Тарих | XX ғасырдың 60-80 жылдардағы халықаралық қатынас

Тарих | XX ғасырдың 60-80 жылдардағы халықаралық қатынас

1962 жылы Бирма үкіметі дүниежүзі ісіне және саясатына жағымды бейтараптық жолын ұстаушылығын растады. Ол Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуына, оның келіссөз жүргізу арқылы және шетел қатысуынсыз шешуді жөн көрді. Бирма басқа да мемлекеттермен бейбіт қатынас жасауды, әсіресе көрші елдермен тығыз байланыс орнатуды мақсат еткен, бұл ГТБСП I, II, III съездерінде және Бирманың Конституциясында ерекше мәнге ие болды.


КСРО-ның «Бейбіт қатар өмір сүру» саясаты

АҚШ, КСРО - XX ғасырдың 60 - жылдардағы империализмнің негізгі күші



Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді "доллар империясын" құру үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі қанаушыға айналды.

Соғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды "Америка ғасыры" деп атай бастады. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.

Сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. "Күш көрсету позициясы" деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр. Бұл саясаттың түпкі мәні дүниежүзілік социализмнің өсуін "бөгеу", оны "үрейлендіру", сонан соң "шегіндіріп", жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын қайта қарауында шешуші маңызы болды.

1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол патриоттық күштерге қарсы террор мен жазалауды тұтандырды. Осыдан кейін іле-шала АҚШ Оңтүстік Вьетнамаға соғыс интервенциясын бастады да, жыл сайын үсті-үстіне жаңадан өзінің әскер контингенттерін жіберіп отырды. 60-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың экспедициялық күштерінің саны 500 мың адамнан артып кетті. Оның үстіне АҚШ Сайгонның қуыршақ армиясын толық қаруландырды, оның саны миллионнан астам адамға дейін жеткізілді.

1965 жылдан бастап ВДР (Вьетнам Демократиялық Республикасы) территориясы үнемі бомбаланып, атқылана бастаған. "Тәуелсіздік пен бостандықтан қымбат еш нәрсе жоқ", - Хо Ши Миннің күрес ұраны болды. АҚШ агрессиясына қарсы қарсыласу соғысы елдің бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті. Вьетнам халқының күресі мен жеңісінің ұйымдастырушысы және басшысы Вьетнам коммунистерінің қаһарман партиясы болды.

Қысқа мерзім ішінде ДРВ мызғымас қамалға айналды, оған американ агрессорларының бомбалаушылары мен әскери кемелерді нәтижесіз шабуыл жасады. ДРВ-ның қарулы күшін сол заманғы қару-жарақпен жабдықтауға Кеңес Одағы зор көмек көрсетті. Вьетнам халқы Кеңес Одағынан материалдық көмек алып, моральдық-саяси қолдауын үнемі сезініп отырды. Халық-азаттық қарулы күштері (НВСО) американ агрессорлары мен олардың қуыршақ өкіметтеріне ауыр соққылар беріп отырды. Күрес 1960 жылы құрылған Оңтүстік Вьетнамды азат етудің Ұлттық майданы (НФОЮВ) мақсаттарды орындау мүмкін болмай қалды, өйткені Кеңес Одағы АҚШ-ты атом монополиясынан айырды, ракеталық-ядролық қару жасап, онымен әскери-стратегиялық тепе-теңдікке жетті.

Социализм елдеріне, жұмысшы, демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы бағытталған әскери-саяси блоктар жүйесі АҚШ-тың сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Бұл блоктардың біріншісі әрі неғұрлым ірісі Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы немесе қысқартып айтқанда НАТО болды. Бұған қоса, АҚШ ондаған мемлекеттерді екі жақты әскери келісімдермен матап, олардың территориясына өз әскерлері мен соғыс базаларын орналастыруға құқық алды. 500 мыңнан астам американ солдаттары мен офицерлері АҚШ-тан тыс жерлерде тұрған.

Американ империалистері басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласқан, мемлекеттік төңкерістер ұйымдастырған, өздеріне ұнамаған үкіметтерді тайдырған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатына айналған терроризмге, шпионаж бен диверсиялар ұйымдастыруға, шетелдерге контрреволюция жасауға орталық барлау басқармасы (ОББ) жылына мыңдаған миллиардтаған доллар жұмсаған. АҚШ жер шарының түрлі аудандарында соғыс жанжалдарын туғызу қаупі бар бірнеше халықаралық дағдарыс жасаған.

Американ империализмінің Үндіқытайға қасақана ұйымдастырған соғысы дүние жүзіне мейлінше елеулі қауіп болды. Алайда, бұл соғыс АҚШ үшін ең басынан-ақ, перспективалы болмады. Өз тәуелсіздігін табандылықпен қорғауға шыккан және агрессияны батыл тойтару үшін КСРО мен басқа да социалистік елдерден жан-жақты көмек алып отырған вьетнам халқына американ империализмі өз еркін таңа алмады. Вьетнам халқының жеңісі АҚШ империализмінің мүмкіншілігінің қаншалық тарылғанын нанымды көрсетті.

Ширек ғасыр бойы АҚШ пен КСРО арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен күйінде қалып келген. Мұның өзі тұтас алғанда халықаралық жағдайға ықпал етті. 70-жылдардың бас кезінде КСРО-ның АҚШ-пен туының астында жүргізілді. Патриоттардың осы күрестегі 1969 жылы Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін (ВРПРЮВ) құруға жеткізді.

1960 жылдардың аяғына қарай вьетнам халқына қарсы американ агрессиясы тығырыққа кеп тірелді. Осы жағдайда АҚШ үкіметі Үндіқытайдағы соғысты "вьетнамдандыру" дегенді жариялап, айла-шарғы жасады. Бұл саясаттың мәні американ әскерлерін Оңтүстік Вьетнам әскерлерімен алмастырып(яғни "азиялықтарды азиялықтардың қолынан өлтіру" деген принципті жүзеге асыру) және бұл ауданда американ экспансиялық саясатынынң құралы ретінде Оңтүстік Вьетнамдағы Қуыршақ үкіметінің режимін сақтап қалу еді. Вьетнам халқының жан қиярлық күресі, социалистік елдердің жан-жақты туысқандық көмегі, қанаты кең жаюы жағынан бұрын болып көрмегн халықаралык ынтықмақтасу қозғалысы - осы факторлардың баршасы әскери, саяси және дипломатиялық майдандарда күрес жүргізген Вьетнамның жеңіс сағатын жақындата түсті.

Американ агрессорлары үшін ең ұзаққа созылған әрі ең жиіркенішті бұл соғыс үлкен сәтсіздік болды: олардың 57 мың адамы өлді және 300 мыңнан астам адамы жаралы болды. Үндіқытайдағы соғысқа 352 млрд. доллар жұмсалды.

Куба халқы жасампаз бейбіт еңбекпен шүғылданған. Куба халқының өз жеңісінің алғашқы күнінен бастап қолынан қаруын тастамай келе жатқанына тек американ империалистері ғана кінэлі.

Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ территориясында Кубаның эмигрант-контрреволюционерлеріне жалдамалы бандалар даярлау ұйымдастырылды. АҚШ үкіметі 1961 жылы Кубаның революциялық үкіметімен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Ол Латын Америкасы елдерін АҚШ әміріне бағындыру мақсатымен 1948 жылы құрылған Американ мемлекеттерінің ұйымы (ОАГ) деп аталған ұйым арқылы ықпал жасап, өзінің қолшоқпарларын Кубаға қарсы айдап салды.

1961 жылы сәуірде АҚШ Плайя-Хирон ауданына Куба контрреволюционерлерінің отрядын түсіріп, Кубаға әскери шабуыл ұйыдастырды. "Отан немесе өлім! Біз жеңеміз!" деген ұранмен революцияны қорғау үшін бүкіл Куба халқы көтерілді. Үш күндік ұрыстың нәтижесінде жалдамалылар талқандалды.

1962 жылы қазанында Американ империалистері Кубаға соғыс блокадасын жариялап, Бостандық аралына басып кірмекке әзірленді. АҚШ Кариб теңізі ауданында дағдарыс туғызып, бүкіл әлемді термоядролық соғысқа киліктіре жаздады. Куба халқының ерлігі, Кеңес Одағынынң берік бағыты мен батыл шаралары қолдануының арқасында әскери жанжал болмай қалды. АҚШ үкіметі Кубаға шабуыл жасамауға және өзінің батыс жарты шардағы одақтастарын да мұндай әрекеттен сақтандыруға бүкіл әлем алдында міндеттеме алды.

1964 жылы АҚШ Латын Америкасы елдерін Кубамен барлық қарым-қатынасты үзуге күштеді. Мексика ғана оның әміріне бағынбады. Кейін Перу, Аргентина, Панама және басқа бірқатар мемлекеттер Кубамен қарым-қатынасын қалпына келтірген. Бұл революцияшыл Кубаның Латын Америкасындағы позициясын едәуір нығайтты. Американ мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі Кубаға қарсы санкцияны іс жүзінде жойған қарар қабылдады. Бірақ АҚШ Кубаға блокада жасауды тоқтатпаған. Олар бопсалау саясатына жүгінген, Кубаға қарсы жаңа агрессиямен қорқытып, Кариб бассейіндегі жағдайы мен беделін нығайтқан.

Алайда Кубаның халықаралық жағдайы мен беделі нығайған. Ол жүзден астам елмен дипломатиялық қарым-қатынас жасаған. Социалистік достық одақтағы елдердің туысқандық көмегіне сүйеніп, Куба Республикасы социализм орнату жолымен алға басқан.

Соғыстан кейінгі жылдарда Монғол Халық Республикасы (МНР) өзінің халықтық жағдайын нығайтты. Империалистік державалар МХР-дің дамуының алдыңғы сатысына жібермеу мақсатында сыртқы саясатқа еліктірмеуге тырысты. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Монғол Халық Республикасы тек қана Кеңес Одағымен ғана дипломатиялық қатынаста болған.

Социализм құрылысы барысында МХР халықарлық қатынаста үлкен көрсеткішті иеленді. 1948-1956 жылдары МХР барлық социалистік мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты, ал 1957-1967 жылдары ол достық және бейбіт қатынас келісім-шарттарын көптеген мемлекеттерімен жасайды.

КСРО-мен МХР арасындағы өзара көмек көрсету туралы жаңа келісім-шартқа 1966 жылы 15 қаңтарда қол қойылды.

МХР өзінің сыртқы саясатындағы маңыздылықты Азия, Африка және Латын Америка мемлекеттерінде ұлт- азаттық қозғалысын қолдау, жас тәуелсіз мемлекеттермен достық қатынас орнатуды көздеді. 1955-1956 жылдары МХР, Үндістан, Бирма, Индонезия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ал келесі жылдары-азиялық және африкандық мемлекеттермен қатынас орнатқан.

1961 жылы қазан айында Бас Ассамблеяның XVI сессиясында МХР Біріккен Ұлттар ұйымының құрамына енді.

1960 жылдары МХР, Англия, Франция, Австрия, Канада, Швейцария мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасасты.

МХР - 1962 жылдан бері Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі. Дүгиежүзілік социализм жүйесі тығыз достық байланыста болу, олардың көмегі МХР-дың халық шаруашылығы мен мәдениетінің жедел дамуьша жағдай жасаған.

Ұлттық буржуазияның ұмтылысы шетел монополияларымен өзіне тиімді қатынас жасауды көздеген. Пәкістанның халықаралық аренадағы ықпалы, 60-жылдары сырқы саясатының өзгеруіне әкелді. Бұл өзгерістің басты себебі, батыс саясатына наразылығы, Пәкістанның Пентагон жоспарына қатысы бар деген үрей.

1960 жылдарының басынан-ақ Пәкістан батыс державаларына біржақты бағыттан шеттеніп, социалистік мемлекеттер және афро-азияттық мемлекеттермен өз ынтымақтастығын кеңейтті.

1967 жылы Пәкістан араб мемлекеттеріне қарсы израильдық агрессияны кінәлап, оның жойылуын талап етті.

Вьетнам халқының өз тағдырын өзіндік шешуін жақтап, Пәкістан СЕАТО және СЕНТО блоктарына қатысуын шектеді.

Пәкістан Кеңес Одағы және басқа да социалистік мемлекеттермен тауар-сауда келісімдерін жасасып, ол өз тауарын машина, құрал-жабдықтарға айырбастады.

Социалистік мемлекеттерінің экономикалық және техникалық жәрдемдесуі, мемлекеттің халық шаруашылығының өмірлік маңызды аумақтарын дамытуына негізделді, яғни жанармай-энергия базасы, ауыр өнеркәсіп саласы бойынша КСРО көмегімен Пәкістан экономика сферасының маңызды ірі объектілері қамсыздандырылды, мұнай мен газ игеру жүмыстары жүргізілді.

Пәкістан, Туркия және Иранмен жан-жақты байланыс жасасса, ал Батыс Еуропа, Тропикалық Африка, араб мемлекеттерімен қатынасты одан әрі дамытты.

Пәкістанның сыртқы саясаттағы маңызды аумағы - Үндістанмен қатынасы-өзгеріссіз қалды. Пәкістан-үнділік қатынас әскери қақтығыс тудырса керек. 1965 жылдың көктемінде, Качск ауданында (пәкістан~үнділік шекарасының оңтүстік-батысындағы батпақты мекені) қарулы соққы басталды. Тек 30 шілде де әскери әрекетті тоқтату жөніндегі келісім-шартына қол қойылды. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айында Кашмир үшін қарулы қақтығыс өршіді. Оның салдарынан Үндістан және Батыс Пәкістан шекарасында ірі әскери әрекет жасалды. Дегенмен қыркүйек айының аяғына таман, от жаудыру аяқталғанмен, бұл жерде жағдай қиын мәнді иеленді. Оның дұрысталуына 1966 жылы қаңтар айындағы Ташкентте Үндістанның премьер-министрі Л.Б. Шастри және Пәкістан президенті М. Айюб Хан, Кеңес Министрлерінің Өкілі А.Н. Косыгин қатысуымен болған кездесу маңызды шешуші рөл атқарды.

1953 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Иран бейтараптылықтан бас тартты және АҚШ-пен әскери одақ, сонымен қатар капиталистік мемлекеттермен ғана экономикалық байланыс саясатын жүргізді. Мұндай саясат Иранның ұлттық қызығушылығына сай келмеді.

1962 жылдың күзінде кеңес-иран қатыныасын жақсарту ұйғарылды. 1962 жылдың 15 қыркүйегіндегі келісім-шартта былай делінді: "КСРО шетел мемлекеттерінің ешқайсысына Иран территориясында ракета базасын орнатуына рұқсат бермейді" және Кеңес Одағына агрессия қолданбау жөнінде. Осыдан кейін Иран мен КСРО және басқа да социалистік мемлекеттер арасында қатынас жақсартылды. 1962 жылдың аяғында Иранға тиімді КСРО арқылы Иран тауарларын транзиттік тасымалдау жөнінде ратификациондык грамоталармен алмасу жүргізіліп, сонымен қатар шекара келісім-шартына, 1957 жылдың 14 мамырында Мәскеуде қол қойылды.

1963 жылдың 27 маусымында Тегеран жерінде кеңес-иран келісіміне қол қойылды, онда экономикалық және техникалық әріптестік, Аракс өзені бойында гидроэнергетикалық құрылыс жөнінде (бұл жоба 1967 жылы жүзеге асырылып, гидроэнергетикалық құрылыс іске қосылды), Пехлевин бұғазының жағалауында мелорация жүргізу, астық сақтау балық шаруашылық зауыты салу көзделді.

Иран мен КСРО арасында көршілік қатынасты одан әрі жақсарту мақсатында, ең маңызды із басу 1965 жылы, ал 1966 жылы 13 қаңтарда қол қойылған келісім-шарт негізі, Исфаган ауданында КСРО көмегімен металлургиялык зауытының салынуы (1971 аяғында зауыт ең бірінші шойын, ал 1972 жылы болат балқытып шығарды), Арак та машина құрылыс зауыты (1972 жылдың қыркүйек айында қолданысқа қосылды) және КСРО-ға газды қою мақсатында, трансирандық газ құбырын салды (1970 жылы құрылысы аяқталды). 1968 жылдың 22 шілдесінде Тегеранда кеңес-ирандық, экономикалық және техникалық байланыс жөнінде жаңа келісім-шартқа қол қойылды, ол Иранның төртінші бесжылдық аясы кезеңінде жүзеге асты. Кеңес-ирандық сауда қатынасы дамыды. Үш жыл ішінде, 1970 жылға дейін, көлемі 4 есеге өскен. Кеңес Одағы ирандық экспортта бірінші орында тұрган. 1968-1969 жылдары Иранның КСРО-ға өндірістік тауарлар шығару 25 пайызды қүрады.

КСРО мен қатар, Иран басқа да социалистік мемлекеттермен экономикалық шарт жасасқан. Чехославакиямен Тебриздегі машина қүрылыс зауыты салынса, Румыниямен келісімде тракторлы зауыт салынған.

1964 жылғы келісімшарт негізінде, Иран көрші Ауғанстан, Пәкістан жэне Туркия мемлекеттерімен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар Иранның АҚШ мемлекетімен 1959 жылы 5 наурызынан, екі жақты әскери келісім - шарт жалғасын тапты. Америка Құрама Штаттары Иранға капиталистік мемлекеттер арасындағы ең ірі капитал салымын салған.

Бирма әлі қосыла қоймаған, бейтарап мемлекет ретінде, өзінің халықаралық әлем алдында прогресті түрде жылжуын қарастырушы мемлекет болған. Ол әр түрлі құрылымдагы мемлекеттермен бейбітшілік қатынасты қолдаған. Бирма Бандунг конференциясының белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы. БҰҰ және одан тыс Бирма бостандық үшін күрескер халықты қолдап, нәсілдік тежеуге, мемлекеттің ішкі істеріне араласуына қарсы, бүкіл және тұтастай қарусыздандыруды қолдаған.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру