Құқық | Зат есімнің көптік категориясы

Құқық | Зат есімнің көптік категориясы

Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өздеріне тән ерекше қызметтері бар.
Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екі категория бірдей емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы- онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі.; лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Сөз атаулының қай қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қазы деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыө-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттары, ру, халық, ел аттары, әр қилы жәндіктер, аң аттары, өсімдік аттары, қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары т.б. жатады.
Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма –лар,-лер, -дар, -дер,-тар, -тер екені белгілі. Осы себептен бұл форма заңды түрде көптік жалғауы деп аталады. Бұл жалғау сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбысының әуеніне қарай өзгеріп, -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының бірінде жұмсалады. Бұл –лар, -лер қосымщасы зат есімдерге, есімдіктерге қосылып көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма есебінде қызмет етеді.
Көптік жалғаулардың грамматикалық қызметіне қарай семантикалық мағынасы да, стилистикалық ролі де күшті. Оның бұл сипаттары төмендегідей:
1. Бұл (лар) жалғау зат есімдерге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттардың көптігін білдіреді. Бірақ бұл көптік мағына дәл санды я сандық ұғымды білдірмейді, сол сөз арқылы аталатын белгілі бір заттың тобы, жинағы туралы ұғымды жалпылап айтады. Мысалы, мектептер, мұғалімдер, үйлер, балалар деген формалар бір мектеп, бір мұғалім, бір үй жайында емес, олардың әрқайсысының жинақталған тобы жөніндегі ұғымды білдіреді.
2. Бұл жалғау есімдіктерге, мысалы, мен, сен, сіз, біз, ол, өз т.б. жалғанғанда, сол есімдіктер арқылы ишараланып аталытын заттың және басқа әрбір ұғымның саналмай айтылған жинақ тобын білдірумен қатар, саралап, тарамдап аңғартады. Мысалы, Сендер бақыттысыңдар, Майпа!
3. Көптік жалғау даралап, дналап санауға болмайтын кейбір заттардың атауларына жалғанғанда, ол сөздің дәл өз мағынасын өзгертіп, оған қосымша рең жамайды. Мысалы, Терең- шүңет қойнауларда әлі де қарлар жарқырайды.(Ғ.Сланов) Жаз жетіп қарлар жетті, сулар ағып, күн де тұр жарқ-жұрқ етіп нұрын шашып.
4. Көптік жалғау жалқы есімдерге, сондай- ақ, кейбір туыс-жұрағат атауларына қосылғанда, сол заттың көптігін білдірмейді, топтау ұғымын білдіреді. Мысалы, Сүйіндік ауылына Абайлар ел орынға отыра келіп еді (М.Әуезов); Әкесінің үйінен Айжанның екінші ағасы Жанәлі шығып, Айшалар отырған өз үйіне таман келді (С.Сейфуллин).
Көптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық ролі де күшті екенін мынадан аңғаруға болады.
Көптік жалғау бір сөйлемде біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау, бір жағынан, сөздерді бір-бірімен қиыстыру үшін қолданылса, екінші жағынан, оларды сараландырып, айқын ашық етіп ажыратып айту үшін қолданылады. Мысалы, Бастары жлаңбас, ауыздарын қалың мұрт, беттерін ұзын, тығыз сары сақал басқан үлкендер балаларға әлі де осы суық түсті көрінеді.
Көптік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грамматикалық ерекшеліктер мынадай:
1. Көптік жалғау жалғанатын сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болған жағдайда, олардың әрқайсысы көптік мағынада қолданылады. Бірақ көптік жалғаудың қолданылуы мынадай үш түрлі жүйенің бірінде болады.
Көптік жалғау бірыңғай мүшенің әрқайсысына түсірілмей жалғанады. Мысалы: Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді (М.Әуезов).
Сөйлемнің бастауышы жіктеу есімдігінің екінші жағының анайы, сыпай түрлерінің көпше формаларында және жалпылау есімдігінің екінші жағында тұрса, етістіктің жіктелетін формаларының екінші жағында тұратын баяндауыштар да көптік формада бастауыштармен қиысып жұмсалады. Мысалы: Сендер қайраттаныңдар, жігерленіңдер, әрқайсыларың алып күштеріңді шығарыңдар (Ғ.Мүсірепов); Сендер ауылдың қарасын көргенде тоқтаңдр(М.Әуезов); Сіздерертең келесіздер ме!(Ә.Әбішев) Бәрің де келіңдер.
Көптікжалғауының семантикалық мағынасы, грамматикалық қызметі және стилистиклық бояуы мен реңі өз ара тығыз байланысып, бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан кейде оларды саралау өте қиын.
Зат есімге көптікжалғау, септік жалғау, жіктік жалғу, тәуелдік жалғау деп аталтын төрт түрлі қосымшалар жалғанатыны белгілі.
Көптік жалғау- нәрсенің көптігін білдіретін грамматикалық форма. Бірақ көптік жалғаудың қызметі тек осы аяда ғана қалып қоймайды, ол затесімнен басқа да сөздерге қосылып, оларға да қосымша семантикалық мағына жамайды және әр қилы я жалпы, я жалқы стилистиклық реңдер мен ерекшеліктер үстейді. Мысалы, көптік жалғау сын есімге, есімшелерге жалғанып, оларды уқытша субстантивтендіреді, соған сәйкес синтаксистік қызметтерін ауыстырады.
Әр алуан сөз таптарына қосылып, олрға осындай функциялық , семантикалық ерекшеліктер үстейтіні ескеріліп, көптік жалғау мофологияның жалпы бөлімінде арнайы бөлек қаралады.
Зат есімдердің көпшілігі тікелей атау формада тұрып, белгілі бір бірыңғай заттардың бәріне тән жалпы атау ретінде жұмсалумен қатар, тиісті заттың бір данасының ғана атауы есебінде қолданылады. Мысалы, кісі, сөз, бала, қыстау,үй, көл т.б. Егер осы атаулар арқылы аталатын заттар біреу емес, әлденешеу я көп екенін білдіргіміз келсе, осызат есімдерге көптік жалғауын жалғап айтамыз. Мысалы, кісілер, сөздер, балалар, көлдер т.б.
Сонымен қатар, атау формада тұрғанда , өзі арқылы аталатын заттың біреуі ғана емес, жиынын топтап я қамтып айтатын зат еімдер де бар. Мыслы, сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын,жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілібір жеке дара затты ғана атамайды, онытобымен атайды.
Осындай затты жеке дралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз.
Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практиаклық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалды. Сондықтан өздеріне тән осындай семантикалық ерекшеліктері мен грамматиклық өзгешеліктеріне қарай, зат есімдердің бұл тобы өз алдына категория деп танылады.
Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа ауыспалы мағынада жұмсалады, я өөздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады.
Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:
1. Сұйық заттардың атаулары: айран, щай, тұздық т.б.
2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т.б.
3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мне бытырынды, таранды, үгітінді заттардың атауы: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т.б.
4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т.б.
5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т.б.
6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т.б.
Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, туфли, кебіс, бәтеңке, шаңғы т.б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе көмекші есімдер, мысалы, асты, үсті, жаны т.б.) негізінде осы топқа жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, «Ана тілі» 1991.
2. «Қазақ тілінің грамматикасы» Алматы, 1967.
3. Омар Базаркүл «Қазақ тілі» Шымкент, 2004.
4. М.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілі сөзжасам жүйесі» Алматы, 1989.
5. Ә.Төлеуов «Қазақ тілінде есім сөздердің жасалуы» Алматы, 1973. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру