тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ
«АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ
НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ
Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).
М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды. Н.Орманбетұлының қазақ халқының әлеуметтік өміріндегі аталған саяси маңызы зор іс-шараға қатысқаны жөнінде Қазақ Ғылым академиясы сирек кітаптар мен және қолжазбалар бөлімінде мынадай құнды дерек бар: «...Осы кезде қазақ даласында қызу түрде ұлт қозғалысы басталды. Ұлтшыл оқығандардың басы қосылып, Қарқаралы уезінде бұл қозғалыс айқын және кең орын алды. Сол жылы Қоянды жәрмеңкесінде ұлтшылдардың мың адам қол қойған талап-тілектеріне қызу араласты. Ол (Нарманбет) соған арнап бірнеше өлең жазды. «Мектеп бастығына» деген өлеңінде ақын өзінің таптасы А.Байтұрсынұлының алдына ұлтшылдық пікірін жайып салды. Қарқаралы қозғалысының ұйытқысы болған Ахмет, Жақыптар жер аударылғанда шығарған өлеңі «Қазақты жүруші еді қойдай бағып». Сонымен қатар Жақып Ақпайұлы екеуі «Алаш Орданың» сайлауын өткізуге бара жатып бір үйде шығарған өлеңі «Құрылтайға бара алмай құр қалмайық» деген жєне 1905 жылы «Жақыпқа» атты өлеңдері бар». Мұрағат құжатында кешегі таптық таным, идеологиялық көзқарас жатқанымен Алаш арыстары өмірінен құнды деректер табамыз. Мәселен, ақын 1905 жылы жазылған «Жақыпқа» деген өлеңінде: «Жатпадық су түбінде сәден болып, Шықпадық бір күндерде дария толып. Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Сықылды болдық қарға ұшып-қонып. Біз болдық өнерімізді тауысқандай, Мерт болдық айға шауып арыстандай. Байғазыдай тауда жытып, тас жастанбай, Шықылдап көзге түстік сауысқандай» деп кең даланы ен жайлаған бейқам елдің мүшкіл халін айтып, берекесіз тіршіліктің мәнсіздігіне налиды. Тығырыққа тап болған халықты жарық болашаққа бастайтын ұлт зиялыларына, соның ішінде Ж.Ақбаевқа сенім артады.
Ж.Ақбаевтың қоғамдық қызметін терең зерттеген ғалым, қоғам қайраткері М.Құл-Мұхаммедтің: «Отаршыл шенеуніктердің аса зор өкінішіне ќарай, ХХ ғасырдың басында далада осындай адамдар пайда бола бастады. Ж.Ақбаев сондай адамдардың бірі болса, білімі терең және барынша батыл болѓан ол халықтың қанын сүліктей сорған зорлықшыларға тау селіндей тасқындап, шүйлікті» деген пікірі қазақтан шыққан тұңғыш заң магистрі, Алаш арысының ел үшін атқарған ер еңбегін, ұлтжандылық тұлғасын анық танытады.
«Қазақты жүруші едің қойдай бағып» өлеңінде Қарқаралы петициясының маңызын, осы іске ұйытқы болған Алаш азаматтарының елдік жолындағы қызметін:
Жазылды жәрмеңкеде патшаға дат,
Мұнан соң мәшһүр болды бұл ғазағат.
Тоқтамға жұрт қатарлы елді сұрап,
Жанақтан болсын деген келді рұқса.
Қазақты жүруші едің қойдай бағып,
«Қабаған» сәттерінде қоңырау тағып,
Халықты аяй тұғын асыл заттар.
Бір-екі тұйғын ұшты қанат қағып.
Ұшқан жоқ ол тұйғындар қызыл үшін,
Соқты ғой дін мұсылман қызығы үшін, –
деп бағалаған ақын дүниетанымына, шығармашылығына 1905 жылғы бірінші орыс төңкерісі де айрықша ықпал етеді. Ол оның саяси-әлеуметтік поэзиясына жаңа үн, жаңа сарын әкелді деп айта аламыз.
«Адал мінез, ақ кәсіп,
Үйде отырып қорланбай,
Ашық тұр ғой кең есік -
Кіріп хаққа жылайық!
Қаршыға аңдып қоянды,
О да шошып оянды,
Кел, ұйқыдан тұрайық!» – деп ұлттық ояну ұранына өзіндік үнін қосады.
Бұл өлеңде Нарманбеттің 1905 жылы қандай бағыт ұстанғаны, қандай мақсат көздегені айқын көрінеді. Ол сол кездегі барша көзі ашық, көкірегі ояу ұлт зиялылары сынды заман ағымы, қоғам өзгерісіне сергек қарады. Сол себепті де қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып, өз дәуірінде барша Алаш азаматтарын толғандырған қоғамдық және әлеуметтік мәселелерді батыл көтерді. Ол империялық отаршылдық саясаттың әдейі жасап отырған рулық тартыстарды, олардың халықтың бірлігіне нұқсан келтірген кереғар әсерін, еліміздің алауыздығын, сол кезеңдегі қоғамдық қайшылықтарды сынай отырып, халықты оқу-білімге, рухани оянуға шақырды.
Ақын 1906 жылы Семей қаласында өткен Мемлекеттік Думаға депутаттықа кандидат ұсыну жөніндегі жиынға қатысса, 1907 жылы Семей облысының қазақтарынан Мемлекеттік Думаға сайланатын осы өңірдің сайлау жиналысының Қарқаралы уезі болыстығынан сайлаушысы да болып бекітіледі. Осындай әлеуметтік өмірге араласа жүріп, ақын патшаның отаршылдық саясаты қазақ халқын жерінен айыру, елдігін жою екенін терең ұғына бастайды. Ол «Сарыарқаға қарасақ», «Қазақ елі біз тұрмыз», «Шал қайғысы», «Ауыл қайғысы», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер» өзге де саяси-әлеуметтік тақырыптағы өлеңдерінде өз көрінісін тапты. Сондықтан да оның поэзиясының негізгі арқауы – патшалық отаршыл саясат озбырлығы, жер қайғысы, әлеуметтік теңсіздік, халық бостандығы болып келеді. Бұны белгілі әдебиетші ғалым Е.Ысмайылов: «Нарманбет – сөзсіз ірі талантты ақын, ол өз дәуірінің зор реалист сыншысы. Мұның творчествосында ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласының саяси-экономикалық және әлеуметтік шындығы, бейнесі айқын көрінді. Нарманбет творчествосының негізгі мотивы – халықтың қоғамдық өмірін айтып, жырлап беру» - деп атап көрсеткен болатын.
Міне, осы тұрғыдан алғанда ақын өз дәуірінің елдікпен сабақтас күрделі мәселелеріне сергек қарай отырып, әлеуметтік істерде де барынша беделді болды. Мәселен, ел игілігі үшін, халқының рухани кемелденуі үшін ақ адал еңбегімен тапқан қаржысын аямаған атақты қазақ меценаты Есенқұл Маманов 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Ашық хат, азаматтарға» мақаласында қазақ романдарына бәйге жариялағанын және сол шыңармалардың әділ бағасын берушілер қатарында Нарманбет Орманбетұлын да атайды. Мысалы: «Сыншылыққа мына мырзаларды лайықтаймын. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, екеуінің бірі, Мұхаметжан Сералин, Райымжан Мәрсеков, Шәкәрім Құдайбердин, Яқұп Ақбаев, Нармамбет Орманбетов һәм Нұрғали Құлжанов. Ардақты азаматтар! Жаңа бас көтеріп келе жатқан әдебиетімізг бір қызмет бола ма деп басталған ниет еді, бұған әрқайсыңыз ілтипат етіп, ұлт әдебиеті құрметіне сыншылықты қабыл етулеріңізді өтінемін».
Есенқұл Мамановтың әлеумет мұңын жырлап, халық мүддесін көздеген Нарманбет ақынға деген ерекше ілтипаты десек, сонымен қатар Қазан төңкерісіне дейінгі ұлт баспасөзін ыждахатты зерттеуші Ү.Субханбердина атап өткеніндей, Н.Орманбетұлы «Қазақ» газетіне хабар жазған, тілшілік міндет атқарған.
Соның ішінде Нарманбеттің «Қазақ» газетінің шығарушыларына жазған хаты да аса құнды мұра деуге болады. Мұрағаттағы Т.Ахметұлының Нарманбеттің өлеңдер жинағына жазған алғы сөзінен алынған хат мәтінін толығымен келтірмекпіз. Өйткені бұл маңызды мұра әлі ешқандай басылымда жарияланғаны жоқ. Ол ақынның азаматтық тұлғасындағы елшілдік қасиетті танытумен қатар қазақ зиялыларын ақыл-парасатқа шақырған озық ойын да айғақтай түседі.
Сүйікті «Қазақ» газетінің шығарушы мырза!
Аға қарындас.
Лайық көрсеңіз мына хатты бір нөмірге бастырсаңыз.
«Қазақ» газетінің әлденеше нөмірлерінде жазылды. Жаһанша мен Ғалихан мырзалардың бас қосу турасындағы бірнеше мақалалары. Бағзы оқушларға талас-тартыс тәрізді. Менің ойымша мынау мақұл, анау теріс деуге болмайды. Не үшін? Екеуі де халықтың қамқоры сияқты кісі. Моллалар айтады - «Мажмурның қатесі-мақпуы ниет түзулігі үшін» деп, һәм шариғат бір құлды қырық жарады. Ортасын таппақ оңай емес. Жаһанша ақ көңілмен айтатын шығар-кеңескен ел азбайды, кең бішкен киім тозбайды-жақсылар бас қосып кеңессе, әлбетте жақсы болар еді. Жаһанша «қудан ұшқыр, құланнан жүйрік» зейінді, ойлаған шығар.-Жұрт адамы бас болып, ақыл ауыздан, мерей көзден» дегендей, жұрттың мұң-мұқтажын сөйлесіп, бір жағадан бас, бір ауыздан бірлік шығарып, жақсы мәслихатта болып, ХХ-ғасырдың тарихында «Қазақ кеңесі» деп, жазылғандай бірінші болып қалар еді деп. «Кеңескен ел азбайды, кең бішкен тон тозбайды» деген бұ да мақұл.
Екінші. Ғалихан көпті көрген көнелік ақылмен толғанған шығар. - Қазақ жиылып, бас қоса қоя ма, қосқанмен қазірде не шығады? дейсіз. «Көбікке күйген ауыз сүтке күймей ме? Ләкин рұқсат бере қоя ма? «Көрпеңе қарай көсіл» деген, көрпе тар ғой деп. Бұ да дұрыс. - Кеңесіңді кейін сал, құлағыңды бері сал, көрпеңе қарай көсілу керек деп. Көбікке күйген ауыз, сүтке күймей ме? Қайыр, екеуіне де рахмет айтып, халықтың қамы үшін қалам тебіренткеніне. Һәм өтінем сол екі бауырымның асыл сөздерін жасыққа жібермей тоқтатуға.
Біздің қазақ осы күнде тұманда адасып. . . . . . . . . . .. . . . . . . . .
Адасқан адамға-батыстан біреу, шығыстан біреу айқайласа, қайсысына барарын да білмейді һәм ауылын да оңай таба алмайды. Әгәр дауыс біреу болса тұспалдап табуға да болады. Осы мүптилік мәселесі қозғалынса, оған да бірыңғай мәсилихат ету керек. Мен ойлаймын-қыр облыстарының қазағы рухани жұмыс туралы ноғай мүптиі де қосылу керек,. Ноғай біздің: бірінші-түптес, екінші-діндес қарындасымыз. Ноғай түгіл кеше . . . . . мұжықтың жартысы қазақпен бір туысса. .. . .. . . . . . .. . . .. .. . ........ .. . . .. . . .. . .. .. .. .. .
Ақыр көрпеміз ұлғайса көреміз. Бір болыс елдің екі болыс ел болғаны бар ғой. Және де қариялар айтыпты «барыңда болып өт, боз жорғадай желіп өт, әгәр оңай болмасаң, болған ердің қосын деп».Нарманбет Орманбетұлы. Қарқаралы.» .
Хаттағы ақын ойларынан оның әлеуметтік мәні зор іске үн қосып, елдік мәселедегі ортақ шешімін табуда парасат пайымдарын білдіріп, ұлт зиялыларының талаптарын қолдаушы болғанын көреміз. Сонымен қатар туысқан татар халқымен рухани, діни өркендеуде бір бағытты ұстану қажеттігі туралы толғаныстарының да саяси мән-мағынасы терең деп айта аламыз. Өйткені өз дәуірінің келелі мәселелерінен шет қалмаған ақын сол тұстағы жәдитшілді, милләтшілдік сияқты Ресей түркі халықтырының озық ойларымен де таныс болғанын хаттағы пікірлері толық танытады.
Қазақ әдебиет тарихында туған елінің бодандық қалпын ерекше бейнелеумен қалған Нарманбет Орманбетұлы сияқты елшіл ақынның «Алаш» қозғалысынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Оны жоғарыдағы ақын өлеңдерінен, сол ұлт-азаттық қозғалыс тұсындағы ұлтжанды әрекеттерінен байқадық. Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақпаев сияқты қайраткерлердің пәрменді істеріне үн қосқан Нарманбет Орманбетұлының ұлт тарихындағы осы оқиғадан алар өзіндік орны бар.
Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі.
Мәмбет Қойгелдиев....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