Информатика | Желілердің мәні мен түрлері

Информатика | Желілердің мәні мен түрлері

Компьютерлік желі дегеніміз – диск, принтр коммуникациялық құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай желілер ортақ, дискіжетек, принтр, сканер және тағы басқа қымбат құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында құрылады.Компьютер желіге желілік тақша, модем, немесе жоғарғы жылдамдықты сандық – телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда пайда болады.Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларғабірдей программаларды, жалпы ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді.Желі басқа құрылғылармен станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады.Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Ауқымды желі және Интернет адамзаттың ақпараттық технология саласында жеткен жетістіктерінің бірі – Интернет (ағылшынша "желі аралық байланыс"). Бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағының таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
1.Желілердің мәні мен түрлері
1.1.Бір рангілі желілер
Желі тораптары бірдей крммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады.Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады.Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар.Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.
Оларғақарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клинеттер деп аталатын көптеген компьютерден тұтатын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер – басқа компьютер-клиентке (жұмыстанциясы) қызметін ұсынатын компьютер.Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған притерлерге, факстарға, серверде тұрған мәліметтер базасына жетеді.
Желілердің типтері.Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі.Шағын ауқым әдетте (Local Area-LAN) терминімен байланыстырылады.Үлкен ауқымдар- (Metropolitan Area Network-MAN ) және (Wide Area Network -WAN) терминдерімен байланысты.
Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:
- желінің ақпараттық және программалық ресурстарын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;
-мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы құрылғысын (желілік принтер), не болмаса бір ерекшеленген компьютердің (файылдық сервердің) қатқыл дискінің ресурстарын бірлесе қолдана алады.Бұл программалық және ақпараттық қамтамасыз етуге де қатысты.


1.2.Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ).
Егер желі бір орынға (әдетте бір ғимаратқа немесе әр түрлі ғимарат кешеніне ) байланса, ол жергілікті деп аталады.ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды (қатқыл дискідегі жинақтағыштар, стримерлер, принтерлер және т.б.) мәліметтерді және перифериялық құрылғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.
ЖЕЖ-дің айырықша қасиеті –мәліметтердің үлкен жылдамдығы, қателердің төмен деңгейі, мәліметтерді берудің арзан ортасын пайдалану.ЖЕЖ-дің көпшілігі оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.
Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы , бөлімі, кампусі, мен корпаративті желілерге бөлінеді.Корпаративті желілердің тез дамуы мен олардың олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық..

1.3.Корпаративті компьютерлік желілер(ККЖ).
Корпоративті желілер компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация арасында бірікітіреді.Аумақтық белгінің ешқандай маңызы жоқ .Мұндай желілер жер шарының кез-келген бөлігін қамтиды.Қашықтаған жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация құралдары, спутниктік байланыс және басқа қазіргі заманғы құралдар қолданылады.
Корпоративті желілердің қолданатын жабдықтары, программалары және технологиялары жоғары дәрежеге ие, әрі сан алуандығымен ерекшеленеді.Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы уақытта әсер ететін, кез келген ресурсқа қол жету мүмкіндігімен біртұтастықты құрауы тиіс.
Корпоративті желілер қамтудың едәуір аумағы бар жергілікті желілердің ерекше алуан түрі болып табылады.Қазір корпоративті желілер өте белсенді дамуда және олардың бөлігін Интранент (интражелі) желілері деп атайды.
Интранент- Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған, Интернет технологияларын қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмашілік немесе фирмааралық компьютерлік желі.Оны жергілікті желі Интернет желісі құралдарын қолданып, фирмалық және фирмашілік ақпаратқа жету мен оны сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.
Толық функционалды Интранет желісі мынадай базалық желілік технологиялардыорындауды қамтамасыз етеді:
-желілік басқару;
-барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бейнелейтін желілік каталог;
-желілік файл жүйесі;
-хабарларды біріктіріп беру (электронды почта, факс, телеконфереция және т.б.);
-Word Wide Web жұмысы;
-желілік басу;
-ақпаратты рұқсат етілмей қол жетуден сақтау.
Интранет Интернеттің сыртқы пайдаланушылардан желілік қорғау құралы – брандмауэрлердің көмегімен оқшауланады.Әдетте,web-серверлерде немесе прокси – серверлерде орналасатын брандмауэрлерді программалық қамтамасыз ету ең кемінде сыртқы абоненттің өкілеттігін және оның парольді білуін тексереді, осылайша желіге рұқсат етілмей, қол жетуден қорғау мен одан құпия ақпаратты алу қамтамасыз етіледі.Интернет желісіндегі ақпарат пен оның барлық көрсетілетін қызметтері корпоративті желінің барлық пайдаланушылары үшін қол жетерліктей мүмкіндіктер қарастырылған.
Қазіргі заманғы бәсекелестік қызып тұрған нарықта жаңаша ақпаратқа қол жеткізу бизнестегі табыстың маңызды компонентіне айналды.сонықтан Интранет желісін корпоративті қосымша тіркемелерді жүзеге асыруды келешектегі атқарылар істің ортасы ретінде қарауға болады.
Интернет тарихы 1994 ж. басталады, олкезде бұл термин Интернет желісінен алынған принциптерге құрылған корпоративті компьютерлік желілері үшін ұсынылған еді.Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен ауқымына қарамастан, кез келгне кәсіпорын
үшін әмбебап еді.
Интранет – мақұлданған web-технологияның корпоративті желіге көшуі.Корпоративті жергілікті құрылым өнімдерінен айырмашылығы Интранет – жүйелері дайын және өте арзан коммуникациялық компоненттерді қолданады.шетелдік экономистердің бағалары бойынша, ірі корпорацияларда Интернетті енгізу құны бір жұмыс орнынан шаққанда 50 долл. Құрайды.
Интернеттен әр тектес техникалық құралдар мен операциялық жүйелерді бір инфроқұрылымға біріктіретін қарапайым байланыс тарайды.Интернеттен транспорттық және желілік деңгейлердің негізгі желілік хаттамалары да алынды.Корпоративті желілерді жасау процесі елеулі түрде қарапайымдырылған, өйткені интеграциялық жоба жасау қажеттілігі болмай қалады.Осылайша жекелеген бөлімшелер өздерінің ЛВС, серверлерін басқа бөлімшелермен байланыстырмай - ақ қолданып , өзіндік бағыныңқы жүйелер құрады.Қажет болған жағдайда олар кәсіпорынның бірыңғай жүйесіне қосылады.
Интернет принциптерінде басқару жүйесін құру бөлінген коммуникациялары бар ақпарат сақтаудың орталықтандырылған жүйесінің ең жақсы қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді .
Бүгінде біздің көз алдымызда жаңа өнеркәсіп және тағы да есептеу техникасы айналысында революция өтіп жатыр.Егер алда болып өткен ақпараттық технологиялар бәрінен бұрын кең мағынадағы мәліметтерді өңдеу ретінде түсініліп келсе, бүгін де акценттер телекоммуникациялық технологиялар пайдасына орай бірлескен бөлінген өңдеу мен тасымалдау пайдасына қарай өзгереді.Іс-тәжірибе жүзіндегі басты бағыт – архитектура.Программалық қамтамасыз ету нарығында Интернет технология мен топтық жұмыс құралдары саласы тез өсуде.

1.4.ЖЖҚ (желілік есептеу желісі) топологиясы.
Желілер құрылыммен (топологиямен) сипатталады.Жергілікті желі құрылымы ретінде ЭЕМ байланыс желілерімен бірігудің белгілі бір тәсілі түсініледі.Негізінде жергілікті желіллер үшін үй стандартты топология:шина, сақина, жұлдыз қолданылады.
Жоғарыда аталған қрылымды қисындастыру жолымен пайда болған құрылымдар да .
Шиналық (желілік) топологияда копьютерлер магистраль немесе шина деп атау қабылданған орталық кабельге қосылады.Бұл қосылыс компьютердің әр түрлі құрылғыларын біріктіруге ұқсас.
Сақина түріндегі топология шипнлық топологияға ұқсас, бірақ магистральдардың соңдары тұйақталған сақина құрап, қосылған.Шиналық және сақиналық топологиясы бар желілер өте үлкен қашықтықты алады.
Жұлдыз түріндегі топологияда барлық компьютерлер бір орталық машинағы қосылған, ол, әлбетте, өзіне қосылатындарға қарағанда қуатты.
Ол желіде жетекші рөл атқарады, өйткені желінің қалған басқа компьтерлерді арасындағы барлық ақпарат ағыны орталық компьтер арқылы өтеді.Мұндай топология үшін шағын ауқымдар тән.
Топологияның әрқайсысының өз артықшылықтары менолқылықтары бар.Сондықтан компьютерлерді жобаланатын желіде қосу тәсілін мамандар мұқият ойлап-толғануы тиіс.Негізінде, желіде тек қаралған стандартты схемалар ғана қолданылып қоймайды, ұйымныңөркендеген нақтылы ерекшеліктерін сан түрлі ықтимал амалдар да пайдаланылады.

1.5.Аймақтық есептеу желісі.
Егер желі бүкіл қаланы қамтыса,ол онда аймақтық есептеу желісі (АЕЖ) болып саналады.АЕЖ-желілердің ең жаңа түрі Аймақтық желілер бірнеше облыстарды, сонымен қатар тұтас елдер мен континенттерді қамти алады.
Аймақтық желілер мысал ретінде мыналарды көрсетуге болады:JANET (Ұлыбритания), DFN (Германия), Compu Serve және American Online (Американдық коммерциялық ақпараттық желілер).Мұндай желілерде байланыс желісі ретінде негізінде телефон желілері мен оптоталшықты арналар қолданылады.
Аймақтық есептеу желілерінің ЕЖбен көптеген ұқсастықтары бар, бірақ олар көп параметрлер бойынша соңғысынан күрделірек.Мәселен, АЕЖ мәліметтер мен дауыстық алмасудан басқа бейне және дыбыс жазу ақпаратын бере алады.АЕЖ ЕЖ-на қарағанда үлкен қашықтықтарды ұстау үшін жасап шығарылған.Олар үлкен жылдамдықтағы бірігіп – кіріккен желілік жүйемен бірге бірнеше ЖЖҚ байланыстыру үшін
қолданылады.АЕЖ үлкен географиялық қашықтықпен ЖЖҚ-ның жақсы сипаттамаларын (қателердің аздығы, хабарлардың тез беруі) ұштайды.

1.6.Ғаламдық есептеу желісі.
Егер желі кең ауқымға, тіпті тұтас елдерге жаралса, ол ғаламдық есептеу желісі (ҒЕЖ) деп аталады.ҒЕЖ бойынша коммуникациялар телефон желісі, спутниктік байланыс немесе жер бетіндегі микротолқынды жүйе арқылы жүзеге асады.ҒЕЖ көбіне ЖЕЖ бен АЕЖ біріктіру жолымен жасалады.Оқшауланған ЖЕЖ бен АЕЖ –ды іс жүзінде ҒЕЖ –ге біріктіру желі саласындағы қазіргі заманғы тенденция болып табылады.ҒЕЖ , әдетте, көптеген ЖЕЖ бен АЕЖ өзіне біріктірсе, онда олар әр түрлі технологиялардың ретсіз қосындысы (конгломерат) болып саналады.
ЖЕЖ-ге қарағанда ҒЕЖ көпшілігі хабарларды бояу берумен және қателердің көп кетуімен ерекшеленеді.ҒЕЖ саласындағы жаңа технологиялар бұл проблемаларды шешуге арналған.
Ғаламдық есептеу желілерімен жұмыс істеу үшін пайдаланушының тиісті ақпараттық және программалық қамтамасыз етуі болуы тиіс.Ақпараттық құралдардың қарапайым жағдайында телефон желісі бойынша байланыс жүзеге асуына жәрдемдесетін модемді қосымша орнату керек.
ЖОСПАР:
Кіріспе
1.Желілердің мәні мен түрлері
1.1.Негізгі ұғымдар.
1.2.Жергілікті есептеу желісі.
1.3.Корпаратив компьютерлік желілер.
1.4.Желілік есептеу желісі топологиясы.
1.5.Аймақтық есептеу желісі.
1.6.Ғаламдық есептеу желісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру