Информатика | Ақпаратты қоғам инттернетті толық игеріп болды ма
«Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Белл мен О.Тоффлердің зерттеулерінде көрініс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген дәйек келтіреді. Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біркелкілендірілген ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықтандыру нәтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.
Жалпы, жаһанданудың дүниеге келуіне жағдай жасаған себептердің бірі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың күрт өркендеуі мен ғаламшарлық желілер құру болатын. Аса ауқымды желілерді асыра пайдалану жағдайында неғұрлым дамыған елдердің тарапынан дамуы кенжелеп қалған елдерге қатысты мәдени басқыншылықтың жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, қазір электронды желілерде, негізінен, әлемдегі 6 мың тілдің тек 12-сі ғана қолданылады. «Сандық алшақтық» та қазіргі жағдайды шыншылдықпен сипаттап отыр, әлем халқының 80 пайызының телекоммуникацияға қол жеткізуі шектеулі, шамамен 860 миллион адам сауатсыз, 2 миллиард адам электр қуатын пайдалана алмайды. Әлем халқының басым бөлігі әлі де болса аса ауқымды коммуникациялық желілерден қол үзіп қалған. Әлем халқының бай елдерде тұратын бестен бір бөлігі әлемдік табыстың 86 пайызын пайдаланады және интернетті қолданушылардың 93 пайызын құрайды. Екінші жақтан, әлем халқының бестен бірін құрайтын кедейлер әлемдік табыстың 1 пайызын ғана пайдаланады және интернетке қосылғандардың 0,2 пайызын ғана құрайды екен.
Артықшылығы – дау туғызбайтынына қарамастан, интернеттің қоғамның моральдық негізіне қатер төндіретін немесе лаңкестік және экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты материалдар тарату тәрізді келеңсіз қырлары да бар екендігін айта кету керек. Осы орайда қазіргі уақытта интернет желісін реттеу мәселесі едәуір қиындық туғызып отыр, бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік тұрғыдан араласып, оның қызметін реттейтін заңдар қабылдау қажет. Бұл орайда, интернеттің жаһандық сипатын ескерсек, бұл міндетті тек халықаралық ынтымақтастық арқылы ғана орындауға болады. Ашық әрі оңай қол жеткізілетін жаһандық ақпараттық желілер пайда болуына байланысты экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қауіпті ақпараттарды шектеу, дербес және басқа да деректердің қауіпсіздігін, өндірушілердің авторлық құқықтарын сақтау мәселелері туындайды. Қазірдің өзінде интернеттің қоғамдағы саяси процестерге ықпалын тигізуі, келеңсіз әлеуметтік салдарлары пайда болуы айқын көрініс табуда. Қорыта айтқанда, жаһанданудың жаңа толқыны ретінде ақпараттық қоғам үрдісі қарқынды түрде дамып, өндіріс пен ғылымның жетілдірілуіне үлес қосуда.
Сандар сөйлесе
Ресми дерек көздерінің мәліметі бойынша, 1994 жылы интернетке 3 миллион адам қосылса, 1998 жылы оны 100 миллион адам пайдаланатын болған, бұл орайда ғаламдық желіні пайдаланушылар саны әрбір 100 күн сайын екі есе артып отырған. Салыстыру үшін мынадай деректер келтіріледі: 50 миллион адамды қамту үшін радиоға 38 жыл, телевизияға 13 жыл уақыт керек болыпты. Қазақстанда интернет желілерін пайдаланушы адамдардың саны 2005 жылы 400 мың болса, 2010 жылы 4 миллионға жеткен. Барлық веб-сайттардың 80 пайызға жуығы ағылшын тілін қолданады, ал әлемдегі ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың саны 40 пайызға да жетпейді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Ақпаратты қоғам инттернетті толық игерип болды ма туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ақпаратты қоғам инттернетті толық игерип болды ма на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Информатика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ақпаратты қоғам инттернетті толық игерип болды ма