Экономика | Кәсіпорын рыноктары

Экономика | Кәсіпорын рыноктары

Кәсіпорын рыноктары
Жоғарыда тұтынушыларға әсер ететін факторларды және сатып алу үрдісін талдаған кезімізде тұтыну тауарлары рыногындағы түпкі тұтынушыны қарастырған едік. Енді тұтынушы ретінде кәсіпорын рыногының маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Кәсіпорын рыноктарын зерттеу кезінде рыноктардың үш түрін белгілеуге болады: өнеркәсіп тауарлары рыногы, арадағы сатушылар рыногы, мемлекеттік мекемелер рыногы.
Өнеркәсіп тауарлары рыногы дегеніміз өндіру үдерісінде қолданатын тауарларын сатып алатын алатын адамдар және ұиымдар жиынтығы болады.Өнеркәсіп тауарлары рыногын мына салалар құрады 1) ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы ; 2)өндеу өнеркәсібі; 3) тау-кен өіндірісі; 4)құрылысы; 5)жүк көлігі ;6)баиланыс ;7)коммуналды шаруашылық 8) банык, қаржы және сақтандыру істер ;9) әртүрлі қызымет көрсету саласы.
Бұл рыноктың сипаттамасы мынандаи көрсеткіштерімен анықталады;
• сатып алушылар саны шамалы ;
• алаида олар аса ірі сатып алушылар ;
• олар географиялық тұрғысына аитарлықтаи шоғырланған;
• ол тауаарларын сұраныс екінші қаитара сұраныс болып келеді;
• бұл сұраныс тұтыну тауарларының сұранысына негізделеді;
• өндірісте тұтынатын тауарлардың сұранысы әдетте икемсіз;
• оларды сатып алушылар негізінде мамандар, тауардың қасиеттерін терең игергендер болады.
Арадағы сатушылар рыногы дегеніміз тауарды ары қарай сатып пайда табу үшін сатып алатын тұлғалар мен ұйымдар жиынтығы болады. Бұл рынокқа бөлшек және көтерме сауда кәсіпорындары жатады.
Мемлекеттік мекемелер рыногы дегеніміз әлеуметтік, саяси және басқа мәселелерді шешумен байланысты өздерінің міндеттерін атқаруға қажет тауарларды сатып алатын ұйымдар болады. Бұл рыноктың ерекшелігі - мемлекеттік және жергілікті бюджет көзі есебінен сатып алу. Сатып алу көлемінің басым үлесі үкіметтікі болады. Мемлекеттік мекемелер сатып алатын тауарлар түрлері өте көп: халық тұтыну тауарлары мен ауыл шаруашылық тауарларынан бастап қару-жараққа дейін. Бұл рынокты қарастырғанда тағы бір ескеретін ерекшелік - қоғам тарапынан бұл салаға көптеген көңіл бөлініп бақылау жасалады.
Кәсіпорын-тұтынушылары мінез-құлықтарын зерттеу
Кәсіпорын-тұтынушыға қажетті тауарларды сатып алумен кәсіпорындағы арнайы бөлімше айналысады, ол "сатып алу орталығы" деп аталады.
Сатып алу орталығы дегеніміз жалпы бірыңғай мақсаты қалыптасқан және барлық тәуекелді өзіне жүктейтін сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісінде қатысатын тұлғалар мен топтар жиынтығы болады. Оған сатып алу туралы шешім қабылдау барысында төмендегі рөлдердің бірін атқаратын ұйымның барлық қызметкерлері кіреді:
• бастапқы тобы - сатып алу туралы ұсыныс беретін өнімді пайдаланушылар мен ұйымның әртүрлі қызметкерлері;
• өнімді пайдаланушылар тобы - өнімді немесе қызметті
пайдаланатындар. Көбінесе бұлар бастапқы топты құрайды және тауар нұсқаларын бағалауға қажет ақпарат береді;
• шешімге әсер ететіндер (негізінде техникалық қызметкерлер)
тобы - тауардың техникалық сипаттамаларын анықтауға көмектеседі
және нұсқаларды бағалауға ақпаратпен қамтамасыз етеді;
• шешім қабылдаушылар тобы - өндірісті жабдықтаушылар және тауарға қоятын талаптар туралы шешім қабылдайтын мамандар;
• шешімді мақұлдаушылар тобы - сатып алу орталығының
қызметкерлері немесе сатушылардың ұсыныстарын бекітетіндер;
• сатып алушылар тобы - жабдықтауды таңдау мәселелерінде және сатып алу шарттарын үйлестіруде ресми өкілдікке ие болатындар;
• қорғаушы тобы - сатушылардың және белгілі ақпараттың жағымсыз әсерінен сатып алу орталығын қорғаушы өкілеттілер. Бұларға сатып алу агенттері, хатшылар, диспетчерлер жатады.
Әр компанияда сатып алу орталығының көлемі мен құрылымы сатып алынатын материалдар мен өндіріс құралдарының сипатына байланысты. Сатып алу орталығынын қызметкерлері саны орташа алғанда үштен беске дейін болады1.
Кәсіпорын-тұтынушылардың сатып алу туралы шешім қабылдау үдерісінде бірнеше ерекшеліктері болады және бұл үдерісі бірнеше сатылардан тұрады. Ол сатылардың жүйелі ауысуын былай бейнелеуге болады.

Қажеттілікті анықтау,
оны сипаттау Өндірісті
жабдықтаушыларды іздестіру Жалпы
сұраныс
деңгейін
белгілеу Жабдыктаушыны
таңдау Тапсырыс
беру Жабдықтаушының жұмысын

Қажеттілікті анықтау, оны сипаттау сатысында компания қызметкерлері өндіріс мәселесін немесе мұқтажын қандай тауарды сатып алумен қанағаттандыруға болатынын ұғынады. Содан кейін сатып алушы қажетті тауар санын және оның сипаттамаларын анықтайды. Егер күрделі өнім сатып алынатын болса, онда өнімнің қасиеттерін анықтау үшін негізгі пайданушылардың, инженерлердің пікірін біледі. Өнімнің қасиеттерін анықтау кезінде оның өнімділік, төзімділік, нарқы, т.б.с.с. көптеген көрсеткіштерін қарастырады.
Өндірісті жабдықтаушыларды іздестіру сатысында өнімнің қасиеттерін анықтағаннан кейін керекті жабдықтаушыны іздеу басталады. Ол үшін сауда фирмаларының аныктамалықтарын немесе компьютер мәліметтерін пайдалануға, телефон арқылы басқа компаниялардың пікірлерін білуге, жарнамаларды қарастыруға және сауда көрмелеріне баруға тура келеді.
Жалпы сұраныс деңгейін белгілеу сатысында жалпы сұраныс деңгейін білу үшін сатып алушы жабдықтаушылардан ұсынысын беруге өтінеді. Егер де күрделі және қымбат сауда жүргізетін болса, онда әр жабдықтаушыдан ұсынысын толық жазбаша түрде алады. Жазбаша түрдегі ұсыныс тек техникалық қана емес, сонымен қатар маркетингтік құжат болуы тиіс. Ол ұсыныстарға талдау жүргізіп, керек еместерін сызып тастап, «алғандарымен ресми таныстыру (презентация) өткізуді өтінеді.
Жабдықтаушыны таңдау сатысында жабдықтаушыны таңдаудың алдында сатып алу орталығы оның фирмаға қажет сипаттамаларын және олардың салыстырмалы маңыздылық деңгейін анықтайды. Алынған сипаттамалары бойынша рынокта орын алған әр жабдықтаушыны бағалап, олардың рейтингін есептеп шығарады. Жабдықтаушылардың ішінен ең жоғары балл алғандары таңдалады. Көбінесе жабдықтаушыны бағалауда 12-кестеде көрсетілген үлгі қолданылады.

Жабдықтаушының сипаттамаларын бағалау үлгісі

Сипаттамалар Көрсеткіштің үлес салмағы Сипаттаманың маңыздылығы
(1) қанағатсыз (2) қанағатты (3) жақсы (4) өте жақсы
Бағасы 0,3 х
Жабдықтаушының беделі 0,2
х
өнімнің пайдаланудағы сенімділігі 0,3

х
Қызмет көрсету деңгейі 0,1
х
Жабдықтаушының сауда жүргізудегі икемділігі 0,1
Жалпы рейтингі: 0,3х4+0,2х3+0,3х4+0,1х2+0,1х3=3,5

Жабдықтаушыны таңдаған сон сатып алушы өнімнің техникалық сипаттамаларын, керекті санын, сауда уақытын, есептесу шарттарын, сауда кепілдемесін көрсетіп оған тапсырыс береді. Жабдықтаушының жұмысын бағалау сатысында жоғарыда айтылған үдерістердің бәрін орындағаннан кейін сатып елушы жабдықтаушының жұмысын бағалайды. Ол үшін сатып алушы өзінің түпкі тұтынушыларынан өнім сапасы туралы пікірін сұрауы мүмкін, немесе жабдықтаушының нашар жұмысынән шеккен шығындарын есептеуі мүмкін. Соған сәйкес қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруы, немесе келісім-шартқа түзетулер еңгізуді ұсынуы, немесе жабдықтаушыдан мүлде бас тартуы мүмкін. Сатып алушылар жабдықтаушылардың жұмысын тұрақты қадағалап, оларға өз пікірін хабарлап туруы керек.

Кәсіпорын-тұтынушыларға әсер ететін факторлар
Кәсіпорын-тұтынушыларға әсер ететін факторларға мыналар жатады:

1. Қоршаған орта және оның жағдайы (сұраныстың деңгейі, экономиканың даму бағыты, болашағы, өндірісті жабдықтау шарттары, ғылыми-техникалық прогрестің қарқыны, бәсекелестердің әрекет бағыттары, саяси жағдайы, несие алу жағдайы).
2.Тұтынушы кәсіпорын ерекшеліктері (мақсаты, жұмыс әдістері, ішкі жүйесі).
3. Ұжым адамдары арасындағы қатынастар жағдайы (өкілдігі, мәртебесі, өз пікіріне сендіре алуы, ісінің икемділігі).
4. Ұжымдағы жеке тұлғалар ерекшеліктері (жасы, білімі, қызмет бабы, тәуекелге баруға даярлығы).
Сонымен, кәсіпорын-тұтынушылар рыногына тұтыну тауарлары рыногына қарағанда сыйымдылығы жоғары деңгейде, көбінесе тауарды сатып алу көлемі молырақ болады және сатып алушылар саны шамалы болып келеді. Сонымен қатар есепке алынатын маңызды ерекшелігі - сатып алу шешімдеріне әртүрлі факторлар әсер етіп, ол шешімдерді кәсіпорын атынан өкілдік алған тұлға орындайтын болды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру