Экономика | Германиядағы әлеуметтік жұмыс

Экономика | Германиядағы әлеуметтік жұмыс

Германиядағы әлеуметтік жұмыс.

ХІХ -ғ Германияда әлеуметтік жұмыс ғасыры болды. Әлеуметтік жұмыстың құрылуы мен дамуы мемлекеттің индустриализациясы ықпал етті. Өйткені бұл жағдайдың әсерінен көп отбасылар кедейлік шегіне болды. Соның нәтижесінде көп отбасылар мен адамдар әлеуметтік қамсыздандыру қажет етті.
ХІХ-ғ ІІ- жартысында мемлекетке әлеуметтік қызмет көрсеткен қайырымдылық қорлар мен шіркеулерде жеткілікті қаражат болмады.
1880 ж Германияның конгресінің қолдауымен кедейлерге қамқорлық көрсету қайырымдылық съезінде Германдық мемлекеттік және қамқорлыққа алу деп айлық өзгертілді. Ол басында Бермен қаласында орналасты ( 1993 ж-дан 1945 ж-ға дейін), содан Франкфурте-на-Майне қаласына ауысты.
Бұл орталық одақ мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық мекемелерде сонымен бірге жеке адамдарды ФРГ-да әлеуметтік жұмысшы іске асратындарды біріктірді. Германдық одақ практиканттарды, әлеуметтік педогогтарда, ғалымдардың бірігуіне және бірігіп әлеуметтік көмек саласына, шашарға және денсаулық сақтау саласына көмек берудің іргетасын салды.
ГДР мен ФРГ-ң қосылуынан кейін қатысушылардың саны одан да көп көбейіп, 3000 мың адамды құрады.
Мемлекет тарапынан бұл ұйымға федералды деңгейдегі өкілдер, федералды деңгейдегі жерлер, бас қалалар мен аймақтар кірді. Қоғамдық ұйымдардан жұмысшыларға арналған қайырымдылық бірлестіктер, католикті «Каритас», Германдық « Қызыл Крест» және т.б. қайрымдылық одағы.
Сонымен бірге оған жеке адамдар кірді, ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер, басқарулардың, жетекшілері мен танымал қоғамдық қайраткерлер кірді. Одақ жұмысына білім мекемелері, зерттеу институттары, әлеуметтік жұмыс тәжірибелік мекемелер.
Германияда әлеуметтік қызметтәуелсіз жеке сектордан мемлекеттік қорларына өту көп кездесуде.
Әлеуметтік мәселелерде шешу үшін сонымен бірге ерекшелердің қызметін қолдануда. Олар адамдарға риясыз көмек көрсетуге тырысады. Мемлекет олардың арқасында мемлекеттік бюджеттен бірнеше млрд. Неміс маркаларын өндіруде. Халық мемлекеттің қамсыздандыруының бюрократиясынан қорқады. Сондықтан олар зардап шеккен адамдар арасында көмек көрсету жиі кездесуде.
Экономика мен әлеуметтік жұмыс арасындағы байланыс толық болмауы мүмкін егер де әлеуметтік қызметкерлер алған ақша қаражатын дұрыс қолданбаса. Бұл жерде әлеуметтік менеджмент туралы сөз қозғалуда. Әр қызметкер өз клиентінің қаржылық проблемалары туралы ақпараты болуы тиіс.
Қаржылық жағы әлеуметтік қызметкерлердің қызметінде үлкен мролі бар.Германияда әлеуметтік қажеттіліктерге арналған қаражатты алу ең алдымен мекемелерде әлеуметтік қызметші қаржыландыратын мемлекеттен шіркеу бірлестіктерден, әлеументтік сақтандыру қорларынан, қоғамдық ұйымдардан, көмек кассалардан. Оданбөлек қаражат көздері: аурухана кассалары, зейнеткерлерді қамсыздандыру, сонымен бірге несие мекемелерінен кепілдік береді. Германияда әлеуметтік қызметкерлер қаржы көздерін пайдалана алуы тиіс.
Германияда 1994 жылы мекемелерде бір адамға 13 неміс маркалары жұмсалады Германияда әлеуметтік көмек реформалары жүріп жатыр. Әлеуметтік көмек тек қаржы қызметтерін көрсетумен ғана шектелмейді. Мемлекет әлеуметтік қызметкердің алдына клиенттердің еңбек рыногының жұмыссыздық процесін реттеуге міндет қояды. Әлеуметтік мемлекет дамытудың басқа да принциптерінде іске асырады. Олар арқылы көмек құруда.


Скандинав елдеріндегі әлеуметтік жұмыс

Солтүстік Еуропада қоғам мен толыққанды тұлғаның дамуына және германиялық қарым-қатынастарды кепіл ететін адамның әлеуметтік қорғалу жүйесін құруға мүмкіндік туды. 1970 жылы скандинав жүйесі толық құрылып бітті. «Скандинав моделі» Солтүстік Еуропада жақсы дамыса, Швеция да артта қалмады.
1970 жылы соңына қарай Батыс Еуропа мен АҚШ-та құрылымдық кризистің салдары көріне бастады. Сол кезде ғалымдар әлеуметтік жоспары жағынан тәжірибесі сәтті болған скандинав елдеріне назар аударды.
Ең бірінші жұмыстардың бірі – ол Глазго университетінің Британ оқытушысы Дороти Уилсонның «Швециядағы тұрмыс жағдайлы мемлекет» атты кітабы жарық көріп, ло Швециядағы әлеуметтік саясаттың 10 жылдықтарын қорытындылады.
Д.Уилсон швед қоғамындағы әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қарастыра отырып, ол зейнетақы жүйесіне, денсаулық сақтау қызметіне, еңбек қатынастары мен жұмыссыздық саласындағы мемлекеттік саясатқа талдау жасайды. Д.Уилсон мынандай қорытынды жасайды, «кедейшілік – Швецияда қиын мәселе емес, алайда «өмір сүрудің төменгі деңгейімен» түратын халық топтарының денсаулығын, білімін, тұрмыс жағдайын саяси белсенділік деңгейі немесе демалуды көрсеткіш ретінде алатын болсақ». Ол Швециядағы әлеуметтік көмек Британиядағы адресті әлеуметтік көмектен әлдеқайда көп болатынын айтқан.
Швецияда зейнеткерлердің өмір сүру жағдайына табысты қайта бөліп беру саясатына үлкен көңіл бөлінеді. Онда еңбекақының 70% адамды еңбек еткен кезіндегі жағдайды қамтамасыз етеді дейді, бірақ оның бәрін мемлекет төлемейді. Ол үшін Швед үкіметі екі жалпы ұлттың зейнетақы қорын ашты. Сонымен, егер жұмысшы 1978 жылға дейін зейнетке шықса, ол еңбекақының 70% + 15% - егер ол үйленген болса алады. Көптеген еңбекақысы аз адамдар зейнеткерлікке шыққан соң, олардың тұрмыс жағдайлары жақсарды.
Д.Уилсонның ойынша, жұмыссыздық жағдайында қиынырақ, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы жүйесі адам кәсіподақта тұруына байланысты болады. Швецияда жұмыссыздық деңгейі 1,5% болғандықтан, оған аса көңіл бөлінбеді.
«Скандинав моделі» 1980 жылы терең зерттелді. Бұл модель туралы атақты зерттеушілер: М.Алестадо, С.Кюнле, Е.Эспинг-Андерсон, В.Корпи, Н.Рогофф-Рамсей, т.б. үлес қосты. Үш томдық «Скандинав моделі:Тұрмыс жағдайлы мемлекет және әлеуметтік саясатты зерттеу» кітабы скандинав әлеуметтік саясатының тарихы мен «тұрмыс жағдайлы мемлекеттің» осы саладағы проблемалары мен қиындықтарына статьялар, жұмыстар, оның ішінде нақты ғылыми міндеттерді қарастыратын әлеуметтіку саясатты ұсынады. Осы ғалымдар қандай қорытындыларға келді?
Ең бастысы, олар «скандинав жолы» шынымен әрекет ететінін айтты – көтеріліс пен фашизмсіз қазіргі кездегі демократияға келу жолы деді. Фермерліктің пайда болуы, өзінің кезегінде, қоғамның әлеуметтік поляризацисының маңызды түрткісі болды: фермерлер мен қала қоғамының арасы алшақтап кетті.
1980 жылы солтустік қоғамдардың дамуы жаңа факторлармен қиындай бастады: әлемдік экономикадағы стагнация( қатып қалу) және «орта таптың» көбеюіне байланысты олардың белсенділігі артты.Скандинав социал-демократтары жаңа және қиын мәселелермен кезікті: әлеуметтік тұрмыс жағдай жүйесінің кеңеюі өздігімен болатын нәрсе сияқты қабылдау тоқтатыла бастады. Енді үкімет саясатының құрамы қоғамдағы саяси теңдікті сақтау құралы ретінде қарастырды.
1987 жылы АҚШ-та Хью-Хекло және Хенрика Мадсеннің Швециядағы әлеуметтік саясат туралы қызықты зерттеу шықты. Оның аты: «Policy & Politics in Sweden» - «Саясат: идеология және нақтылық». Оны былай түсіндіреді: «Policy – бұл саяси институттардың нақты саяси курсты жүзеге асыратын мақсатты бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Ол әр түрлі әлеуметтік мәселелер мен маңызды қызметтерге көңіл бөлуді талап етеді. Politics – қоғамдағы саясатты снықтайтын тұлғалардың, әлеуметтік күштер мен әлеуметтік институттардың қатынастарын реттейтін кең мағына. Екі түсініктеменің қатынастарын талдау дамыған елдің қалай және неге бір-біріне ұқсамайтындығы көрсетіледі».
Хекло мен Мадсен өздерінің кітабында Швецияның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдайды: кризисті приодтағы, еңбек қатынастарындағы, әлеуметтік қамту жүйесіндегі, тұрмыстық саясаттағы еңбек саласындағы саясаттың экономикалық шараларын талдады.
Ағылшын ғалымы Артур Гульдт (1970-1980жылы) әлеуметтік бақылау мен «тұрмыс жағдайлы қоғамның» арасындағы салалық қатынастарды қарастырды. Оның «Тұрмыс жағдай саясатындағы конфликт және бақылау: Швед тәжірибесі» монографиясы 1988жылы жарық көрді. Бұл жұмыстың қзықтығы ол швед әлеуметтік жүйесінің қызметін 4 нақты мысалмен: балаларды қарау, әлеуметтік көмек(нақтырақ айтқанда, оның алуға құқығы) алкогольді-наркотәуелді адамдарға қатынасы туралы аспектімен көрсетеді А.Гульдт саясатының қаншалықты мөлшерде жұмысшылар қызығушылығына қызмет етеді және қандай деңгейде үкіметтің сол партиясымен жарияланған мақсаттарға сәйкес келе ме деген сұрақтарға жауап іздеді. Швед социал-демократтары халықты мемлекеттен көмек сұрамау үшін көптеген іс-шаралар жасады.
Ерекше басқарушылық қызмет ретінде әлеуметтік жобалаудың негізгі мақсаты - әлеуметтік жобаларды құру. Әлеуметтік жоба олардың арнайы іс-әрекетінің нәтиже
Сінде пайда болатын жүйесінің болашақтағы жағдайын бейнелеуге арналады. Ол арнайы қаржылық, еңбек, материалдық, отын-энергетикалық, интеллектуалдық, танымдық, эвристикалық, құндылық және басқа ресурстарға арналады.
Әлеуметтік жобаларға мынандай талаптар қойылады:
1) жобаланатын обьектіде нақты жобасыз жақсы, жағымды сипаттамалар пайда болмайды;
2) әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруды қамтамасыз ете алатын параметрлер;
3) белгілі бір уақыт аралығына бейімделген сипаттамалар.
Әлеуметтік жүйелердің, процестердің және құбылыстардың әлеуметтік жобасы оны дамытудың негізгі шарттарына сай келуі керек: ғылыми негізде құрылуы керек, іске асыру тұрғысынан тиімді, қарама-қарсылықсыз, іске асыруға арналған болуы керек. Жалпылама арналған нормаға қайшы келмеу әлеуңметтік жобаның негізгі сипаттамасы болып табылады.
Көбінесе күрделі болып әлеуметтік жүйелердің, процестердің, қарым-қатынастардың болашақтағы жағдайының жобалары саналады. Ең алдымен әлеуметтік процестердің күрделілігі сандық көрсеткіштерінде. Сондықтан әлеуметтік процесс параметрлерінің сандық-мазмұндық бағасының тәжірибесі көп таралған болып саналады Адвокатты әлеуметтік жобаларды құру үшін әлеуметтік жобалауды технологизациялау керек.
Әлеуметтік жобалар техникалық, математикалық және логикалық әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Жобалауды жүргізу үшін таңбаланған деректер, ауызша суреттеулер, кестелер, сызбалар, бланктер, схемалар, өзара әрекет тізбегі, макеттер кодтар, символдар, алгоритмдер, блок-кестелер, матрицалар және т.б. құрылады. Қазіргі кезде жобалаудың автоматтандырылған түрі қолданылады.
Әлеуметтік жобалау сатылары.Әлеуметтік жобалаудың келесідей сатылық мақсаттарын көрсетуге болады: жобалық мәселені анықтау; жобалық зерттеулер жүргізу; бағдарламаны жетілдіру; тұтас жоба қалыптастыру; жобалық үлгіні іске асыру.
Жобалық қызметті құратын жобалау сатылары келесідей түрде болуы мүмкін. Көрсетілген сызба дәстүрлі және жалпы сипаттама береді. Бірақ әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде берілген сызбаны көп қолданбайды. Ол шешілетін мәселеге және жобаланатын әлеуметтік объектінің ерекшелігіне байланысты. Сонымен, жобалаудың сатылары келесідей:
1-ші саты. Мәселені тұжырымдау – оны өзгертуге мақсатқа бағытталған әрекеттерді талап ететін проблемалық жағдайдың анықталуы.
2-ші саты. Әлеуметтік тапсырыс - өзгеретін әлеуметтік жағдайдың мүмкін болатын нұсқаларын модельдеудің көмегімен кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу қажеттігін анықтау.
3-ші саты. Объектіні паспорттандыру – жүйе, процесс немесе көрініс туралы нақты мәліметтер алу, олардың жағдайын, қызметін және дамуын сипаттау. Паспорт – бұл жүйенің сандық және сапалық параметрлерін бейнелейтін, қызметі мен дамуына әсер ететін қосымша құжат, элементтер құрылымының анализі шығады.
Әлеуметтік құрылым паспорты құрылымының сатылары(жалпы сызба) :а)жүйенің қалыпты дамуы мен қызметіне әсер ететін сипаттамалар мен параметрлердің анықталуы олардың классификациясы мен дифференциациясы; б) паспорттың формасын жетілдіру (басқаратын ішкі жүйелердің әсерінен өзгеруі мүмкін көрсеткіштерді енгізу) ; в) паспорт формасын толтыру, қажетті мәліметтерді алу: құжаттармен жұмыс, сауалнама жүргізу интервью алу.
4-ші саты. Мақсаттарды анықтау – кейбір мақсаттарға жету үшін бұл сатыда іс-әрекеттерді жоспарлау жүргізіледі Сонымен бірге уақытты, шығындарды белгілеу, қойылған мақсатқа жетудегі процестің адекваттылық дәрежесін бақылайтын бағалау критерийлері жүргізіледі. Мақсатты тұжырымдау әр түрлі бейнеленуі мүмкін, мысалы график түрінде – «мақсаттар ағашы». Мұнда әр түрлі мақсаттардың қатынастары, сатылары көрінеді, проблемалық жағдай соңына дейін зерттеледі.
5 – саты. Негізгі міндеттерді белгілеу – жобалық қызметтің міндетін тұжырымдау. Оларды іске асыру алдын ала қойылған мақсатқа жетуге себепші болуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жобаның алдына қойған мақсатына жетуге міндеттер нақты болы керек.
6 – шы саты. Жобалық қызметтің стратегиясын таңдау – нақты құралдар, шаралар, іс-әрекеттер арқылы орындалатын тұжырымдалған міндеттер. Бұл сатыда жүйелілік және өзара тәуелділік анықталады және жобалық қызметтің жұмыс жоспары мен ұйымдық бағдарламасы шамамен құрылады.
7 – ші саты. Ұйымдық бағдарламаның құрылуы – ұйымдық бағдарлама жобалаудың баолық стратегиялық сатыларында әлеуметтік жобалаушылардың мақсатқа бағытталған және ынтымақтасқан қызметін қамтамасыз етеді.
Ұйымдық бағдарлама мынадай түрлендірілген құрылымнан тұрады: жобалық қызметтің мақсаттары мен міндеттерінің жобалаушымен тікелей тұжырымдалуы; қызметкерлердің қабілеттеріне байланысты ролдерді анықтау; жобалау объектілерінің тізімін жасау; алға қойылған мақсатқа жетудегі жоспардың нақты мазмұндалуы; күтілетін нәтижелердің және іс-әрекет құралддарының тізімі.
8 – ші саты. Болжау – алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін, дамуын немесе жойылуын алдын ала көре білу. Болжам жүйенің болашақтағы жағдайын бейнелейді.
Болжам жасаудың 3 негізгі және бірін-бірі толықтырушы әдісі бар:
1) анкета жүргізу; 2) экстраполициялау және интерполициялау – болжанатын процестің көрсеткіштерін дамытатын динамикалық (статистикалық және логикалық) қатардың құрылуы; 3) модельдеу – болжанатын объектінің ықтимал және қалаған өзгерістерін есепке ала отырып ізделетін және нормативтік модельдерді құру.
Болжау сатысы 3 бөлімнен тұрады:
1) зерттелетін болжамды анықтау;
2) нормативтік болжамды анықтау
3) мақсаттар мен міндеттерге, ресурстар мен уақытқа сәйкес болжамдарды верификациялау және түзеу.
9 – шы саты. Модельдеу – болжамдарды верификациялау мен түзеудің көптеген нұсқаларының негізінде жүйелер мен процестердің болашақтағы жағдайының моделі құралады.
Қазіргі кезде модельдеу – зерттеудің негізгі бөлігі болып саналады және танудың кең таралған түрі.
Модель – бұл ойша елестететін немесе заттай іске асырылған жүйе.
10 – шы саты. Конструкт – жоспарланған нәтижеге жетуде модельдердің ішінен аз шығын шығатынын және тиімдісін таңдау.
11 – саты. Жүйенің жобасы – бұл сатыда идеалды модель белгілер жүйесімен белгіленеді, жобаланатын жүйенің және оның жеке элементтерінің жобалық ерекшелктері анықталады, ондағы нақты байланыстар айқындалады.
Осы сатылардың нәтижесінде әлеуметтік жоба құралады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру