Экономика | Банк ұғымы пайда болуы және дамуы

Экономика | Банк ұғымы пайда болуы және дамуы



Банк туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр.Кейбір мамандар банкті кәсіп орны,мекеме,–дейді;екіншілері–экономикалық басқару орны,–дейді;үшіншілері–делдалдық ұйым,-дейді.Төртіншілері–несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.Ал,күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді.Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін,оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.Негізінде,банктің мазмұнын түсіну үшін,алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде,осы заманның белгілі экономисі,Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты:“Банк ақшалай,несиелік және қолиа-қол немесе қолма-қол ақшасыз,есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырғанақша шаруашылығының даму сатысы.Банк,басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын.Ол тек тауар емес,ерекше тауар –ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады.”
Алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында–XІV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған.Сауда-саттық мемлекеттерде,қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар,айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп,бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды.Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады.Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды,сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болды әрі олар Ежелгі Грецияда,Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі ионеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек.Осылайша,бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы –үйге айналады.Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін қате ұқтыруға әкеп соқтырады.Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді.Әрі бұданда ертерек–ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше,біздің эрамызға дейінгі VІ ғасырларда Ежелгі Вавилондасалым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен.
Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды.Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті.Олар мынадай сапаларға ие болуы керек:бөлінетіндей және сақталынатындай әрі бір текті болуы тиіс.Мұндай сипаттарға металдар,әсіресе алтын мен күміс ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда)берумен де айналысты.Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып,рәсімдерді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды.
Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтіндігін ұқты.Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп,одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашуды тиімді болатындығын да ұқты.
Несие мәмлелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқада операцияларды жүргізеді.Сонымен,банк–ақша, несие институты,барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі болып табылады.Банк-несие,ақша,есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі.Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVІІ ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк деп аталды.Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды.Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке,банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды.Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды.Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды,содан соң ол депозиттік банкке және жиробанке,ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды.Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып,одан алғашқы неміс банктері,ал Францияда француз банктері пайда болды және т.б. XVІІ ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
XVІІ ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап,банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және ХІХ ғасырдың басында оған елдің эмиссиялық банкісі деген атақ,статус берілді.Оның банкноттары төлемінің әмбебап,заңды құралына айналды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру