Экономика | Банктің меншікті капиталын басқару

Экономика | Банктің меншікті капиталын басқару

Экономикалық көзқараспен қарағанда банктің меншікті капиталының қаражатының былай бейнеленеді:
1. Несиелік ұйымдардың қоры.
(жарғылық, резервтік, қорланым қоры, тұтыну қоры). Қордың құрылу көзі алдыңғы кезеңдегі таза пайда болып табылады. Қорлар баланс шоттарының 102-107 бөлімінде көрсетілген.
2. Банктің таза пайдасы.
Таза пайда банктіңағымды табысымен және ағымды шығысы + алдыңғы кезеңдегі пайда – қолданылған пайда.
3. Тәуекел резервтері.
(қарыз мүмкін болған резерв, бағалы қағаздарды құнсыздандыру резерві, басқа да міндеттемелер бойынша резерв).
Баланстар бұл резервтік синтетикалық шоттар бойынша пассивті қалдықтар түрінде беріледі, онда бағалы қағаздар мен несиелерге салынған салымдар көрсетіледі.
Мысал:
45501- 30 күнге дейін жеке тұлғаларға несие (актив),
45508- осы несиелер бойынша резерв (пассивті қалдық).
Меншікті қаражаттарға сондай-ақ болашақ кезеңдегі шығыстың көлеміне бағытталған.
Сондай-ақ, коммерциялық несиелік ұйымдарда меншікті қаражаттың (капитал) есеп-айырысу әдісі несиелік ұйымдардың №.31-П 1998 жылдың 1 июнь айында жалпы белгіленген меншікті капиталды анықтау әдісі белгілеген. Осы әдіске сәйкес, несиелік ұйымның меншікті қаражаттары негізгі және қосымша капитал сомасы болып есептелінеді.
Өз кезегінде, негізгі капитал келесі сатылардан тұрады:
1. жарғылық капитал;
2. аудитормен бекітілген несиелік ұйымдардың қор бөлігі;
3. бағалы қағаздар салымының құнсыздану резерві, оның ең негізгісі несиелік ұйымдардың акциясындағы салым резерві;
4. аудитормен бекітілгенболашақтағы пайда.
Негізгі капитал материалдық емес активтерінің көлеміне, меншікті акциясына, акционерлердің сатып алғанына және шығындарға байланысты азайып отырады.
Қосымша капитал өзіне мыналарды енгізеді:
1. 01.01.97 жылға дейін бағалау шоты бойынша жасалған мүліктің өсімі;
2. 1-ші топ тәуекеліне қатысты қарыз бойынша резерв (төменгі тәуекел);
3. несиелік ұйымдардың қалған қор бөлігі (негізгі капиталға кіре алмағандар);
4. аудитормен бекітілген пайда;
5. Субординарлық несиелер (заимдар).
(субординарлы деген сөздің мағынасы, ол 5 жылға дейін ғана берілетін несие. Субординарлы (заим) несие белгілеген уақыттан бұрын талап етілмейді).
Қосымша капитал көлемі мыналар арқылы төмендейді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес, қарыз бойынша 2-3-ші тәуекел топтарының мүмкін болатын шығындар резервінің және бағалы қағаздар салымының құнсыздану резервінің құрылмағандығы;
2. Мерзімі ұзартылған дебиторлық қарыз.
Банктің меншікті капиталының рөлі мен көлемі оның басқа өндірістік мекемелермен спецификасын анықтайды. Банктер өз шоты бойынша тек қана ресурстағы жалпы қажеттіліктегі қызметін қамтамасыз ету үшін 12-ден 20%-ға дейін ғана қажеттіліктерін қалыптастырады. Меншікті капиталдың рөлі жалпы банктің тұрақтылығын және оның жұмысының тиімді жасалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Банк капиталының 1-ші функциясы – қорғаныс, ол ағымдағы шығыстарды өзіне сіңіріп отыру жолымен жасалып отырады;
Капиталдың 2-ші функциясы – реттеуші функциясы. Бұл функцияда банктің табысты құрылуы қоғамдық қызығушылығымен байланысты болады, сонымен қатар ол Ұлттық Банктің мемлекеттік органдарды банк қызметін бақылаушы өкілі ретінде тәртіптер мен заңдарды бақылауға тиіс. Қазіргі уақытқа дейін меншікті қаражаттың несиелік ұйымдардың капиталының ең минималды көлемі 5млн.евро. Ал, қазіргі кезде меншікті қаражаттың несиелік ұйымдарда жасалатын капиталдың ең минималды көлемі 25,07млн. тг. болу керек, банк операцияларын жасауда бос лицензияны алу үшін меншікті қаражаттың капитал сомасы 125,3млн.тг болу керек. (бұл мәліметтерді Ұлттық Банк реттеп отырады).

Коммерциялық несиелік ұйымдар Ұлттық Банктің анықтайтын кейбір нормативті көрсеткіштері .

Мөлшер атауы Бекітілген норматив
Капиталдың актив көлемінің сомасына қатынасы, тартылған тәуекел есебі (Н1) 9%-дан кем болмау керек.
1 қарыз алушының максималды тәуекел көлемі немесе қарыз алушылар тобы бір-бірімен қатынасы (Н6) 25%-дан жоғары болмау керек.
1 қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің максималды көлемі (Н7) 800%-дан жоғары болмауы керек
1 акционер басына шаққандағы тәуекелдің максималды көлемі (Н9) 20%-дан жоғары болмауы керек
1 несие беруші-салымшыға шаққандағы тәуекелдің максималды көлемі (Н8) 20%-дан жоғары болмауы керек.
1 инсайдерге шаққандағы максималды тәуекел, жеке тұлғалардың салымының максималды көлемі, өзіндік вексельдік міндеттемелердің және т.б. мөлшерлік тәуекел.

Бұл талаптар шарт жасасудағы меншікті капиталдың жеткіліктігін анықтайды, өйткені банк капиталы операция бойынша тәуекелді жабу көзі болып қарастырылады.
Банк капиталының жеткіліктігіне қызығушылар, олар:
1. Банктің өзі
2. Реттуші органдар (банк жүйесінің сенімін толық жүзеге асыруға қолданылады)
Меншікті капиталды басқару жеткіліктілік позициясы былай қарастырылады:
1. Банк көлемі бойынша (капиталдың минималды мүмкін деңгейімен салыстырылуы);
2. Толық емес және қиын активтер көлемі бойынша;
3. Тәуекел активтерінің көлемі бойынша;
4. Капиталдың күту өсімі, жоспары, болашағы бойынша;
5. Басқару сапасы бойынша.
Қаржы менеджерлері есеп-айырысулардың әртүрлілігіне қарамастан , өзіндік қаражаттың экономикалық мәнін түсіну қажет және банктегі нормативтік актілердің көрсеткішінің қарым-қатынасын айқын түсіну қажет.
Мысал:
1999ж. 20 қыркүйек. Қаржы менеджерлерінің алдындағы міндет, ол:
1. Алдыңғы аймен салыстырғандағы 1999 жылдың 1 қарашадағы банктің меншікті қаражатының көлемін анықтау;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк бекіткен меншікті қаражат (капитал) көлемінің нақты әдісі бойынша, банктің 1 клиентіне 50мың тг-ге дейін несие беру мүмкіндігін анықтау, ол 30 күннен жоғары болмауы тиіс.
Менеджердің іс-әрекеті:
1. 1999 жылдың 20 қыркүйектегі меншік қаражатының анықталуы. (міндет мерзімі бойынша)
Пассивті шот балансының қалдығы бойынша:
а) банк қоры 140 млн.тг;
б) таза пайда 30 млн.тг;
в) резерв қалдықтары 20 млн.тг. (қарыз және бағалы қағаздардың құнсыздануының мүмкін болу шығындары);
г) болашақта табыстың шығыстан артуы 15 млн.тг-ге дейін.
Осындай жолмен 1999 жылдың 20 қыркүйектегі банктің меншікті қаражаты жағдайы 205 млн.тг-ні құрайды. (140+30+20+15)
Мысалдың оңай болуы, Ұлттық Банк әдісіне сәйкес меншікті қаражат(капитал) көлемі 205млн.тг-ге тең болады. Әрине бірақтан практикада бұл мағына болатын корректировканың шоты тәуекелге қарағанда төмен.
2. Ары қарай, айдың соңына дейін жасалатын операцияларды анықтаймыз, операцияларды жүргізу меншікті қаражат көздеріне әсер етеді, олар:
а) айдың соңына дейін 70 млн.тг. сомасында табыс алу және 63млн.тг-ге шығындарды өткізуді болжап отыр.
б) 1999 жылдың 18 қыркүйегіне дейін берілген қарыздың мерзімі аяқталады. 1 қыркүйекте қарызды өтеу мүмкіндігі мүлдем жоқ болады. Тәуекел шығынын төмендету үшін берілген ссудалық қарыз бойынша 15млн.тг. резерв сомасы құрылды және ол тәуекел қарызының 1-ші топ резервтері бойынша қарастырылады. Несиелеу мерзімінің бұзылуына байланысты қарыз тәуекелі 1-ші топтан 2-ші топқа өтеді.
Жоғарыда айтылғандарға көңіл аударсақ, экономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда меншікті қаражат көзі айдың соңына дейін 7млн.тг-ге (70-63) көтеріледі және 212мың тг-ні құрайды. (205+7). Бірақ, меншікті қаражаттың (капитал) есебі Ұлттық Банк .әдісіне сәйкес, капиталды жоғарылату тәуекелінің 2-ші, 3-ші тобына жатқызылған капиталы қарыз бойынша мүмкін болатын шығынның резервтерін өзіне қоспайды. Сондықтан да, 1999 жылғы 1 қарашадағы Ұлттық Банк .әдісіне сәйкес, капитал көлемі 197млн.тг-ні құрайды (205+7-15).
Қорытынды
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген нормативтеріне сәйкес 1 қарыз алушыға банк капиталының 25%-ын (норматив Н6) яғни, банк нормативті бұзбай (1 қарыз алушыға максималды несие капиталы бойынша 197млн.тг., 49,25млн.тг.) капитал бойынша 197млн.тг. (197*0,25) 50млн.тг-ге қарыз бере алмайды.
Қор көлемін, таза пайда мен, ай басындағы резервтермен салыстыра отырып, (200млн.тгқұрады дейік),Ұлттық Банктің әдісіне сәйкес, меншікті капитал көлемі бойынша мынадай қорытындыға келуге болады: (есептеуге оңай болу үшін бұл 200млн.тг-ге тең болады) банктің меншікті қаражат көздері қыркүйек айында 12млн.тг-ге көбейді. (212-200=12). Бірақ, бұл көздердің сапасы несиелік операцияның тәуекелінің өсу күшіне байланысты нашарлай бастады, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің әдісіне сәйкес,қарастырылған капитал төмендей бастады. (-3млн.тг-ге)
Жоғарыда көрсетілген мысал, банк капиталының сомасы таңдалған есеп-айырысу әдісіне байланысты болатынын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің әдісі балансының мәліметтерге жақын, бірақ ол капитал көлемін сапалы бағалауға мүмкіндік береді.
Банк капиталын басқару позициясының жеткіліктігіне келесілер жатады:
1. банк көлемі бойынша (капиталдың минималды мүмкін деңгейімен салыстырылуы);
2. тәуекел активтерінің көлемі бойынша;
3. толық емесжәне қиын активтер көлемі бойынша;
4. капиталдың күту өсімі, жоспары, болшағы бойынша;
5. басқару сапасы бойынша.
Меншікті капиталды басқару сапасы былай бағаланады:
а) Акционерлік капиталдың тартылған капиталының анықтамаға қатынасы (облигациялар, ұзақ мерзімді вексельдер)
б) Аналогикалық банктердің тобы бойынша ортақ көрсеткішпен сәйкес келетін дивиденттер төлемінің салыстырмалылығы.
Егер де уақыт қалса!
Негізінен, меншікті капиталдың тиімділігін бағалауда экономикалық қайтарым капиталының формуласын қолдануға болады:
N=E*H1* H2*H3
Мұндағы, N-меншікті капиталдағы экономикалық қайтарым,ол меншік капиталының салық пайдасына бөлінгеннен кейінгі қатынасы.
E-пайдалылық, ол салыққа дейінгі пайданың салықтан кейінгі пайдаға қатынасы.
H1-пайда маржасы, ол операциялық табыстарға салық пайдасына дейінгі қатынасы.
Н2-активті қаалдықтардың тиімді деңгейі, онда активтерге операциондық табыстардың қатынасы.
Н3-капитал мультипликаторы, онда меншікті капиталдың активіне қатынасы.
Меншікті капиталдың экономикалық қайтарым мәні былай анықталады:
1.Салықты тиімді басқару.
2.Шығымдарды бақылау тиімділігі.
3.Активті басқару тиімділігі
. 4.Ресурстарды бақылау тиімділігі.
Жоғарыда берілгендегідей қайтарымды меншікті капиталдың факторлық талдауы бойынша мыналарды қарастыруға болады;
1. Экономикалық қайтарылымды капиталдың жалпы өзгеруі= N- N°, онда N°алдыңғы кезеңдегі экономикалық қайтарымды капиталы.
2. Пайданың өзгеруіне байланысты экономикалық қайтарымды капиталдың әсер етуі= (E -E°)*Н1*Н2*Н3
3. Пайда маржасының көлеміне экономикалық қайтарымды капиталдың әсер етуі=(Н1-Н1°)*Н1*Н2*Н3
4. Активтерді қолдану тиімділігінің өзгеруінің экономикалық қайтарымды капиталдың әсер етуі=(Н2-Н2°)* E°*Н1°*H3.
5. Капитал мультиликатордың өзгеруінің экономикалық қайтарымды капиталының әсер етуі: ==(Н3-Н3°)* E°*Н1°*H2°.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Банковский портфель – 2./ Под ред. Коробова Ю.И – М., Соминтэк, 1994.
2. Грабовый С. Риски в современном бизнесе.- М., Банки и биржи, Юнити, 1995.
3. Основы банковского менеджмента./ Под ред. Лаврушина О.И.-М., Инфра-М, 1995.
4. Банковские риски.// Деньги и кредит.-1993.-№12, - с.18-26....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру