Құқық | Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі
Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше "принциптер - бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.
Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.
Сондай-ақ, оның азаматтьқ сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Аза-маттық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: "Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды".
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтьқ істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматқы істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады.
Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан қоғамдың қатынастарды реттеуге ат салысады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға болады.
Көптеген авторлардың ойпікірі бойынша құқық принциптері - бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана түжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.
Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құықтық, салалық және салааралық принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз.
Осылай азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз - азаматтық іс жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы
Құқық принциптерінің мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана емес, сондай-ақ, құрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұрады: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, сонымен қатар, құқықтьқ ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық принциптерінің нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде).
ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге, сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.
Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні зор екенін байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы шарты ретінде азаматтың сот ісін жүргізу принциптерін сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау болып танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы туралы дұрыс көрініс алу азаматтың іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан принциптер азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормаларын әзірлеп қабылдауға және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзбай қолдану және олардың кеңінен таралуы оның демократиялық және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.
Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс түсінуге және қолдануға азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін білу қажет-ақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасын біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басңа да қатысушылар өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу міндет-терін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-де белгіленген мынандай нормаларды ескерулері тиіс:
- істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңнын, бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады (6-баптың 3-бөлігі);
- азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның
сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (23-бап).
Басында жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық принциптері болмайды. Сондықтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу иринциптері жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (принциптері) азаматтық істер бойынша сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтығы бойынша бір-бірімен тығыз байланыс құрып және бір-бірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе (грек тілінен зузіета - бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды. Жүйе дегеніміз - нақты тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тиісті қатынаста болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бір-бірімен байланыстағы принциптердің жиынтығын құрайды. Тиісінше принциптер өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі объективті сипатта болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін кейбір жеке принциптердің атауы бойынша бірқатар ой-пікірлер бар.
Біртұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің әрқайсысы азаматтьщ іс жүргізу құқығының мазмұнын ашады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың әрқайсысы өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің атаулары мен көлемі өздігінен өзгермейді. Әдетте, азаматтық сот ісін жүргізу принциптері республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖК-де бекітілген.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері