Биология | Ішперде

 Биология | Ішперде

Ішперде (брюшина); (лат. peritoneum ішперде) — құрсақ және жамбас қуыстарының ішкі бетін астарлап жаткан сірлі қабық. Ол қабырғалық (париетальды) және висцеральды жапырақтарға бөлінеді. Қабырғалық ішперде құрсақ пен жамбас қуыстарының қабырғаларын және көкетті (диафрагма) астарлайды. Ал осы қуыстарда орналасқан ішкі мүшелер сыртынан висцеральды ішпердемен қапталған. Жалаңқабат сірлі қабықтан құралған париетальды ішперденің омыртқа бағанасы астында дене қуыстарының оң және сол жақтарынан келіп, өзара түйісіп қосқабаттанып, висцеральды ішпердеге өтетін жерін шажырқай деп атайды. Шажырқай негізінен ішек ілмектерінің аралығында жаксы жетілген. Қарындағы қосқабаттанған сірлі қабықтар аралығындағы дәнекер ұлпасында іш майы жиналатын шажырқайды шарбылар (үлкен және кіші) деп атайды. Көптеген ішкі ағзаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын қосқабатты сірлі қабықтарды байламдар деп атайды. Жамбас қуысында жалаңқабат париетальды ішперде дене қабырғасынан ішкі ағзалардың сыртқы қабырғаларына өтіп, шұңқырлар және үңгілер түзеді. Шажырқайлар, шарбылар, байламдар, үңгілер, шұңқырлар ішперденің туынды мүшелері


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру