Әдебиет | Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң атышулы Машан бидің немересі.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады.
Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П.А.Рыжов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.
Ол ғылыми еңбегіне жер қойнауының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бермейтін тың тақырып еді. Кертартпа ғалымдар ғылыми жаңалыққа күдікпен қарады. Алайда Ақанның диссертациясындағы кен орындарын зерттеудің жаңа әдісі Қазақстанның көптеген кен орындарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылыми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдістерін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды.
1946 жылы Ақжан Жақсыбекұлы Мәскеу қаласында “Кендер құрылымын жер қойнауын геометрлеу әдістерімен зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, механика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт – “геомеханика” дүниеге келді.
А.Машанов жетекшілігімен жүргізілген геомеханика саласындағы ғылыми жұмыстардың өрісі кеңейіп, жас ғалымдар саны көбейе түсті. Геомеханикалық зерттеулерді жүргізуде, Ақжан Жақсыбекұлы – ең алдымен, кен орнының табиғи геологиялық жағдайын және қатты денелер механикасы мен физикасының негіздерін зерделеу арқылы адамзаттың инженерлік қызметінің нәтижесінде пайда болған жасанды ортаның геологиялық, кернеулі жай-күйін білуге және ашылған тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктеріндегі физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауға басты көңіл аударды десек, ол КСРО-дағы геомеханика ғылымының негізін салушылардың бірі және Қазақстандағы геомеханика мектебінің іргетасын қалаушы.
А.Машановтың геология, геомеханика саласындағы ғылыми еңбектері, көп жылдардағы далалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орындарының тау-кен мамандықтарына геомеханиканы жаңа ғылыми пән ретінде оқу үрдісіне енгізуге негіз болды. Ол тау-кен саласындағы ғалымдар ішінде алғашқысы болып “Геомеханика” пәнінің мақсаты мен мазмұнын тұжырымдады. А.Машанов көптеген ғылыми кітаптар жазды. Солардың ішіндегі “Механика массива горных пород”, “Введение в геомеханику”, “Основы геомеханики скально-трещиноватых горных пород”, “Геомеханика”, “Устойчивость бортов карьеров бассейна Каратау” сияқты монографиялық еңбектері осы саладағы іргелі зерттеулер қатарына жатады. Бір айта кететін жәйт, оның еңбектері “Маркшейдерлік іс” ілімінің отаны Германияда неміс тілінде жарық көрді. Бұл оның ғылыми мектебінің халықаралық деңгейде мойындалуы еді.
Қазақстанның алғашқы техника саласындағы интелегенттерінің алдында ғылым мен техниканың жалпы мәселелерімен қатар, ұлттық инженерлік-техникалық әдебиеттер жазу қажеттігі тұрды. Сол кездері А.Машанов тау-кен атауларының тұңғыш сөздігін, жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінде көптеген оқулықтар даярлады. Мәселен, “Кристаллография, минерология және петрография” атты кітабы соңғы ғасырдағы алғашқы және әзірге жалғыз оқулық болып есептелінеді.
А.Машанов ғылыми-техникалық білімді көпшілікке кеңінен насихаттаушы. Оның қаламынан туған “Жанар тау”, “Жер сілкіну”, “Таулар қалай құрылды”, “Жер сыры”, “Ғажайып ошақ басында”, “Табу” сияқты кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ол ғылымның сыр сандығын біртіндеп ашып, інжу-маржанын, талғаммен терген жан. Ғалым “Кісіліктің өлшемі – білімділік, сондықтан да барлық ғылымдар тарихын жақсы білу керек” деген қағиданы біздерге айтудан жалықпады және өзі де өмірінің соңғы сағатына дейін ғылымды сүйіп, ұлы ғалымдарды құрмет тұтып кетті.
Осы саладағы Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар келетін, еңбегі – ұлы бабамыз Әл-Фарабидің қазақ топырағында туып қана қоймай, қаны түркі екендігін дәлелдеудегі, оның еңбектерімен ұрпағын сусындату және насихаттаудағы теңдессіз қызметі. Ақанның арқасында Әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайта оралды. Бұл жолда жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан Әл-Фараби еңбектерін жинап, 1969 жылы бабамыздың Дамаск қаласынан бейітін тапқан да Ақаң еді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені – Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін біздерге жырдай қылып айтушы еді және оны өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты кітабында жазып та кетті. “Қабір басында көз жасымды тыя алмадым, қабіріне бас иіп тұрып, бір шөкім топырағын орамалымның шетіне түйіп алдым да, құранның өзім білетін сүрелерінің бірін ағытып қоя бердім” дейтін. Ақаңның бабамыздың басында тұрып шығарған өлеңі де бар:
Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз
Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария данамыз.
Араб, парсы, түрікте Сізді білмес жан бар ма?
