Тарих | 70 80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Тарих | 70 80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

70-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1966 басталған эканомикалық реформа бастапқы кезде эконмикалық дамуға белгілі дәрежеде сепін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен эконмикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіп орын немесе олардың жалпы санының 84 проц. жұмыс істейді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың
негізгі көрсеткіштері бойынша орындаладыц: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 проц. артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді.Бірақ белгілі дәрежеғдегі радикализмге қарамай, эканомикалық реформаның бірінші қадамынан бастап - ақ оның жүйесіздігі, жарты кңештігі көрініп тұрды. Тотаритарлық жүйе оның өмір сүріп отырған эканомикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз соцлизімнің үстемдік қүрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарыцнан 70-жылдардың басында эканомикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруғ бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты – кәсіп орындарндың шаруашылыцқ дернбестігін жоспарлыц кеңейту – тек көрсеткіштерді кемітуге және коллектиптердіңкормелеғу қорларын қалыптастыру тәртібін әкеп сайдыц. Көптеген кәсіп орындарпайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға - өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсу есебінен алынған пай»д жалқыны көбейтуге мүмкіндік бе,рді, оның өсу еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мүныцң өзі 70- жылдардың басында-ақ инфляциялық процессордың басталуының себебі болды,бұл экономиканың дамуына
теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіп орындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомствалврдың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саласындағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық техникалық саласымен ғана шектеліп қоғамының саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі-мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пеноның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар эканомиканың қызметіндегі әкімшілікжүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-жылдар басында реформаны жүргізу тоқталды, сол жылдары әлә де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғаны мен мұның өзі нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, эканомикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша эканомиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіленді.
Тоғызыншы бес жылдықтың бсына қарай республиканың эканомикасында өнеркәсіп жетекші орыкн алды. 1970ж. Қоғамдық өніміні жалпы құрылымында оның үлесі 40 проц болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларының 22,4 проц еді.
1970-1985 жж республиканың индустриялық потенциялы белгілі дәрежеде өсе түсті. өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнекәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ зауыты, Повлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қрағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кең байыту комбинаты және басқалар бар. Өнер кәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алады. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық өндірістік комплекстері қалыптасты.
Эканомикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылады.
Эканомиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделерінен бас шұлғи отырып, орталық республика эканомикасын дамытуда кең шығаратын салаларға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнын ірі күрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведмоствалар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады деп айтуға боады. Олар өз кәсіпорындарына жылына 15 млн сом жалпы табыс алып отырған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн сом немесе 1 проц аз қржы аудардыф. Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрлары даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.
70-80 жж алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірістің өсу қарқыны төмен болуына , халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық түлік емес товарлардың 60 проц Қазақстанға басқа республикалардан алынып келді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы жасап шығарушылар алды.
Директивалық жоспарлау және монополис-ведомостволардың мүдделері салдарынан республиканың орны толмас ресурстары талам таражға салыныпе, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдалану тиімділігі төмен болды.
Бес жылдықтан бес жылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылымның сипаты алынып көлеммен. Белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылыцқты қолдап КОКП-ның кезекті съездерінде елдегі немесе Европадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің , комбинаттардың, зауытттардың қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен , оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығы мен және нақтылығымен , рухани мәдениетінің дамуымен емес , жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді.
Эканомиканың көкейтесті міндеттері көбінесе әміршіл - әкімшіл әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның жіне басқслардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жж республикада әр трлі министрліктер мен ведомствалардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген.
Эканомикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шарушылығының бірқалыпты дамымауына алып келді. өнеркәсіп өнімдерінің жылдық орташа өсуі тоғызыншы бес жылдықтағы 8,4 проценттен он бірінші бес жылдықта 3,8 проц дейін төмендеді, ал ұлттық табыс осыған сай 404-тен 1,4 проц дейін төмендеді. Жүйенің және республика басшылығының жоспарды қандай шығын мен болса да орындауға жұмсалған күш жігеріне қарамастан өнеркәсіп өндірісі көлеміне ұлғайту жөніндегі тоғызыншы бес жылдық жоспар 12,6 проц, оныншы бес жылдық 25 проц, он бірінші бес жылдық жоспар 3,8 проц орындлмай қалды.
Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдық бйлықтар мен еңбек өлі дүниеге айналып жатты. Мұндай дүниелер 1980-1989 жж өндірістік салаларда жұмсалған жалпы күрделі қаржының 85 проц 101проц дейінгі мөлшерінде болды. Тек 1976-1985 жж ғана республиканың құрылысшылары 4,2 млрд сом қаржыны игере алмады. Күрделі құрылыста «сақлды» құрылыстар берік орын алды, жоспарлы құрылыстарндың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, обьектілердің шашырандығы,қаржы мен жұмысшы күшін көптеген құрылыстарға шашыратып жіберу, жобалаушыларо мен жабдықтау жіберушілер арасында өзара байланыстың болмауы, толық бітпеген және ақауы бар объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу және құрылыс материалдарын талан-таражға салу берік орын алды.
Өмір сүріп отырған жүйе эканомиканы жандандыруға бағытталған және төменнен болған бастамаладың барлығын тұншықтырып отырды. 70-жылдар құрылыста бригадалық мердігелікті дамыту қозғалысы басталды. Мұның негізінде жұмысшылардың өндірісте, ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбнкақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым дербестік алу жолындағы ұмтылыс жатқан еді. Іс жүзінде әңгіме жұмысшылар еңбегімен тапқн қаржының көп бөлігін саны көп басқару құрылымының қызметкерлеріне ақы төлеуге жұмсамай, оны жұмысшылаодың өздері латын болуы туралы болды. 1982 ж республиканың құрылыстарында мердігеліек әдіспен 5,7 мың бригада , ал 1985 жылы 6,8 мың бригада жұмыс істеді. Бұл ұжымдарда еңбек өнімділігі басқаладан 23-25 проц жоғары, жұмыстардың өзіндік құны 13-15 проц төмен болды. Бригадалық мердігелікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, бірақ іс қалай қалай басқару аппаратын қысқарту және оның қызметін еңбек коллективтерінеберуге келгенде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды, олар еңбек ұжымдарын өздері еңбегімен тапқан қаржыларын жұмсау дербестігінен айырылды. Бригадалық мердігелікті қанша насихаттағанмен жүйе оны экономикалық құбылыс ретінде тұншықтырып тастады.
Республикада Тула облысы Щекино қаласы химкомбинаты ұжымының «Аз қызметкерлермен көп өнім шығарайық» деген мақсат қойғн экономикалық бастамасыда кең тарамады. Мұнда қызметкерлерді қысқартып, жалақыдан үнемделгенг қаржы жұмыс істейтін адамдарды ынталандыруға жұмсалды. Бұл тәжірибені қолдану басқармаларда, трестерде, министрліктерде басқару аппаратын қысқартуға көмектесті. Бұл экспериментті де бюрократтар «ойдағыдай» тұншықтырды.
Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өндірістің құрылымы мен өнім саласының нашарлауы ғылыми техникалық прогресс саласында артта қалушылықтың күшейе беруімен ұштасты. 70-жылдардың басынан бастап дамыған капиталистік елдер ғылыми техникалық прогрестің жаңа кезеңіне аяқ басты.
Бұл дәуірде Кеңестік басшылықтың елдің халық шаруашылығын дамытудағы басты себеп-экономиканың дамудың интенсивті жолына көшіру және ғылыми техникалық прогресті өрітеу деп дұрыс анықтады. Былай қарағанда елдегі сияқты республикадағы ғылыми техникалық потенциал алға қойылған бұл міндетті шешуге мүмкін сияқты болып көрінді. 1958 ж ақырында Қазақстанда жоғары оқу орындарын қосқанда 227 ғылыми мекеме, оның ішінде 91 ғылыми - зерттеу институты бар еді, зауыттардағы ғылым 108 конструкторлық бюрода, 99 лабараторияда, 52 тәжірибе эксперименттік бөлімшеде шоғырланған еді.
Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдр мен өнертапқыштардың саны аз зор мөлшерге жетті. Жаңалық өтініштер мен ұсыныстар берілген авторлардың саны 1981-1985 жж 818,8 мың адам бодлды. 1976-1985 жж жыл сайын орта есеппен 165 мың өнертапқышың ұсыныстары мен өтініштері түсті. Партия үкіметтің басшы оргындары ғылыми-техникалық пргресттің табыстарын енгізу және өндірістің тиімділігін арттыру туралы жыл сайын қаулы алып жатты. Алйда олар өндіріске ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасына аз ықпл жасады.
Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері әсерін тигізді. Кәсіпорындардың ұжымы жаңа техниканы игеруге ынталы емес еді. өйткені бұл кәсіп орын жеке алғанда әрбір жұмыс істеушінің жұмыс нәтижесіне теріс әсерін тигізді. Сондықтан жаңа өнім мен бұйымды игеру менг шығару көп жылға созылды. өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды және комплексті механикаландырды. Осының салдарынан 80-жылдардың ортасында өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды.
Өмір сүріп тұрған жүйе еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижелігіне экономикалық жолмен ынталандыруға қабілетсіздігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ол адамдардың жаңашылдыққа, шығармашылық белсенділікке және жоғары өнімді еңбекке деген ынта ықыласын мұқалтты.
70-80 жж республика экономикасында тұтастай елдің халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл әкімшілдік әдістерінің орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығарып қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивті даму жолыднда ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомостволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал жабдықтарынан алмастыруға алып келді. Еңбек ақы төлеу жүйкесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмайды. Шаруашылық өнімінің негізгі ведомствалардың нұсқаулары мен белгіленді, олар кәсіп орындарды дербестікпен инициатива атаулыда жұрдай етіп айырды. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаң техникамен технологияны нашар енгізуде үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомствалар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикада мұны онан да қиындата түсті. 80—жж ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.
Ведомствалық бюрократияның жүгенсіздігі, жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгерімшілдік пиғылдар, мемлекеттік меншіктің монологиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтижесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелу салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді. Еңбек ұжымы жоспарлармен жоғарғы органдардың нұсқауларын орындаушы ғана болған қатаң әміршілдік басқару жағдайында жұмысшылардың кәсіп орындарында қандайда бір басқарушылық қызметін орындауға тартудың таза формальды сипаты қалыптасты. Жүмысшслардың өндірісті басқаруға тарту мақсатын қойған қоғамдық ұйымдар, әр түрлі қоғамдық бюролар коммиссиялар тұрақты жұмыс істейтін өндірісті кеңестер және басқалардың көпшілігі бос далақтап, жұмыс істеген болып жжүрді. Қоғамдық жұмыс саласында жалған, көрер көзге белсенділік көрсету, қосып жазу әдетке айналып кетті. Қоғамдық ұйымдардың есеп мәліметі бойынша жұмысшылардың 60 проц өндірісті басқаруға қатынасатын болып шықты. Іс жүзінде жұмысшылардың өздерінің бағалары бойынша 6- дан 1 бөлігі ғана кәсіпопындарда істің нақты жағдайына ықпал жасай алатын оың қожасымын деп сезінді.
өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын мәнінде ынталы әрі белсенді қызметкерді көкірегінен итерді, өндіріс жаңашылдарына өздерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеді олардың кейбіреулері жүйе дөрекі тұншықтырды, екінші біреулерін қолдаған болып жылдар бойы «шамшырақтардың» қатарында жүргеімен олардың тәжірибесі таратылмады. Социалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша оған жұмысшылардың 90 проц қатысқанмен, мұның өндірістік өсу қарқыны еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Коммунистік еңбек жолындағы қозғалыс та бастапқы кездегі талпыныстан кейін бос сөзге айналдырылды. өндірістік белсенділікте өспеді қайта төмендей берді. өндірістің даму қарқынының төмендеуі өнім сапасының нашарлауы, технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырацуы, ғылыми техникалық прогресс салсында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта жігерсіздік, талам-тараждылық, іске жан ашымастықтың басқада көріністері үйреншікті әдетке айналды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру