file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Биология | Фарингит

 Биология | Фарингит

Фарингит (грек. pharynx — жұтқыншақ) — жұтқыншақтың кілегей қабығының қабынуы. Фарингит жедел респираторлы аурулардың, тұмаудың, т.б. жұқпалы аурулардың әсерінен болады. Кейде жұтқыншаққа әр түрлі факторлардың әсер етуінен де (мысалы, ауыз арқылы суық ауамен демалғанда немесе қатты суықта сөйлескенде, сондай-ақ өте ыстық не өте суық тағам жегенде) дамиды. Фарингиттің екі түрі бар. Жедел Фарингит көбінесе жұқпалы болады. Бұл кезде жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарып ісінеді. Науқас адамның тамағы құрғап, жыбырлаған сияқты, бір нәрсе кілегей қабыққа жабысып тұрғандай сезінеді. Дене температурасы қалыпты болады. Егер Фарингиттің жедел түрін дәл уақытында емдемесе, ол созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде жұтқыншаққа өте көп мөлшерде қақырық жиналады, соның салдарынан ауру адам үнемі жөтеліп, қақырық тастайды, әсіресе бұл таңертеңгілік мезгілде байқалады. Кейде көп жөтелгеннен науқастың жүрегі айнып, құсуы да мүмкін. Фарингиттің созылмалы түрінің дамуына созылмалы тұмау, тонзиллит, мұрын қуысының іріңді қабынуы, тіс кариесі, организмде зат алмасу процесінің бұзылуы, жүрек, бауыр және бүйрек аурулары себеп болады. Сондай-ақ Фарингиттің дамуына ауаның өте құрғақ болуы, темп-раның күрт өзгеруі, ауадағы шаң-тозаң және зиянды заттардың қалыпты мөлшерден көп болуы да үлкен әсер етеді. Емі: Фарингитке шалдықтыратын жағдайларды болдырмау; денені шынықтыру. Егер дене температурасы көтерілсе, оны төмендетін дәрі-дәрмектер ішу; антисептикалық ерітінділермен тамақты шаю; ингаляция жасау. Фарингитпен жануарлар да ауырады. Оған суық ауа райы, малдың кейбір жұқпалы аурулары: түйнеме, сақау (жылқыда), пастереллез, т.б. себеп болады. Мал ауырғанда қорегін жұтуы қиындап, аузынан сілекей ағады. Тамағынан өтпеген жемінің қалдығы танауынан түседі. Дене температурасы көтеріліп, жұтқыншақ маңы ісінеді. Малды жылы жерге жатқызып, сульфаниамидтер және антибиотиктер береді, серотерап. (гамма-глобулинді егу) ем қолданылады.

Сілтемелер



"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру