Қаржы | Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы

Қаржы | Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы

Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы.


Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түсіреді.
Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге болады:
-банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы;
-банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы;
-ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы;
Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары.
Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу, инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару.
Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке (мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі әлдекімнің пайдасына жауапты болады.
Сенімгерлік обьектісіне заңды түрде танылған, оның ішінде , кепілге салынған кез келген мүлік түрі жатуы мүмкін.Басқаша айтқанда, кәсіпорынмен оның активтері, өнім, жер учаскісі, жылжымайтын мүлік, ақшалай қаражат, құнды қағаздар, валюталық құндылықтар, мүліктік құқық сенімгерліктің обьектісі бола алады.Сенімгерлікке қатысы қатынас оның құрылтайшысы мен сенімгерлік меншік иесінің арасында бекітілген келісімшарттың салдарынан пайда болады. Сенімгерлік операцияны басқару активтерге иелік ету бойынша төменде кетірілген операциялардың барлығын немес жекелеген түрлерін қамтуы мүмкін:
-сақтау;
-сенімгер мүддесінің өкілдігі(акционердің жиналысында, сотта);
-табысқа және инвеститциялауға иелік ету;
-активтерді сату-сатып алу;
-қарыздарды тарту және өтеу, құнды қағаздарды шығару және алғашқы орналастыру;
-заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
-мүлікті меншікке беру(сыйлау, мұраға қалдыру және т.б.);
-клиенттің жеке банк шотын , кассалық және қаржылық шарушылықты жүргізу, міндеттеме бойынша есеп айрысуды жүзеге асыру;
Қайта құрылған немесе банкротқа ұшыраған жағдайда кәсіпорынның ісін уақытша басқару.
Әдетте сенімгерлік операциясы үш категорияға бөлу әдетке айналған:
1.Жеке тұлғаларға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер.
2. Коммерциялық кәсіпорындарда көрсетілетін сенімгерлік қызметтер.
3. Коммерциялық емес әсіпорындарға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер.
Қазақстанда және Рессейде әзірге коммерциялық банктердің сенімгерлік операцияларды орындауына қажеттіорнықты заңдық база жасалағн жоқ, алайда, жоғарыда аталғандардың арасынан жекелеген операциялар қолданылып жүр.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер, оның ішінде, сенімгерлік бойынша меншікті басқару, делдалдық қызмет, қамқорлық және т.б. шетелдік барнктерде кеңінен таралған.
Өсиетнама бойынша құрылған сенімгерлік өсиетнамалық деп аталады. Мұндай сенімгерлік өсиетхат қалдырушы қайтыс болғаннан кейін күшіне енеді.Жеке тұлғалар өмірлік сенімгерлікті жасауына болады. Ол оның иесінің өмір сүрген кезінде әрекет етеді.Өсиетнамалық сенімгерлікті, әдетте, құрылтайшысы активтерді бенефицияларға сенімгерлік формасында бөлгісі келгенде құра алады.Өмірлік сенімгерлік біреуге активтің меншік құқығын беруге оның иесі салықты төлемес үшін немесе мүлікті басқаруға байланысты инвеститция бойынша күн сайын шешім қабылдауы үшін жасалады.
Сенімгерліктің осы екі тұрпатын банк сенімгерлік келісімшарттың шартарына сәйкес басқарады, сенімгерлікті жасаушы инвеститция үшін қатаң директив белгілей алады немесе банкке шешім қабылдауында ең икпемді саясатты жүргізуіне мүмкіндік береді.Мұның негізгі мақсаты-ьабыстардың баланстылығын сақтау, негізгі капиталды сақтау және қатердің деңгеййін бір қалыпты ұстау.
Банк қамқоршылық функциясын орындауы мүмкін.Банк қамқоршы ретінде активтерді жинауға және оның сақталуына , борышқордың төленуіне , қаражаттың тиісті бенефициарларға өсиетхат бойынша бөлінуіне жауапты.
Дербес сенімгерлікпен қызмет көрсетудің бір түріне жекеше агенттік шотты жүргізу жатады.Принципиал (жеке тұлға) банкпен негізгі активтерді , қаржылық істерді басқару, күн сайынғы шығыстарды жүзеге асыру бойынша келісімшарт бекіте алады. Принципиал банкке агент ретінде жалақы , процент , дивидент , жалгерлік төлем алуға, берешек бойынша төлем төлеуге,жекеше шығыстарды олардың пайда болуына қарай өкілеттілік береді.Кейбір жағдайларда банк жұмыскері дискрециялық құқыққа , яғни өзқалауы бойынша әрекет ету құқығына ие болады.Мұндай қатынас басқару құқығы бар сенімгерлік шотпен белгіленеді.Егер мұндай құқық банкке берілмейтін болса, онда сенімгерлік бөлімнің қызметкерлері әрбір мәмілені істеуге рұқсат алады. Алайда барлық жағдайда банк принциплға барлық істелген мәмілелер жөнінде ұдайы хабаолап отырады.
Коммерциялық кәсіпорындарға көрсетілетін сенімгерлік қызметтердің алуан түрін екіге бөлуге болады: агенттік және қамқоршылық.
Банктердің сенімгерлік бөлімшелері көбінесе іскер фирманың агенті ретінде әрекет етеді. Бұл қызмет әдетте клиенттің коммерциялық мүддесі үшін құнды қағаздарды шығару бойынша жұмыстарды , дивиденттердің төлемін және оларды акционерлердің талап етуі бойынша қайта инввеститциялануды, мерзімі бітенде құнды қағаздарды өтеуді қамтиды.
Шетелдік іс-тәжірибиеде коммерциялық банктер борыштық міндеттемелерді шығаруды қамтамасыз ететін меншіктің ресми құқығына ие бола отырып, келісімшарт бойынша сенімді тараптар ретінде әрекет етеді. Эмитенттің төлеуге мүмкіндігі келмеген жағдайда банк кепілхатты сатып алуға немесе меншікті сатуға құқылы. Сонымен қатар банк сенімді тарап ретінде эмитенттің барлық борыштық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуі керек әрі барлық рәсімдердің заңға сәйкес ұсталуын қадағалауы керек.
Әлемнің барлық елдерінде зейнетақы, корпорациялық және үкіметтік қорлар секілді бейкоммерциялық ұйымдар үшін бәсекелестік өршіп тұр. Банктің сенімгерлік бөлімі тікелей немесе дискрециялық болатын агенттік функцияларды орындай отырып, аталмыш ұйымдардың қаражаттарын басқаруға ұмытылады.
Тікелей агент сенімгерлікке сеніп тапсырылған меншіктердің сақталуына жауап береді, есептік құжаттамаларды жүргізеді және т.б.
Дискрециялық агент-керісінше , инвестициялық шешімді қабылдайдыжәне өз қалауы бойынша әрекет етеді.
Сенімгерлік қызметтің негізгі мәселелерінің біріне коммерциялық банк клиенттерінің құнды қағаздар полртфелін басқару жатады.Аса ірі компаниялар, мәселен , зинетақы қоры өзі шоғырландырған қаражатты коммерциялық банктің басқаруына сеніп береді.Мұндай ірі ұйым үшін ресурстарды сенімді , әр тарапта орналастыруға, қайтаруға, олардың пайдалы әрі өтімді болуына банктерді міндеттейтін ереже белгіленеді.
Айтылып кеткендей, сенімгерлік операцияны әдетте банктің арнайф бөлімі орындайдф. Бұл арада несиелеумен , депозиттерді тартумен және өзге де операциялармен айналысатын банк бөлімсшесі сенімгерлік бөлімнен бөлек жұмыс істейді. Батыс елдерінің көптеген банкирлері сенімгерлік бөлімді «басқа әлемнің бір бөлігі» ретінде қарастырады. Бұл әдеттегі банк ісінен сенімгерлікпен қызмет көрсетуді бөліп алуды қажет етеді. Өйткені сенімгерлік бөлімнің қызметкерлері банктік емес, клиенттің мүддесі үшін әрекет етеді. Клиент пен банктің мүдделері сәйкесе бермейді, сондықтан да сенімгерлік бөлімнің жұмысы несие және инвестиция қызметтерін қамтымайды.
Сенімгерлік бөлім өз қызметінде банкке қосымша табыс әкеледі.Сенімгерлік табысы тікелей табысқа және жанама табысқа жәктеледі. Тікелей табысқа көрсетілген қызмет үшін алынатын гонарлар мен коммисиялық сыйақы жатады. Жанама табыс-көрсетілген қызмет үшін алынатын процент мөлшерлемесі құбылып тұратын төлем және сенімгерлік активтің мөлшерімен құнына қарай белгілейтін коммисиялық сыйақы. Егер сенімгерлік табыс құнды қағаздар борлып табылатын активтердің құнына негізделсе, онда бөлімнің табыстылығы осы құнды қағаз тиүрінің бағасы нарықта қалай өзгеретініне байланысты болады.
Егер сенімгерлік бөлім жанама табысқа сүйенетін болса, онда ол банкке айтарлықтай жоғары табыс әкелетінін шетелдік тәжірибие көрсетіп береді, өйткені гонарлардан түсетін табыс тиірпкелген шығыстарды тек аса ірі банктерде ғана өтей алады. Бұдан шығатын қортынды , сенімгерлік бөлім салыстырмалы түрде ірі мөлшерде табысты болмай тұрып қол жеткізіп алуы керек.Мұның себебі, бөлімнің жанама шығыстарының шамасын дәл аңықтау мүлдем мүмкін емес. Мұндай шығыстарға заңгерлерге төленетін гонарлар, инвеститцияланнатын төлемдер және т.б. жатады.
Гонарлар мен комиссиялық сыйақыдан басқа сенімгерлік қызмет құнды қағаздарды сатуға болатын депозиттерді де қамтиды. Депозиттер сенімгерлік келісімшарттың арасындағы әдеттегі мәмлелермен байланысты пайда болады.Бұл шот бойынша ақшалай қаражат ағыны пайда болады, алайда пқшалай қаражат ағыны шотқа жатқанда ғана пайда болады. Клиентке қызмет көрсету оған құнды қағаздарды сақтауға мүмкіндік беретін «депо» шотын ашудан басталады. Бұл мынандай мәселелерді шешуге көмектеседі:
1. клиентің тіпті соңғы сәтте де мамандандырылған аукционға өқатысу мүмкіндігін кепілдендіреді, өйткені клиент аукционға қатысуға өтініш бергенде қолдағы қаражатын емес, оның банкке депозиттелгені турасында аңықтаманы ұсфыналды. Бұл аңықтама әлдеқайда жылдам тіркеледі;
2. егер аукционның қортындысы бойынша өтінім қанағаттандырылмайтын болдса, құнды қағаздарды қайта есептеудің және инкассалаудың , содан кейін оларды басқа аукционға қатыстыру үшін тасымалдаудың қажеті болмайды. Бұл құнды қағаздардың банкте ғана сенімді сақталатынын айтпаған күннің өзінде клиенттің шығынын көп кенмітеді;
3. құнды қағаздардың бөлшектену проблемасы: егер жекешелендірілген кәсіпорын өз жұмыскерлерінің тиісті сенімхаты бойынша өзінің жекешелендіру қорына «депо» шотын ашатын болса, ол алдымен осы шоттан жабық жазылысты төлей алады.
Банктердің депо шотын ашуға әрі оған қызмет көрсетуге смүдделі болуының тағы бір бебебіне чектермен маневер жасау мүмкіндігі , яғни олардың ба,ғамын оларды сату-сатып алу арқылы арттыру және кеміту жатады.
Сату мен сатып алу бағаларының арасындағы айырмашылық банктің табысын құрайды.
Клиенпен «Депо» шотына қызмет көрсетудің келісімшарттарын бекіткеннен кейін оған бір үлгідегі ықтимал қызмет көрсетудың барлық кешені ұсынылады. Әрбір қызмет көрсетудің түрі жекеленген келісімшартпен ресімделінетін басқа нұсқалары да болуы мүмкін.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру