Семей қаласы
Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
Тарихы
Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». «Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі. Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. XX ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М.Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г.Потаниндермен кездесті.Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н.Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияќты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н.Белослюдов және А.Н.Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н.Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д.Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» үнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» үнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.
Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылы облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиясы құрылды. Ерлік істері үшін 238-ші атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 3 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Жауынгерлік Қызыл ту орденімен марапатталды, ал 24 мамырда Халық Қомиссарының бұйрығымен 30-шы гвардиялық болып жасақталды. 1944 жылдың 3 қарашасында 30-шы гвардиялық дивизия «Рижск» құрметті атағы берілді. 1946 жылдың 6 мамырында дивизия таратылды. Өкіметтік марапаттарға дивизияның 13 мыңнан астам жауынгерлері ерліктері үшін ие болды. Дивизия командирлері: полковник Коротков Геннадий Петрович (14 наурыз 1941 ж. – 10 мамыр 1942 ж.); полковник (27 қазан 1942ж. генерал-майор) Кулешов Андрей Данилович (16 мамыр 1942 ж. – 17 қаңтар 1944ж.); полковник (3 маусым 1944 ж. – генерал-майор) Исаев Михаил Александрович (18 қаңтар – 5 қараша 1944ж., 17 ақпан– 9 мамыр 1945ж.); полковник Фадейкин Иван Анисимович (6 қараша 1944ж. – 16 ақпан 1945жж.).
8-ші атқыштар дивизиясының жолы да даңқты болды. 1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың наурызына дейін Семей және Аягөз қалаларында жасақталды. Воронеж түбінен басталған жауынгерлік жол Курскі шайқасына ұласты. 1944 жылдың 5 наурызында дивизияға «Ямпольск» құрметті атағы берілді. Дивизия командирлері: полковник Зверев Григорий Александрович (25 желтоқсан 1941ж. – 1 ақпан 1942 ж); подполковник (1 қазан 1942 ж. генерал-майор) Иванов Иван Иванович (2 ақпан 1942 ж. – 2 маусым 1943ж); подполковник Гудзь Порфирий Мартынович (15 маусым – 26 қазан1943ж); генерал-майор Иванов Николай Иванович (27 қазан – 12 желтоқсан 1943ж); генерал – майор Смирнов Андрей Семенович (13 желтоқсан 1943ж. – 26 қыркүйек 1944ж); полковник Угрюмов Николай Степанович (27 қыркүйек 1944 ж. – 9 мамыр 1945ж).
56 семейліктерге Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атақтар берілді (М.Әбеулов, В.В.Буторин, З.Белібаев, В.А.Засядко, М.К.Меркулов, Н.Н.Силин т.б.). 13 адам 3-ші дєрежелі Даңқ орденінің иегерлері болды (Ф.Әділбаев, М.Әубєкіров, П.П. Борков, М.Ф.Кружелев, Ф.Е. Маслин, В.Н.Кондратьев, В.А.Осипов, С.Рубаев, Б.Хайдаров т.б.)
Мәдени өмір
Семей шаһары Қазақстанның "мәдени астаны" ретінде әйгілі. Қалада Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық мұражайы, Федор Достоевскийдің Әдеби-Мемориалдық Мұражайы, Семей орыс драма театры сынды мәдениет орталықтары бар.
Қаланың көрікті жерлері
Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
Қос мұналары мешіт - сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 - 1862 жж. - құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Мешіт жұмыс істеп тұр.
Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
Невзоровтар отбасы атындағы мұражай - Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.
Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы губернатор үйі) - 1856 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.
Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.
Абай тұрған Анияр Молдабаевтің үйі (Алаш арыстары). ХІХ ғасырдың соңы. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Төртбұрышты, ағаштан салынған. Төменгі қабат жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған. үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде 2 мемориалдыќ тақта ілінген: «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған».
«Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов.
Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания ЛТД компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.
Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.
Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.
Белгілі тұлғалары
Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ
Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі
Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)
Таупық Рымжанов – жазушы
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.
Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.
Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.
Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.
Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.
Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.
16 мың ш.м. жеке тұрғын үй енгізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 182% артық.
Жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.
Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында немесе 98,2% игерілді.
Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке арттық.
2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың тіркелген саны 1518 адамға есептеліп, өткен жылдың деңгейінде қалды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.
Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай кезеңіне 13,5% артты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: семей семипалатинск туралы реферат казакша, семей семипалатинск каласы туралы реферат казакша, реферат на тему семей семипалатинск на казахском языке скачать, семей семипалатинск қаласы туралы реферат, реферат казакша, казакша, реферат, семей семипалатинск каласы, реферат реферат на тему семей семипалатинск, семей семипалатинск туралы реферат, Қазақша реферат: семей семипалатинск туралы казакша реферат, реферат на казахском языке про семей семипалатинск город, семей семипалатинск туралы казакша реферат қазақша реферат, реферат на казахском языке про город семей семипалатинск, на казахском языке скачать, скачать, на тему семей семипалатинск, семей семипалатинск туралы, қазақстан қалалары туралы реферат, казакстан калалары туралы реферат казакша, реферат на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, реферат на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, реферат на тему казакстан калалары, города казахстана реферат на казахском скачать, semey semipalatinsk turaly referat kazaksha, semey semipalatinsk kalasy turaly referat kazaksha, referat na temu semey semipalatinsk na kazahskom yazyke skachat, semey semipalatinsk қalasy turaly referat, referat kazaksha, kazaksha, referat, semey semipalatinsk kalasy, referat referat na temu semey semipalatinsk, semey semipalatinsk turaly referat, Қazaқsha referat: semey semipalatinsk turaly kazaksha referat, referat na kazahskom yazyke pro semey semipalatinsk gorod, semey semipalatinsk turaly kazaksha referat қazaқsha referat, referat na kazahskom yazyke pro gorod semey semipalatinsk, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu semey semipalatinsk, semey semipalatinsk turaly, қazaқstan қalalary turaly referat, kazakstan kalalary turaly referat kazaksha, referat na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, referat na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, referat na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana referat na kazahskom skachat