Биология | Буынаяқтылар

 Биология | Буынаяқтылар

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

1. Трилобиттәрiздiлер тип тармағы

Трилобиттер класы

2. Желбезекпен тынысалушылар немесе Бранхиата тип тармағы

Шаянтәрiздiлер класы

Желбезекаяқтылар класс тармағы

Бақалшақты шаянтәрiздiлер класс тармағы

Жоғарғы шаяндар класс тармағы

3. Хелицерата тип тармағы

Шаяндар класы (жойылып кеткен)

Семсер құйрықтылар класы (жойылып кеткендер)

Өрмекшiтәрiздiлер класы

Сары шаяндар отряды

Бүйелер отряды

Жалған сары шаяндар отряды

Өрмекшiлер отряды

Кенелер отряды

4. Трахеямен тынысалушылар немесе Трахеата тип тармағы

Көпаяқтылар класы

Насекомдар класы

Отрядтар:

1. Тiкқанаттылар

2. Таракандар

3. Поденкалар

4. Теңқанаттылар

5. Биттер

6. Ручейниктер

7. Көбелектер

8. Қаттықанаттылар немесе қоңыздар

9. Қосқанаттылар немесе шыбындар

10. Бүргелер

11. Жарғаққанаттылар

БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПI

Жануарлар әлемiнде түрлерiнiң саны жағынан ең көбi – буынаяқтылар типi. Олар құрлық пен су қабаттарының тiршiлiк орталарын түгел игерген. Оларды барлық географиялық кеңiстiктерде кездестiруге болады. Буынаяқтылардың 2 млн. астам түрi бар. Математикалық үлгiлеудiң қазiргi әдiстерi Жерде 30 млн. астам түрдiң тiршiлiк етiп жатқаны туралы айтуға мүмкiндiк бередi. Бұл топ жердегi түрлердiң саны жағынан ең өсiмтал және тiршiлiк ортаның өзгеруiне бейiмделгiш болып табылады. Буынаяқтылар типi төрт тип тармағына бөлiнедi: желбезектыныстылар, трилобиттәрiздiлер, хелицералылар, кеңiрдекпен тыныс алушылар. Бұл қатар буынаяқтылардың эволюциясын және Жер тарихында олар мекендеген тiршiлiк орталарының кезектерiн көрсетедi.

Әр класс өкiлдерiнде бiз бейiмделу реакциясының көптеген мысалын көремiз. Буынаяқтылардың дене құрылысын сегменттелген аннелидалардың денелерiнiң жетiлдiрiлген құрылым жоспары ретiнде қарастыруға болады. Көне буынаяқтылардың дене сегменттерi әр түрлi қызмет атқаратын қарапайым аяқтары болуы мүмкiн, мысалы, тыныс алу, қорек ұстау, қозғалу, тiтiркенудi қабылдау. Буынаяқтылардың гүлденуiн қамтамасыз еткен түрлену процесi артроподизация деп аталады, оның мәнi аннелидтер құрылым жоспарындағы потенциальды артықшылықтарын пайдалану. Буынаяқтылардың гүлденуi көптеген шарттармен қамтамасыз етiледi. Төменде бiз ең маңыздыларын қарастырамыз:

- Қатты экзоқаңқаның пайда болуы;

- Буындалған аяқтардың бiрнеше түрлерiнiң қалыптасуы;

- Бөлек сегменттер немесе буындардың бiр-бiрiмен жарғақшалар арқылы бiрiгуi.

Насекомдардың экзоқаңқасы келесi түрде құралған. Эпикутикуласы сыртқы цемент қабатынан, су өткiзбейтiн балауыз қабатынан, қалыңдығы 3-6 мкм болатын кутикула қабатынан және гомогендi қабатынан тұрады. Эпикутикула – жануар денесiн микроорганизмдер кiруiнен қорғайды, су өткiзбейтiн, қабат. Протокутикуласы хитин, артроподин және ризилиннен құралған. Хитин – бұл кутикулаға белгiлi майысқақтық беретiн азотты полисахарид. Артроподин хитинмен байланысқан белок. Хитин – артроподин жиынтығының төзiмдiлiк дәрежесiн ұлғайту процесiнде, яғни фенолдармен өзара әрекеттесуде, осы әрекеттесу нәтижесiнде көптеген қосалқы көлденең байланыстар құрылып, олардың молекулаларының қаттылығының жоғарылауына алып келедi. Экзоқаңқаның арнайы бөлiмдерi, соның iшiнде түрлi қосымша өсiндiлер белгiлi бiр қызмет орындау үшiн өзгередi. Бiр-бiрiне жақын орналасқан өсiндiлер ұқсас қызметтердi орындай алады. Осының барлығы жануарлар белсендiлiгiнiң түрлерiн күрделендiрiп олардың тиiмдiлiгiн арттырады.

- Экзоқаңқаның iшкi қатты бетi бұлшық еттердiң жалғанатын орны. Буынаяқтылардың бұлшықеттерi көлденең жолақты. Мұндай құрылым бұлшықеттер қысқару жылдамдығының жоғарылауына, яғни қимылдау реакция жылдамдығының жоғарылауына себепшi болады.

- Қатты экзоқаңқа созылмайды, сондықтан жануардың өсуiн шектейдi. Экзоқаңқа көлемiнiң өсуi тек түлеу немесе экдизис арқылы жүредi.

- Дене қуысы аралас немесе гемоцель. Гемоцель түлегенде жануар денесiнiң көлемiн едәуiр ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл ескi кутикуланың үзiлiп кетуiне алып келедi.

- Буынаяқтылардың денесi бас, кеуде және құрсақ бөлiмдерiнен тұрады. Бас бөлiмiнде сезiм мүшелерi (көз, мұртшалары, статоцисттер), ауыз аппараттары орналасқан.

- Буынаяқтылардың нерв жүйесi жақсы дамыған; бас миынан және құрсақ нерв тiзбегiнен тұрады.

- Аннелидтерге қарағанда буынаяқтылардың миы едәуiр үлкен және құрылымы күрделi, цефализация жақсы байқалады.

Су өткiзбейтiн кутикула буынаяқтылар өкiлдерiнiң кейбiреулерiне, дәлiрек айтсақ насекомдарға құрлықта тiршiлiк етуiне мүмкiндiк бердi.

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Буынаяқтылар денесiнiң құрылыс жоспарын, сегменттелген аннелидтер денесiнiң жетiлдiрiлген құрылыс жоспары ретiнде қарастыруға болады. Мүмкiн, көне буынаяқтылардың дене сегменттерi түрлi қызметтердi орындайтын, қарапайым аяқтарды алып жүрген шығар, мысалы, газ алмасу, қорек табу, локомация, тiтiркенудi қабылдау. Буынаяқтылардың гүлденуi, көптеген факторлармен қамтамасыз етiлдi. Төменде бiз олардың ең маңыздыларын қарастырамыз.

1. Форманы өзгертуге мүмкiндiк бермейтiн, қатты экзоқаңқаның (кутикуланың) пайда болуы, рычагтар жүйесiнiң шығуына алып келдi. Көптеген жағдайларда олардың арасында буындар пайда болады және нәтижесiнде буынды аяқтардың бiрнеше типi қалыптасады. Жеке сегменттер немесе буындар өз арасында түрi өзгерген кутикула бөлiмдерiмен қосылады, олар бұл орындарда жұқа және иiлiмдi, сондықтан буыншаларға, құрылымдарға бекiтiлген еркiн қозғалуға мүмкiндiк бередi. Насекомдардың экзоқаңқасы мынадай түрде құралған.

Эпикутикула сыртқы цемент қабаттан, балауыз су өткiзбейтiн қабаттан, липидтi қабаттан, қалыңдығы 3-6 мкм - дi кутикула қабаттан және гомогендi қабаттан тұрады. Эпикутикула – негiзгi су жұқтырмайтын қабат, мүлдем су өткiзбейтiн және жануар денесiне микрорганизмдердiң енуiне қорғаныс болады.

Протокутикула хитин, антроподин және резилиндермен түзiлген. Хитин - бұл кутикулаға белгiлi бiр иiлiмдiлiк беретiн, азотты полисахарид. Антроподин өзiмен хитинмен байланысқан ақуызды бейнелейдi. Хитин-антроподин кешенiнiң берiктiгi илеу процесiнде жоғарылайды, яғни фенолдармен өзара әрекеттесуде; нәтижесiнде оның молекуласының қаттылығының ұлғаюына алып келетiн, көптеген қосымша көлденең байланыстар түзiледi.

Эндокутикула – гиподерма немесе жабын эпителиiне ең жақын қабат. Ол ең жұмсағы және эпителийдiң бездi клеткаларының секреторлы белсендiлiгiнiң туындысы болып табылады.

2. Сыртқы қатты қаңқаға байланысты дененiң сегменттерге, дене бөлiмдерiне (бас, кеуде, құрсақ), буынды аяқтарға бөлiнуi жүредi.

3. Бұлшық ет жүйесi шоғырланған көлденең – жолақты бұлшық еттермен бейнеленген.

4. Дене қуысы аралас типтi. Ол алғашқы және екiншi дене қуыстарының қосылу нәтижесiнде түзiледi.

5. Аралас типтi қаны гемолимфа деп аталады, себебi ол қаннан және лимфадан немесе қуыс сұйықтығынан тұрады.

6. Нерв жүйесi сегменттерде орналасқан ганглиялармен (нейрондар шоғыры) бейнеленген. Мұндай құрылыс типi ганглионарлы метамерлi жүйе деп аталады. Орталық жүйесi бас ганглиялар және дене жүйке түйiндерiмен бейнеленген.

7. Сезiм мүшелерi жақсы дамыған. Олар қарапайым және күрделi көздермен бейнеленген.

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ КӨБЕЮI ЖӘНЕ ДАМУЫ

Насекомдар даражыныстылар, жыныс диморфизмi байқалады. Жыныс диморфизм - бұл аталық пен аналықтың көлемi, формасы, дене түсiндендегi айырмашылықтары. Айырмашылықтар өте айқын болуы мүмкiн, мысалы, аналықта аяқтар, қанаттар, айқын ерекшеленген басы болмауы мүмкiн.

Ұрықтануы iштей.

Аналықтар ұрықтанған жұмыртқалар салады. Кейбiр насекомдарда партеногенез немесе“таза ұрықтану” құбылысы кездеседi. Мұндай түрлердiң көптеген ұрпақтары тек аналықтардан ғана тұрады: аталықтар болса - өте сирек кездесетiн құбылыс.

Насекомдардың дамуы екi жолмен жүредi:

1. Шала түрленiп даму тiкқанаттыларға, тарақандарға, дәуiттерге тән. Шала түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа - дернәсiл- ересек түр (имаго). Жұмыртқадан ересек насекомға ұқсас, бiрақ кiшi көлемдi, қанаттары және жыныс жүйесi толық дамымаған дернәсiл шығады. Дернәсiл өсiп, бiрнеше рет түлегеннен соң ересек насекомға айналады.

2. Толық түрленiп даму – қосқаннаттыларға, жарғаққанаттыларға, қаттықанаттыларға тән. Толық түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа - дернәсiл - қуыршақ - ересек түр (имаго). Дернәсiл құрылысы мен мiнез-қылығы жағынан ересек насекомдарға ұқсамайды. Дернәсiл қарқынды қоректенедi, бiрнеше рет түлегеннен соң қозғалмайтын қуыршаққа айналады. Қуыршақта мүшелердiң қайта құрылымы жүрген соң, оның iшiнен ересек насеком шығады.

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ

Биосферада:

- Гүлдi өсiмдiктердiң негiзгi тозаңдатқыштары.

- Өсiмдiк қоректi пайдаланып, оны жануар ақуыздарына – басқа жануарлар қорегiне айналдырады.

- Биосфераның санитарлары.

Шаруашылық саласында:

- Жоғары өсiмталдығы мен биосалмағы оларды қорлар үшiн күресте адамның бәсекелесiне айналдырады (олардың iшiнде көптеген зиянкестерi бар).

- Қансорғыштар үй жануарларының өнiмдiлiгiн азайтады.

- Адамда жұқпалы және инвазионды аурулар қоздырғыштарының тасымалдаушылары болып табылады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру