Экономика | Баға туралы ілім

Экономика | Баға туралы ілім

Баға туралы ілім
Баға, немесе, басқа сөзбен айтқанда, айырбас құбылысына кіретін игіліктердің көлемі, біздің назарымызға күшпен енгізіліп отырғанымен, ғылыми зерттеудің нысаны болады, солай болғанымен айырбас аса маңызды орын алмайды. Бұл жерде маңыздылық айырбасқа қатысушы екі жақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды айырбас жолымен жақсы қамтамасыз етуде. Шаруашылық жүргізуші адамдар мүмкіндігінше өз экономикалық жағдайларын жақсартуға ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін олар өздерінің шаруашылық қызметін жүргізеді және осы мақсат үшін олар жан-жақты айырбасқа түседі, осының арқасында бұл мақсатқа қол жеткізе алады. Бұл жағдайда баға тек бастапқы құбылыс, адами шаруашылықтардың арасындағы экономикалық теңдестірудің белгілері.
Егер деңгейі әр түрлі екі су қоймаларының арасындағы қақпаны алып тастаса, онда су бір қоймадан екінші қоймаға деңгейі теңелгенше құйыла береді. Алайда бұл құйылып жатқан суды біз ауырлық немесе инерция күшінің әсері деп санаймыз.
Игіліктің бағасын осы құбылыспен салыстыруға болады-бұл шаруашылықтар арасындағы экономикалық теңестірудің белгілері. Оларды қозғалысқа келтіруші күш-бұл ақырғы және кез келген шаруашылық қызметінің жалпы себептері: адамдардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға деген ұмтылысы, өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту. Барлық үдерістің жалғыз-ақ сезіммен қабылдайтын элементі- баға деп және бағаның биіктігін дәл өлшеуге болатындықтан, күнделікті өмір оны ылғи да алдымызға тосады, сондықтан бағаның шамасы айырбас үрдісінің маңызды сәті деп қателесуіміз қиын емес, ал игіліктердің көлемін айырбастау актісінің негізі- эквиваленттер. Бұл біздің ғылымымызға есепсіз кесірін тигізді: баға құбылысын зерттеушілер барлық күш-қуатын екі игіліктердің көлемдерінің арасындағы болжамданған теңдікті оның себептерін қосуға арнады және кейбірі осы себептерді игілікке жұмсалған еңбектің бірден көлеміне кеткен шығыннан, енді бірі-өндірістің тең шығынынан іздеді, игіліктер бір-біріне, олар эквивалент болғандықтан, айырбастала ма деген пікір қалыптасты, ал шын мәнінде екі игіліктердің көлемдігінің құндылықтарында ешуақытта мұндай тепе-теңдік болмайды (тепе-теңдік объективтік мәнде).
Осы теорияның негізінде жатқан адасушылық, біз баға құбылысын зерттеуде бүгінге дейін басым болып келген біржақтылықтан қалай құтыламыз, сонда ғана бірден түсінікті болады.
Баламалар деп бір-бірімен кез келген бағытта айырбасқа түсе алатын игіліктердің нақты көлемін айтуға болады: бірін ұсынып, екіншісін алуға болатын мүмкіндік және керісінше. Бірақ адамдардың шаруашылық өмірінде мұндай баламаларды кездестіре алмайсыз. Егер осы түсініктегі баламалар болса, онда неге әр айырбас, жағдаят жайы өзгермегенмен қайта, керісінше жасалынбайды.
Нан базарында немесе қор биржасында нанды немесе қорларды сатып алып және оларды жағдаят жағдайы өзгермей тұрғанда қайта сатып көрейік немесе бір сәтте қайсыбір тауарды сатып, екінші тауарды сатып алып көрейік, сол кезде ұсыным мен сұраным кезіндегі бағалар арасындағы айырма-қарапайым кездейсоқ емес, дұрысында халық шаруашылығының жалпы құбылысы екендігіне бірден әрі жеңіл көз жеткіземіз.
Белгілі бір көлемде бір-бірімен айырбасталуы мүмкін тауарлар, мысалы, ақша сомасы мен басқа экономикалық игіліктің нақты көлемі, бір-бірімен сату кезінде де, сатып алу кезінде де еркін айырбасқа түсетін тауарлар, яғни объективтік мағынадағы баламалар-ондай тауарлар болмайды, қатынас табиғатының өзі ондай баламаларды болдырмайды және шын мәнінде олардың болуы мүмкін емес.
Шынайы баға теориясы мына көрсеткішке тырысуы керек: шаруашылық жүргізуші адамдардың өз қажетіліктерін толық қанағаттандыруға ұмтылысын да игіліктердің белгілі бір бөлігін, яғни белгілі бір көлемін басқа тауарға айырбасқа береді. Осы зерттеу кезінде біз бағаның құрылу құбылысын, біртіндеп күрделісіне ауысуы үшін, қарапайым нысанын қарастырудан бастаймыз.

Оқшауланған айырбас кезіндегі бағаның құрылуы
Өткен тарауда экономикалық айырбастың болуы үшін қажетті шарттың төмендегідей болатындығын көргенбіз: бір шаруашылық жүргізуші субъектінің иелігінде, басқа шаруашылық жүргізуші тұлғаның иелігіндегі игіліктерге қарағанда, өзі үшін құндылығы төмен игілік болады, мұндай бағалауға екінші тұлғаның көзқарасы басқаша болуы керек. Бірақ осыменен қатаң шекара белгіленеді, оның ішінде әрбір нақты жағдайда бағаның құрылуы үдерісі қажет.
Мына мысалды алайық: А үшін, астықтың 100 өлшемінің шараптың 40 өлшеміне барабар құндылығы болады; яғни А қандай жағдай болса да, шараптың көрсетілген көлемі үшін айырбас кезінде 100 өлшемнен артық бермейді, себебі қажеттілігін бұлай қанағаттандырудан кейін, айырбасқа түспей тұрған кезінен гөрі экономикалық жағдайы нашарлауы мүмкін, ол аз болса А айырбасқа өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруды жақсы қамтамасыз етуге қол жеткізген соң ғана келісім береді. Сөйтіп ол өзінің астығына шарапты алуға, 40 өлшем шарап үшін 100 өлшем астықтан кем беретін болса ғана келіседі. Сондықтан А-ның астығына айырбастау кезінде шараптың 40 өлшеміне баға қалай қойылса да, тіпті басқа шаруашылық жүргізушінің шарабын да, А-ның экономикалық жағдайына байланысты бұл баға астықтың 100 өлшеміне жетпейтіні анық.
Егер А шараптың құндылығы астықтың 100 өлшемінен кем көлемін, астықтың көлемінің құндылығы 40 өлшем шараптан артығырақ болатын шаруашылық жүргізушіні таппаса, онда ол астығын шарапқа айырбастамайды, себебі онда экономикалық айырбас жасауға негіз болмайды. Егер А басқа шаруашылық жүргізуші субъект Б-ны тапса, ал ол үшін 80 өлшем астықтың құндылығы 40 өлшем шараптың құндылығына барабар болса, яғни А мен Б арасында экономикалық айырбас болу мүмкіндігі бар, егер, әрине, екі тұлға осы сияқты қатынастың бар екенін және айырбасты жасауға еш кедергі жоқ екендігін білуі керек; сонымен бірге бағаның құрылуына екінші шек жасалынды.
Шын мәнінде А-ның экономикалық жағдайын ескеретін болсақ, 40 өлшем шараптың бағасы 100 өлшем астықтың бағасынан төмен болуы керек ( болмаса А бұл айырбастан ешқандай экономикалық пайда таба алмайды), ал Б-ның экономикалық жағдайын алатын болсақ, оған шараптың 40 өлшемі үшін 80 өлшем астықтан үлкен көлем ұсынылуы керек. Сондықтан А мен Б-ның арасында экономикалық айырбас кезінде шараптың 40 өлшеміне қандай баға белгіленсе де, қойылған шектермен бағаның құрылуына 80 өлшем, бір жағынан, астықтың 100 өлшемі екінші жақтан қызмет етеді, яғни, 80-нен астам, 100-ден төмен болуы керек.
Бұл жағдайда А 40 өлшем шарап үшін 99 өлшем астық берсе де, өзінің қажеттілігін ойдағыдай қанағаттандыруға қол жеткізеді, екінші жағынан, дәл сол сияқты өзінің 40 өлшем шарабы үшін, ең кем дегенде 81 өлшем астық алса, онда ол тиімді операция жасады деп саналатынын мойындауымыз керек.
Әйтсе де, шаруашылық жүргізуші субъектілердің екеуіне де үлкен экономикалық пайда алуға мүмкіндік туып тұрғандықтан, олардың қайсысының іс-қимылы мүмкіндігінше үлкен пайда алуға бағытталады. Бұл құбылысты біз күнделікті өмірде «саудаласу» деп атаймыз. Әр айырбасқа қатысушы тұлғалар экономикалық тиімділікке көбірек қатысуға қол жеткізуге ұмтылады, бұл тиімділікті осы жағдайды іске асыруда алуға болады, тіпті бұл тиімділіктің әділетті үлесін ғана алғысы келгенмен, басқа айырбасқа қатысушының экономикалық жағдайы белгісіздеу болған сайын, жоғары баға сұрауға бейім тұрады.
Бұл баға үшін күрестің цифрлармен көрсетілген нәтижесі қандай болады?
Шараптың 40 өлшемінің бағасы, біз көргеніміздей, 80-нен жоғары, астықтың 100 өлшемінен төмен болады. Айырбастың нәтижесі екі жақ үшін де тиімді болатындығы түсінікті-ол айырбасқа қатысушы субъектілердің ерекшеліктеріне, олардың іскер өмір заңдылықтарын білуіне және контрагенттің жағдайына байланысты.
Айырбас шарттарының екі жаққа бірдейлігін және тұлғалардың экономикалық тәжірибелілігін теңдігін ескере отырып, екі контрагенттердің мүмкіндігінше үлкен пайда алуға ұмтылысы тоқтайды және бағасы шеткі қойылған шектен белгілі бір тең қашықтыққа алшақтайды.
Біздің мысалда осыған сай екі жағы да келіскен шараптың 40 өлшем бағасы 80-нен жоғары және 100 өлшемінен төмен болуы керек; бағаны осы шекараның ішінде бекітуге келсек, онда екі категорияның теңдігі кезіндегі баға астықтың 90 өлшеміне тоқтайды, ал экономикалық жағынан алғанда айырбас қойылған шектің ішінде басқа бағамен де жүргізілуі мүмкін.
Екі шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы игіліктердің экономикалық айырбасқа түсуіне негіз бар, барлық жерде қатынастың өзінің табиғатымен егер айырбастаудың экономикалық сипаттамасы болса, ішінде баға құрылатын белгіленген шекарасы беріледі. Бұл шекаралар айырбасқа ұсынылған екі контрагент үшін әр түрлі игіліктермен беріледі, олар екі жақтың әрқайсысы үшін балама....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру