.
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анаксимен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады.
Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады.
Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рационалдық танымға деген құштарлық күшейді. Адамдардың өрісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси өмірге дайындайтын, сөзге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын интеллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адамдармыз деп атады.
Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.
Ежелгі Греция философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты объектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім - ізгілікке, ал надандық - зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілі: “Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді”, “Өзіңді-өзің танып-біл!” қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты.
Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің ролін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды.
Философия тарихында Сократ метод проблемасының негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен, олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада өмір сүрді.
Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды.
“Идея” - Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу - ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек.
Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл құрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады.
Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі. Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның “Мемлекет”, “Заңдар” және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мемлекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанның бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі.
Аристотель - біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүниеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу кезеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды.
Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең.
Философияны Аристотель “бірінші философия” және екінші философия” немесе метафизика және физика деп бөледі. Оның пікірінше, метафизика - барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді:
1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп “Неден?” деген сұраққа жауап береді.
2) Форма - заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, “Бұл не?” деген сұраққа жауап береді.
3) Қозғалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, “Қозғалыс қайдан басталады?” деген сұраққа жауап береді.
4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, “Не үшін?” деген сұраққа жауап береді.
Физиканың зерттеу объектісі - денесі бар және қозғалушы нәрсе. Аристотель қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді:
1) субстанционалдық қозғалыс - пайда болу және жойылу;
2) сандық қозғалыс - өсу және азаю;
3) сапалық қозғалыс - айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы);
4) кеңістіктік қозғалыс - орын ауыстыру, трансляция.
Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену. Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік - өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат - асыл қасиетке жетуде.
Аристотельдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негізделген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты - өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді.
Александр Македонский билік құрған кезең - біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әртүрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полис-мемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.
Осы эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болдыФизика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі - адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника - ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика - табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика - өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым..
Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды
Марк Туллий Цицерон - біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Арпинумде дүниеге келіп, б.д.д. 43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады.
Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қойып, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты - жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс.
Луций Анней Сенека - біздің дәуірімізге дейінгі 5-жыл шамасында Испанияда, Кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65–жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл бөлді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір кемесінің басшысы болу, таза, асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді.
Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады. Эпиктет - 50-жылдар шамасында Гиерапольде дүниеге келіп, 138 жылы Никопольде дүниеден өткен. Эпиктет философияның мақсаты - адамның бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу деп түсінеді. Ол адамдарға қажет адамгершіліктік ережелері ретінде мынадай қағидаларды ұсынады: Құдайға және оның адамдарға қамқорлығына, дүниенің және заттардың жүйелі, ақылдың көмегімен дамитындығына, адам рухының Құдайға ұқсастығына сенім. Кейбір зерттеушілер оны философтан гөрі Құдайға қызмет етуші, оның идеяларын таратушы, адамгершілік қасиеттерді насихаттаушы деп қарастырады.
Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәселелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның натурфилософия, философиялық антропология, онтология, гносеология, этика, эстетика, логика және тағы басқа салаларын кеңінен қамтыған, философияның классикалық үлгісі деп атауға болатын философия десек, артық емес....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Көне Греция философиясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Көне Греция философиясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Философия жоспарымен, казакша реферат жоспар, Көне Греция философиясы