Басқалар да таниды тарихқа көзін салғанда.
Зират – айлап басыңды
Елден іздеп келген ем.
Тәбәрік етіп бір уыс
Топырақ алдым мен сенен.
Мағауия мешіті,
Сан ғасыр бастан кешірген.
Қасыңда әлі тұр екен.
Дар ас-Салам ол мекен.
Торқалы мекен тоғысқан
Тоқсан тарау жол екен.
Сізге де мекен болыпты
Ел басын қосқан сол мекен.
(23 қыркүйек 1968 ж. Дамаск.
“Әл-Фараби және Абай” кітабынан, 40-бет)
Ақаңның үйіндегі кітапханасында сирек кездесетін кітаптар көп еді. Солардың бірі – Иоган Кеплердің “Аспан музыкасы” деген кітабын оқып отыра, Ақжан Жақсыбекұлы Кеплердің жазғандарының бірсыпырасы Әл-Фарабиден алынғандығын анықтады. Осы мәселеге байланысты А.Машанов 1984 жылы Кувейтте шығатын “Әл-Фараби” журналына “Орта Азияның мәдениет шамшырақтары” атты мақала жариялап, онда өз пікірін дәлелдеді. Кейіннен осы мақала төңірегінде жарық көрген пікірлерде белгілі ғалымдар “Әл-Машани мырза өз көзқарасын толық дәлелдеді” деп жазды. Міне, содан бері “Әл-Фарабиді ашқан Әл-Машани” деген сөз тіркесі жалғасып кете берді. Әл-Машани деген атақ Ақаңның өзіне де ұнағандығы соншалық, “Ай арысы” және “Геомеханика” атты кітаптарында авторы Әл-Машани деп өз қолымен жазып кетті.
Жалпы, Әл-Машани 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Осы еңбектері арқылы ғалымның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі елге мәшһүр болды.
Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған “Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы”, “Шығыстың Аристотелі”, “Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы”, “Әл-Фараби”, “Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары”, “Әл-Фараби және Абай” сияқты көптеген кітаптары жарық көрді.
Әл-Фараби мұраларына арнап осындай еңбек жазып жүрген және 1978 жылы Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізуге көшбасшы болған Ақаң әлем оқымыстыларын өзіне тәнті етті. Жетпісінші-сексенінші жылдары Әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесінде, Отырар, Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы ғалымның өзі Түркістанға барып, Отырар мұражайының ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқы ғылыми кеңесшісі болды.
Абай атамыздың 150 жылдық тойы тұсында жазылған “Әл-Фараби және Абай” атты кітабы өзінің мән-мағынасымен, ойшылдық, талдау болжамдарымен аса құнды, халқымыздың мың жылдық мәдени тарихының үндестігін зерделеген еңбек. Ақжан Жақсыбекұлы Абай дүниетанымын, ғылымның бастауы орта ғасырлық, араб, шығыс елдерінде жатқандығын, оның көш бастаушысы ұлы бабамыз Әл-Фараби болғандығын, сөйтіп екі дананың арасын жалғастырар ғылымның даңғыл жолын баяндаған, сонау мың жылдан астам уақыт өткен Әл-Фарабиден кейін, оған ой өрісі жақын. Парасаты кең, ойшыл Абай екенін дәлелдеген.
2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық деңгейде Әл-Фарабидің 1130 жылдығы аталып өтті. Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі артына мол мирас, өшпес іс қалдырған Әл-Машаниға берілді.
Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалады. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдар және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы жаратылыстану гуманитарлық институтына Ақжан Әл-Машани есімі берілген.
Әл-Машани барлық ғылымдардың басын біріктіруші – ислам дініне, мұсылманшылыққа, ислам философиясына ден қойған ойшыл ғалым. Ол ғылым мен ислам діні байланысының сырын ашқан, “екеуін бірінен-бірін айыруға болмайтынын”дәлелдеп кеткен.
“Алдаспан” тәуелсіз журналының бас редакторы Қазтай Әбіш тоқсан бір жастағы Әл-Машаниден (қайтыс боларынан бір ай бұрын) сұхбат алған болатын. Сонда журналист соңыңыздан ерген інілеріңізге, шәкірт балаларыңызға өсиет етер аманатыңыз қандай – деп сауал қойғанда, Ақаң былай деген болатын: “Кісіліктің өлшемі – білімділік. Қазақ жастары тек білімге ұмтылулары керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстау үшін де білімді болуы керек. Ал бар ғылымның тоғысар арнасы, зәулім шырқау шыңы – қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні – ең таза, ғылымға негізделген. Исламның бір үлкен парызы – ғылым. Ата-бабаларымыз қастерлеген сол дінді қадірлеп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін”.
Бұл айтылғандардың барлығы Ақаңның “Исламның ғылыми негіздері” атты қолжазбасында баяндалған.
Міне, осындай артында өшпес мирас қалдырған ойшыл – ғалым Әл-Машаниден алар тағылым мол.
Авторы: М.НҰРПЕЙІСОВА, техника ғылымдарының докторы, профессор. Б.ТӨЛЕУОВ, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
***
Қазақ халқының ұлы ғалымдарының бірі Ақжан Машановтың туғанына биыл – 100 жыл. Республиканың ғылыми жұртшылығы бұл шараны кең ұйымдастырып өткізуде. Алда оны ЮНЕСКО-де атау күтіп тұр. Ұлы ғалымның еңбегі, азаматтығы, ұстаздығы, басқа да қырлары жайлы жазылып жатқан мақалалар да аз емес. Соларға қосымша мен оның ұстаздығы жайлы сөз айтуды парыз санаймын.
Ақаң – менің ұстазым еді. Елуінші жылдары негізгі қызметін тау-кен (кейін политехникалық институт болған) институтында атқаратын ол КазПИ-ге келіп, география факультетінде геологиядан сабақ берді. Бізге де уақытын көп бөліп, лекциясын өз институтының бағдарламасымен жүргізді. Менің сол кездегі алған геология туралы білімім, геологияның толып жатқан салаларымен таныстырып, сол салалар бойынша сол кісімен бірге жүріп, экспедицияға шыққаным менің геология ғылымына деген құштарлығымды оятып, Жердің қалыптасу заңдылығын білуіме үлкен жол ашты. Ақаң экспедиция кезінде Е.Д.Шлыгинмен таныстырды, ол кісі де геологияның үлкен ұстазының бірі еді ғой. Н.Г.Кассиннің еңбектерін оқытты. Георгий Цареевич Медоев бізге “Табиғи динамика” дейтін пәннен сабақ берді. Олардың оқыған лекцияларын біз аузымыз ашылып, соншалықты бір қызығушылықпен тыңдаушы едік. Әсіресе, Ақаң жер астының ғажайып сырын фантастикалық романдай түсіндіретін. Содан мен геологияны жақсы оқып шықтым. Институтты бітіріп, аспирантурада оқып жүрген бір кезімде Ақаң кездесіп қалып: “Ей қыз, сен қолың бос болса, бізге келіп практикалық сабақ өткізші, менің уақытым жетпей жүр”, – деді. Ұстазымның сөзін жерге тастамай, политехникалық институтқа келіп, аз уақыт Медоев пен Ақаңның практикалық сабағын жүргізгенім бар. Ол кезде қазақша дәріс оқу деген ұғым жоқ, бәрі орысша. Ақаңа айтам: “Біз ауылдан келдік, біздің “произношенияларымыз” келмей жатады ғой” десем, “Жоқ, сен анау практикумды жаттап ал, содан кейін мен өзім тексеремін”, – дейді.
Мұның бәрі болашаққа, жастарға деген сенім екен ғой. Білімге сусап жүрген жастарды бауырына тартып, үлкен ғұлама ғалымның оларға ұсынған тәрбиесі екен. Менің бүкіл ғылыми жұмысыма ақыл берген, жеке мақалаларымды оқып баспаға ұсынған да Ақаң. Айтқаным Дауленова деген менімен бірге оқыған дос қызым болды, Қазақстанда бірінші рет физикалық географияны оқытудың методикасы жайлы диссертация қорғады. Соның ғылыми жетекшісі де Ақаң еді.
“Кристаллография” дейтін пәннен де бізге алғашқы мәлімет берген Ақаң. Ол бүкіл геохимияның, физиканың, қазіргі кен орындарынан алынатын қазба байлықтардың негізгі физикалық құрылымын түсіндіретін пән. Ақаң бізге осылар жайында әңгімеледі. Қазіргі педагогикалық институттарда мұндай пәндердің аты да аталмайды. Сол кезде Ақаң ғылым салаларын жеке-жеке бермей, ғылым табиғатының тұтастығын сақтап, бірімен-бірін ұштастырып, өзі туралы кейін деректі фильмде көрсетілгендей, кубиктің әрбір қырында қандай мағына барлығын математикалық жолмен түсіндіретін. Ақаңмен замандас, саяси көзқарасының салдарынан Алматыға жер ауып келген, атақты астроном, қазіргі Астрофизика институтының негізін салуға еңбек сіңірген Бухман деген астроном болды. Сол екеуінің бізге берген білімі күні бүгінге дейін бойымызда ғылымның негізгі жүйесін салып берді деп түсінем. Ақаң үзіліс кезінде шықпайды, отырады, қасына барып жаңағы ертегідей қызықтап айтқан әңгімелерін тыңдағымыз келеді. Тағы бір айтатын нәрсе – қарапайым адамдар алтынның, күмістің, платинаның, уранның қайдан шыққанын білмейді ғой, жер қойнауына біреу салып кеткендей, ана жерде анау бар, мына жерде мынау бар дейді. Солардың қалыптасу заңдылығын Ақаң бізге тақтаға сызып тұрып түсіндіретін. Менің Ақаң оқыған лекциялардан жасаған конспектім осы уақытқа дейін бар. Ақаңдай ұстаз болу, білім, ғылымды балалардың басына құйып беретіндей етіп Ақаңдай ұғындыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өзіміз де ұстазбыз ғой, “45 минут” уақыт ішінде әрлі-берлі сөйлеп, шамамыз келсе, қолтығымызға папкамызды қысып, шығып кетуге тырысамыз. Ақаң балалардың білмегенін білдіруге ұмтылатын. Ғылымға құштарлықты оята білетін. Әлем кеңістігінде ғарышқа ұшу, я болмаса атмосфера қабаттарының құрамын білу ол кезде біз үшін жұмбақ дүние болатын. Соның қандай екенін Бухман екеуі үйретті. Бухманның астрономиялық лабораториясы бар. Біз соған үйіліп-төгіліп барып, аспан әлемін көріп қызықтаймыз. Күн системасындағы планеталарды қараймыз. Маған ұстаз ретінде, менің болашағыма, жалпы соғыстан кейінгі ұрпақты үйретуде Ақаңның сіңірген еңбегі өте зор. Кейде қанша білімдар болсаң да, уақыт талабынан аса алмайтын, істегеніңнің барлығын ортақ ойлы етіп көрсеткің келетін уақыттар болады. Өзінің біліміне тиянақты, сөзіне тұрақты, құбылысты қазақтың ұлттық дәстүрімен, кең жазира даласының тарихымен байланыстыра түсіндіретін Ақаңдай бірде-бір адам жоқ.
Ақаң жайында, ұстаз ретінде айтқанда, жастарымызды тәрбиелеуде ұстамдылық, шыдамдылық танытып, білмегенін білдіруге тырысатын ұстаздардың болғаны маған соншалықты ой қалдырады. Кейде біле қоймаған жастарға зекіп жатамыз, болмаса ептеп түсімізді суыта қоямыз. Ақаң қашанда бірқалыпты баяу, істеген ісіне қанық. Аспирантурада оқып жүргенімде Ақаң мені Мәскеуге академик А.А.Григорьевке жіберді, “Сен қызым, ерінбей, отбасыңды қоя тұрып, Мәскеуге барып, сол кісімен ақылдасып, тақырыбыңды белгілеп келші”, – деді. Сөйтіп, Мәскеудегі үлкен ғалымдармен танысуыма, араласуыма да Ақаңның үлкен септігі тиді. Мәскеудегі Ақаңның достарының бірі А.Л.Яншин деген үлкен ғалым-геолог болды. Ол кісімен кездесіп, сөйлескенімде ол Ақаңның жайын сұрап, сәлем айтатын. Қазақстан табиғатының жұтаңдау мәселелерін қозғайтын. Ол ғалым Қазақстанды зерттеген, біздің атақты геологтармен байланысты, соның ішінде А.Абдуллинмен жиі пікірлеседі екен. Ғылыми нәтижелерінің қорытынды еңбегінің ішінде Арал экологиясына үлкен орын берілген.
Жақында ғана Ресей Шоқанның 170 жылдығын атап өтті. Мен барып, сол шараларға қатысып қайттым. Ақаң – қазақтың Шоқаннан кейінгі жердің тарихына, қазақтың табиғатының сырына кең көзбен қарай білген ұлы геолог ғалымы.
Аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Ақаңмен көршілес болуды тағдыр жазды. Бірде маған кездесіп қалып, “Ей, қызым, осы Сирияға барсақ қайтеді. Сен ана күйеуіңді үгіттесеңші, Сирияға бір сапар жасап қайтайық” – деді. “Жарайды, қашан”? “Мен ұйымдастырайын”. Содан қазіргі үлкен мемлекет қайраткері, белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев бар, барлығы 15 шақты адам болып, біз Сирияға жол тарттық. Ақаң қазақша да, орысша да әдемі сөйлейді. Қыпшақ, араб тілдеріне жетіктігін сол Шам шаһарында ғана білдік. Осы жолы ол әл-Фарабидің зиратын іздеп тапты. Ақаңның айтуы бойынша, Шам шаһарын айналдыра салған қорғанның кіші қақпа, үлкен қақпа деп аталатын қақпалары болған екен. Әл-Фараби кіші қақпада алдындағы қорымда жерленіпті. Бұл мәліметтерді жергілікті адамдарға Ақаңның өзі айтып, ақыры қорымды тапты. Зиратты аралап, үлкен арабист ғалымды көмекке алып, Ақаң зиратты бірінші болып ашты. Біз куә болдық. Басына белгі қойып қайттық. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани