Экономика | Бюджетаралық қатынас бюджет процесін дамытудың бірден бір қайнар көзі
Бюджетаралық қатынас- бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі
Бюджетаралық қатынастар- бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызатын шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай:
Мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
Берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Бюджет жүйесі- мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтілік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.
Бюджетаралық қатынас- мемлекетті реттеудің негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімі өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
• Жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату,
• Бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
• Барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасқан бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, олардың бюджетаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар немесе кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейкесті және күрделі мәселеге айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерінің деңгейінің төмендігі- осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.
Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне салықтардан бөлулер немесе салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет. Осы мәселені шешуге мүмкіндік жасау үшін салықтар тізімі шектеулі. Басты мақсат- оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында тарату. Бүгінгі таңда осы мәселе төңірегіндегі пікірталастар үш бағытта жүргізіледі:
1. Салықтарды бюджеттік жүйенің қандай да бір деңгейіне бекіту немесе олардан бөлулердің мақсаттылығы;
2. әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салықтардан бөлулер мөлшері;
3. «бір салық-бір бюджеттің» қағидасы бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне салықты бекіту мақсаттылығы.
Салықтарды бекіту жүйесінің негізін салушы қағидаларды анықтамайынша, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге салықтардан бөлуге және оларды бекітудің оңтайлы түрлеріне қол жеткізу не тәжірйбелік, не теориялық тұрғыдан мүмкін емес. Қағидаларды таңдау бюджеттік жүйе шешуге негізделген міндеттерден тәуелді.
Деңгейаралық бюджнттік қаржылық ағындарды оңтайландыру кезінде бюджет жүйесінің қандай да бір деңгейін жетілдіруге басым күш жұмсау өте қауіпті, ал мұндай үрдістер қарастырылуда. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша көптеген ұсыныстарда авторлар бюджет жүйесінің тек қандай да бір деңгейінің жұмысы үшін бюджетаралық қатынастардың тиімді үлгісін жасауға ұмтылады. Деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындардың оңтайландырудың мұндай бір жақсы көзқарасы елдің бюджнт жүйесіндегі сәйкессіздіктің тереңдеуіне әкеледі. Бюджеттік нормалар және ережелер, қандай да бір белгілі билік деңгейінің мүддесін көздемей жалпы бюджеттік жүйе алдында тұрған мәселелерді шешу қажеттілігінен шығуы қажет. Бюджетаралық қатынасты реформалаудың негізгі бағыты- мұнда бюджеттік үйе деңгейлері бойынша таратылатын бюджеттік қаражаттардың тұрақты сандық қатынасын анықтау реті емес, жедел өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдай-шарттарында, әртүрлі деңгейлер арасында бюджеттік қаражаттарды тарату тетігін және бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру ретін үнемі жетілдірудің серпінді процесінің реті қарастырылады. Бұл тұжырымдама деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындардың оңтайландырылуы, ағымдағы және болашақтағы бюджеттік саясатты қалыптастыру кезіндегі бағдар болады. Бұл бір жағынан, берілген үлгінің салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайдан тәуелсіз әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында бюджеттік қаражаттарды тарату тетігіне сәйкестендірілген тұжырымдамалық ережелерді өңдеу қажеттілігін, екінші жағынан, қызмет ететін тетікті талдау және оларды жою мақсаттарын айқындау қажеттіліктерін болжамдайды. Бюджетаралық қатынастар реформаларының негізгі мақсаттары ретінде келесідей бөлінеді:
• Бюджеттік жүйенің қаржылық ресурстарын пайдалану және басқару тиімділігін жоғарылату;
• Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау.
Бюджетаралық қатынастарды негізделуі қажет негізгі қағидалар айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Оларға мыналар жатады: бюджетаралық өзара қатынастардың барлық қатысушыларының мүдделерінің теңестірілуі, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы кіріс көзінің жауапкершіліктерінің және шығыс өкілеттіліктердің заңды шектелуі, аумақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуінің деңгейін теңестіру мақсатында, бюджеттер арасындағы қаражаттарды объективті шартталған қайта тарату бюджеттік жүйенің біртұтастығы. Қызмет ететін жетіспеушілікті жою және бюджетаралық қатынастарды реформалау мақсатында мыналарды шешу керек:
Аймақтық бюджеттік жүйенің қызмет ету тиімділігін жоғарылату, аймақтық қаржыларды сауықтыру;
Қарсы қаржылық ағындарды төмендету;
Қаржыларды бөлу шарттылығы және оларды аймақтарда пайдалану үшін жауапкершілікті және бақылауды жоғарылату;
Жоғары дотациялық аумақтарға қосымша қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік билік субъектілері және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және аумақтық салық әлеуетін жоғарылатудағы бюджеттің теңестірілуін қамтамасыз ету шығындарын оң пайдалануға мүдделікті жоғарылату;
Жергілікті және мемлекеттік бюджеттер арасындағы бюджетаралық қатынастарды өзара байланыстыруды қамтамасыз ету.
Бюджеттер арасына қаржыны тарату тетігін жетілдіру қажет, мұндай таратудың объективті нормалары, формулалары қажет. Аумақтық бюджеттер мәселелері Келесідей жолдармен шешілуі мүмкін:
Меншікті кірістерді ұлғайту есебінен, яғни елдің салық жүйесіне шамасы бойынша елеулі, жиналуына қарай нақты және ыңғайлы аумақтық салықтар енгізу;
Бюджеттік жүйе үзбелері арасында жалпы мемлекеттік кірістерді тұрақты нормативтік негізде тарату жолымен;
әрбір аумақтық бюджеттің кірістерін және шығыстарын жыл сайын реттеу есебінен.
Болашақта аумақтық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейлерді жедел күрт дифференциалдау кезінде олардың бюджеттерінің «бір салық-бір бюджет» формуласы негізінде қалыптастыру жағымсыз салдарға әкеледі. Кейбір аумақтарда қаржыны айта тарату тетігінің болмауынан экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан артта қалған аумақтар жойылуға мәжбүр болады. Сондықтан билік органдарының арасында өкілеттілікті емес қаржылық ресурстарды бөлген дұрыс. Кірістерді сенімді және тұрақты нормативтік негізде қалыптастыру қажет. Индустриалды немесе аграрлы бағыттағы аумақтардан табыстарды жаңа меңгеріліп жатқан аумақтарға аудару кезінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі облыстар, топтар арасындағы салықтық бөлулердің дифференциясы болуы қажет. Бұл республика экономикасының қаржылық экономикалық баланстан болуынан жергілікті бюджет және мемлекеттік қатынастарын ғылыми негізді нормативтік базаға ауыстыруға негізделген. Мұндай нормативтік негізді өңдеудің әдістемелік аумақтық бюджеттерге қойылатын келесідей талаптары қарастырылады: бюджеттерді нығайту; бюджеттерді қатысушылардың экономикалық мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз ету.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу республика үшін өте күрделі, көкейкесті мәселелерге айналды. Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары төмендегідей:
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
↓ ↓
Республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында Облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттер арасында
↓ ↓
Ресми трансферттермен
Бюджеттік несиелермен
Ресми трансферттермен
Бюджеттік несиелермен
Кірістерді бөлу нормативтерімен
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлеуеті, аймақтардың объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескеріледі. Жекелеген ағымдағы бюджет бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген, бюджет субвенцияларын есептеу кезінде ескерілмеген сомма шегінде жоғары тұрған бюджеттер төменгі тұрған бюджеттерге беретін ресми трансферттер ағымдағы мақсатты трасферттер болып табылады. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік несиелер облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар бюджетіне қаржы бір жыл ішінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға және кассалық алшақтықты жабуға берілуі мүмкін. Жергілікті деңгейдегі бюджеттік қатынастардың ұйымдық нысандарын кешенді қарау жергілікті бюджеттер қызметіндегі екі жүйені анықтап бермек. Біріншісі- түсетін кірістер мен шығындық міндеттерді қалыптастыру, екіншісі- оларды реттеу жүйесі болып табылады. Бұл екі жүйе бірге қызмет етеді және олар бюджеттік қатынастарды ұйымдастырудың біртұтас үдерісінің ені жағы іспетті.
Салықтар мен кірістерді бюджеттер бойынша орналастырудың елімізде қалыптасқан жүйесі барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен кірістердің бірқалыпты түсуін қамтамасыз ете алмайды, бірлесе қызмет ету принципі мен дербестігін жүзеге асыра алмайды. Бюджеттік мәселелерді шешу және деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде салықтарды бөлу және салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет. Осы мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын салықтар тізімі белгілі және шектеулі. Басты мақсат- оларды бюджеттік жүйе деңгейлері арасында әділ бөлу.Қазіргі кезде осы мәселе төңірегіндегі пікірталастар үш бағытта жүргізіледі:
1. салықтарды бюджеттік жүйенің қандай да бір деңгейіне бекіту немесе оларды бөлудің мақсатының айқындылығы;
2. бюджеттік жүйенің әртүрлі мөлшері
3. «бір салық-бір бюджет» принципі бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне салықтарды бекіту мақсаттылығы.
Бірақ біздің ойымызша, салықтарды бекіту жүйесінің негізін салу принциптері анықталмайынша, бюджеттік жүйенің әртүрлі деңгейлерне салықтан бөлу және оларды бекітудің оңтайлы нұсқларына қол жеткізу іс жүзінде де не теориялық тұрғыда да мүмкін емес. Қазіргі салық жүйесінің жағдайын және бюджеттік жүйе алдындағы міндеттерді ескеріп, салықтарды бекіту және олардан бөлу келесі принциптер негізінде жүргізілуі қажет:
a) Мемлекеттік баға және ақша несие саясатына тәуелді, бірнеше жылдар қатарынан ақша құнының түсуі динамикасы салықтардың жергілікті бюджеттерге бекіту қажеттігін аңғартады;
b) Елің аймақтарына әркелкі таратылған және тұрғындардың экономикалық белсенділігіне онша тәуелді емес салықтарды да жоғары бюджеттерге бекіту қажет;
c) Салық салу объектісі мобильдік емес болып табылатын салықтарды жергілікті бюджетке бекіту қажет;
d) Халықтың кәсіпкерлік және еңбек белсенділігімен тікелей байланысты салықтарды жергілікті бюджетке аудару қажет.
Қандай да бір салық бекітілетін бюджет деңгейін анықтау кезінде салық базасы құрылатын қызмет ауқымын ескеру қажет. Деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру кезінде бюджет жүйесін қандай да бір қандай да бір деңгейін жетілдіруге басым күш жұмсау өте қауіпті.
Қаржылық ресурстарды қайта бөлу үрдісінде қалыптасатын бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарға тоқталайық. Жергілікті бюджеттерді реттеу проблемалары бойынша негізгі позицияларды баяндау жергілікті және орталық биліктердің бюджетаралық қатынастардағы ресурстарды қайта бөлу әдістемесі туралы мәселені талқылауды қажет етеді. Біріншіден, жоғарыда аталып өткендей бюджетаралық деңгейдегі бюджеттерді қайта бөлу әдістемесі үйлесімді болуы қажет. Екіншіден, бюджетаралық қайта бөлуді ұйымдастыру кезінде жоғарғы және төменгі органдар тарапынан субъективті ықпалды болдырмау үшін бюджеттік үдерістің өздігінен жүруі үшін, объективті және елеулі факторларды қолдану қажет. Үшіншіден, бюджеттік реттеу жергілікті бюджеттерді горизонталды диспропорцияны теңестіру бағытында іске асырылуы қажет. Төртіншіден, бюджеттік реттеу механизмін құру кезінде кірістік түсімдердің жергілікті қағидасын іске асыру қажет. Бесіншіден, ресурстарды бюджеттер арасында бөлу кезінде жергілікті деңгейдегі бюджеттік жүйенің донорлық болып табылатын, әкімшілік бірліктері үшін белгілі жеңілдіктер болған жөн.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Бюджетаралық қатынас бюджет процесін дамытудың бірден бір қайнар көзі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бюджетаралық қатынас бюджет процесін дамытудың бірден бір қайнар көзі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бюджетаралық қатынас бюджет процесін дамытудың бірден бір қайнар көзі