Экология | Каспий теңізіндегі қызыл балық

Экология | Каспий теңізіндегі қызыл балық

Біздің ел — аграрлық мемлекет. Халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады және олардың негізгі кәсіптері егін егу, мал бағу және балық аулау. Ауылда тұратын жеті миллион халықтың шамамен жарты миллионы балық аулаумен нан тауып отыр. Қазақстан бидай өсіру мен оны экспортқа сатудан дүние жүзінде алдынғы бестікке кірсе, бекіре тектес құнды балықтың әлемдегі қоры жөнінен алғашқы үштіктен орын алады. Ел халқының жартысының тіршілігіне тікелей қатысы бар осы салалардын, басымдық берілуге тиіс ғылымдар тізімінен тыс қалуы бұл реформаның мәнін төмендетіп жіберген сыңайлы. Болашақта жаңа реформа елдің стратегиялық мәселелерін шеше алмауы мүмкін. Жалпы қазаққа пайдасы жоқ мұндай реформаның елге қажеті бола қояр ма екен?.. Реформа кұрдымға кетпеу үшін қазақтық төл кәсібі — ауыл шаруашылығын міндетті түрде басымдық берілген ғылымдар қатарына енгізу қажет.
— Каспий теңізін дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Соңғы 15 жылда Каспийден шабақ аулауды қойып кеттік. Бұрын жылына 15-20 мын тонна шабақ ауланатын. 2010 жылға дейін шабақ өндірісін қалпына келтіруіміз керек. Майшабақ деген балық бар. Оның өндірісін де жылына 7-8 мың тоннаға жеткізу қажет. Астраханның шекарасынан Түркіменстанға дейінгі шекарадағы жағалаудан балық аулауды жандандырмақшымыз. Осының бәрін есепке алсақ бізде жылына тағы да үстеме 60-65 мың тонна балық ауланады. Одан арғы жылдары ауланатын балық көлемі бұдан әрі өсе бермек. Мысалы, 1991 жылы Ресей Каспийден 132 мыңтонна шабақ аулаған. Екі елдің акваториториясы шамалас. Біз болсақ қол қусырып қарап отырмыз.
— Бекіре балығын заясыз аулайтындар бар. Қапшағай су қоймасы сияқты жасанды көлдердегі учаскелер жеке адамдардың қарауына берілген. Әрқайсысы өз жағалауын бақылап отырады. Өз учаскесінен заңсыз ешкімге балық аулатпайды.
Балықшыларды мемлекеттік бақылаушылар қадағалайды. Оның үстіне, балықтың ауланатын уақыты болады. Биылдаң бастап балық уылдырық шашатын кезде Балқаштың бойынан балық аулауға тыйым салдық. Себебі, балықтың саны азайып барады. Іле мен Балқаштағы алабұғалар Қызыл кітапқа енді. Олардын, санын өсіру үшін балық аулайтын торлардың көзін үлкейттік. Бұрын тордың көздері төрт сантиметреді. Оны төрт жарымға дейін создық. Енді кішкентай балықтар тордан емін-еркін шығып кете береді. Сонымен қатар, көксерке балығының ұзындығы 37 сантиметрден кем болмауы тиіс. Көксеркенің ұзындығы одан кем және балықшының ауының торкөзі тар болса, айыппұл салынады. Балық аулауға рұқсат берілмейді.
Қазақстанда сирек балықтардың саны он жетіге жетіп, барлығы да Қызыл кітапқа енді. Оның ішінде бекіре тұқымдас пілмай деген балық бар. Кітапқа Арал мен Түркістанның қаязы сияқты балықтар да енді. Іледен алабұғаны аулауға тыйым салынды. Егер сирек балықтар ауланса, балықшы айыппұл төлеп, тіпті түрмеге жабылуы мүмкін. Құрып бара жатқан балық түрлерін көбейту үшін түрлі жұмыстар қолға алынып жатыр. Сирек балықтарды көбейтуге атсалысып жүргендер де жоқ емес. Бұрынғы балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржанов ағамыз 4 жылдан бері қаяз балығын көбейтуге ден қойып жүр. Сырдарияның сағасынан қаяздарды ұстап алып, тоғандарда өсіріп, жылына 5 мың қаяз балығын Кіші Аралға жіберіп отыр. Балықтың бұл түрін аулағандар өз учаскесінен айырылып қалуы мүмкін. 50 жылға алған учаскесінен бес-он келі балық үшін ешкім де айырылғысы келмейді.
— Балықты шикізат күйінде сатып жатырмыз. Оны өңдеп, неге дайын тауар күйінде шығармасқа? Шикізатты неге өндей алмай жатырмыз?
— Балықты өндеп нарыққа шығарсақ, балық құнының кемінде екі-үш есеге өсетіні сөзсіз. Балықтың сүйектен ажыратылған жөн етін жасау, уылдырық шығару жолға қойылуы тиіс. Балық майы адам ағзасына өте пайдалы! Үкімет балықты өндеуге көмектесуі керек. Оның пайдасы да көп. 90-жылдардың басында үкімет «Джон Дир» немесе «Кейс» деген 120-150 мың доллар тұратын комбайндарды сатып алып жатқанда, «осыншалық қымбат комбайн не үшін керек...» деп ойлаушы едім. Сөйтсек, керек екен ғой. Сол комбайндардың арқасында, бидай қанша бітік шықса да, 18 миллион тонна бидайды уақытында жинап алдық. Үкімет көп ақша шығарды, бірақ шықкан шығынның орны бес-он жылда толып отыр. Балық өндеуге жылына бір миллиард теңгедей қаржы бөлінуі қажет. Балық тағамларын жасайтын зауыттар Каспий, Арал немесе Балқаш сияқты үлкен су бассейндерінен алыс болмауы тиіс. Бұл — бір. Екіншіден, Каспий немесе Жайықтың бойынан бекіре зауытын салу керек.
2015 жылы Қазақстанның Каспийден өндіретін мұнайы 100 миллион тоннаға жетпек. Ең жетік технологаямен мұнай өндіргеннің өзінде жер астынан шыққан шикізаттын, 0,1 пайызы теңізге төгіліп отырады. Демек, жылына 10 мың тонна мұнай теңізге құйылатын болады. Каспийден айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Теңізде балық өмір сүре алмайтындай жағдай қалыптасқан кезде Жайықта бекіре тұқымдас балықтар қалуы тиіс. Ол үшін Индер немесе Орал қалаларының тұсынан маманданған шаруашылықтар ашып, бекіре зауытын салуымыз керек.
Қызыл балықтың бір ерекшелігі, өзі туған жерге қайтып оралып, дәл сол жерге өзі де уылдырық шашады. Мәселен, Орал қаласының тұсында уылдырық болып дүниеге келеді де, Жайықтың бойымен ағып отырып, Каспийге келіп түседі. Шоқыр балығы жеті-сегіз жылдан соң ғана, ал қортпа он сегіз жылдан соң ұрық шашуға жарайды. Сегіз немесе он сегіз жыл бұрын кеткен жеріне қайта келіп, уылдырық шашады. Қызыл балықтың 40 миллион жылдан бері жойылып кетпей келе жатқаны да оның осындай ерекшелігінен. Генетикалық жады өте мықты. Соңғы жылдары Жайықтың астын тазалап, арнасын кеңіту жұмыстары жүргізілгендіктен, қызыл балықтар уылдырық тарататын мекендеріне қайтпай қалды. Осы балықтың ежелгі ұрық шашатын өріс-қоныстарын қалпына келтіру керек.
Каспий теңізіндегі қызыл балықтың жалпы құны 35 миллиард доллар. Балықтың құны қазір өндіріп жатқан мұнайдан да артық. Мұнай өндіргеннен түсетін пайда қызыл балықтан түсетін пайдадан аспайды. Қызыл балық миллиондаған жылдар бойы тіршілігін жалғастырып келе жатыр. Ал мұнай 25-30 жылда таусылады.
— Ол екі зауыттың жұмыс істегеніне жеті-сегіз жыл болып қалды. Олар былтыр 6,7 миллион, биыл 7,4 миллион шабақ өсіріп, Каспийге жіберді. Бұл зауыттарда өсірілген шабақтар бірден суы тұнық ашық теңізге шыққан соң жыртқыш балықтарға жем болады. Шабақтардын тек 0,1 пайызы ғана тірі қалады. Егер қызыл балықтар Жайықтың бойында уылдырық шашса, шыққан шабақтардың 10 пайызға жуығы тірі қалады. Демек, қызыл балықтар табиғи жолмен жүз есе артық көбейеді. Себебі, қатты ағыстан лайланып жатқан Жайықта жыртқыштар оларды теңіздегідей аулай алмайды және ағыспен теңізге үш-төрт айда жеткенше олардың өздері де жетіліп, ұзындығы 15-20 сантиметрге жетіп, жыртқыштардың аузына түсе бермейтін жағдайға жетеді. Жайықтың Қазақстан жағындағы уылдырық шашатын жетпіске тарта қоныстың 58-60-ы — Батыс Қазақстан облысында, ал Атырауда 10-12-сі орналасқан. Олар миллиондаған жылдардан бері осылай тіршілік етіп келеді, Біз мұны соңғы жылдары бұздық. Енді қалпына келтіру керек. Оны Жайықтың орта немесе жоғарғы ағысынан бекіре зауытын салу арқылы қалпына келтіруге болады. Егер Каспийде қызыл балық өсе алмайтын жағдайға жеткенде балықтың осы бір бағалы түрін сақтап қалу үшін Жайықта өсіріп, Сырдария, Іле және тағы да басқа үлкен өзендерде қызыл балық өсіруді қолға алуымыз қажет.
Балық шаруашылығына да кластерлік даму жолы қажет. Ондай қадамдар да жоқ емес. Қазір Аралда «Арал пластик» акционерлік қоғамы қайықтың 11 түрін шығарып жатыр. Екі адамдықтан бастап, жиырма адамдыққа дейін. Бұл да саланы көтерудің басы. Сонымен қатар, Батимова бастаған «Арал теңізі» ұйымының жұмысы айтуға тұрарлық. Бұл мекеме балық аулаудан бастап оны кептіріп сатуға дейін батыстың технологиясын қолдануда. Біздің есеп бойынша, төрт-бес жыл бойы үкімет жылына 1,2 - 1,5 миллиард теңге қаржы бөліп тұрса, өндірілген балықтың 60-65 пайызы шикізат күйінде емес, өнделіп сатылатын болады.
— Дүниежүзілік банк пен республикалық бюджеттен 70 миллион доллардан астам ақша игеріліп, Кіші Аралды бөгенмен бөліп тастады. 320 мың гектар жер суға толды. Кіші Арал бес-алты есе ұлғайды. Осыдан 30 жыл бұрын ғалымдар Азон теңізінен қамбала балығын әкеліп, теніздің биоресурсын сақтап қалуға қолқабыс тигізді. Өмірдің ең қиын кезінде жергілікті тұрғындарды қамбала балығы асырады. Қазір енді су тұшыды. Жылына 1700-1800 тонна балық ауланады. Осы көрсеткішті терт-бес жылда 5 мың тоннаға жеткізсек деп отырмыз. Мүмкіндіктер де жоқ емес. Сырдарияның бойында, Қызылорда облысында 70 мың гектар жерге күріш егіледі. Күріш — суды мейлінше қажет ететін дақыл. Дариядан күрішке су ағызғанда шабақтар алқаптарға кетіп қалады. Есеп бойынша, жылына жарты миллиард шабақ күрішке бұрған сумен кетіп қалады. Көктемдегі жарты миллиард шабақ күзде шамамен екі мың тонна балық болады. Егер Сырдарияның бойындағы су жүретін арықтар мен тұрбаларға шабақ өткізбейтін тор қойып шықсақ шабақтар Аралға келіп құйылады. Таяуда Сырдарияның гидрологиялық режимін жасап шықтық. Бұл ұсыныстарымыз бізге де, өзбекке де, қырғызға да тиімді болмақ. Егер осындай режиммен өзен суын бір деңгейде қадағалап отырсақ Сырдарияда да, Аралда да қызыл балық өсіруге болады.
— Балқашқа келіп құйылатын судың 80 пайызы Іленің үлесінде. Балқаштың төмен жағы тұщы, ал жоғарғы, шығыс жағы ащы. Қоршаған ортаны корғау министрлігінің ұсынысымен Балқашты сақтап қалу және оны әрмен қарай дамытудың 2007-12 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша Балқашқа жылына 1-1,5 миллиард теңге бөлініп тұрмақ. Іле Қырғызстаннан басталып, Қытай арқылы бізге келеді. Біздің қызметкерлер өзеннің суын жыл бойы бақылап отырады. Бұл көлдің экологиясын өзіміз қолдан бұлдіріп жатырмыз. Мәселен, «Қазақ мыстың» өндіріс қалдықтары су құрамының бұзылуына әсер етпей жатқан жоқ. Біз мұны зерттеп жатырмыз. Қорытындысы әлі шыққан жоқ.
Каспийді толық зерттедік. Қандай химиялық элемент қай мекемеден, қай өзеннен келетінін, қалай ластанатынын толыққанды зерттедік. Каспий суында 11 түрлі металл мен 14 түрлі пестицид бар екені анықталып отыр. Ал Арал басқа көлдерге қарағанда таза, Жан-жағында өндіріс орындары жоқ. Президенттің жарлығымен Сырдарияның бойы мен Арал өңірін дамытуға көп ақша белініп жатыр.
— Қытайда игеріліп жатқан жаңа жерлерге Ертістін суын бұруды көздеген бағдарлама қабылданған. Ол кезде Ертістің жағдайы қиындауы мүмкін. Дәл казір Ертіс өз қалпында.
— Бұрын Балқашта табиғатты пайдаланушылардың саны 10 болса, қазір олардың саны 45-ке жетті. Бұрын он учаске болса, қазір жүз жиырма учаске бар. Балқашты емін-еркін билеп-төстеп үйреніп қалғандар учаскелерін басқа балықшылармен беліскісі келмейді.
— Балық шаруашылығының мүмкіндігі мол. Экономикаға берері көп. Мал өсірсеңіз, оның шөбін шабасыз, жемін сатып аласыз. Ізінен қалмай бағасыз. Еңбекті көбірек қажет етеді. Ал балықты мал сияқты бағып-қақпайсыз. Өзіндік құны арзан. Қазіргі балықшылардың басым бөлігі — өзіміздін каракөздер. Демек, балық шаруашылығының дамуы ұлттың өсіп-өнуімен де тікелей байланысты. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру