Биология | Жоғары сезімталдық механизмдері

 Биология | Жоғары сезімталдық механизмдері

«Жоғары сезімталдық механизмдері»

2. Мақсаты: Студенттерді Кумбс және Джелл бойынша жоғары сезімталдықтың негізгі механизмдерімен таныстыру, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезін және клиникалық мысалдарын қарастыру.

3. Дәріс тезисі:
1. Жоғары сезімталдықтың Кумбс және Джелл бойынша жіктеуі.
2. Атопиялық аурулардың патогенезіндегі IgЕ рөлі.
3. Анафилактикалық шок патогенезі.
4. Цитотоксикалық серпілістің және иммундық кешен ауруларының патогенезі.
5. Жоғары сезімталдықтың баяу түрі. Жасушалық фактордың рөлі.

Аллергия дегеніміз әр түрлі заттарға ағзаның иммунологиялық реактивтілігінің өзгерістерімен жүретін жоғары сезімталдығы. Алғаш рет осы терминді австрия ғалымы Пирке (Von Pirquet, 1906) антигендік стимуляцияға ағзаның реактивтік өзгерістерін белгілеу үшін ұсынған (аllos грек. – өзге, ergon – әсер, яғни - өзгерілген әсер деген мағына).
Аллергия кезіндегі ағзаның жоғары сезімталдығы арнайы болып келеді, яғни ағзаның сенсибилизациясын шақырған антигенге ғана. Аллергенмен қайта жанасқан кезде пайда болатын жоғары сезімталдықтың клиникалық көріністерін аллергиялық серпіліс деп атайды.
Кумбс және Джеллдің жіктеуі бойынша жоғары сезімталдықтың механизмдерін 4 түрге ажыратады:
I. Атопия және анафилаксия.
II. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпіліс.
III. Иммундық кешен аурулары.
IV. Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмі (БЖС).
Осы механизмдер аллергиялық, сонымен қатар аутоиммундық аурулардың патогенезінің негізінде жатыр.
Аллергиялық серпіліс антигенге, бұл жағдайда аллерген деп аталатын антигенге қарсы пайда болатын гиперэргиялық иммундық жауап болып табылады. Аллергияның дамуында бастапқы себеп болып табылатын берілген антигенге қарсы иммундық жауаптың реттелуінің бұзылысы соның нәтижесінде тепе-теңдігі бұзылған күшті иммундық жауап дамиды. Сол бір антиген бір адам үшін қалыпты деңгейдегі иммундық жауапты тудыратын (ағзаға түскен аллергеннің санына тепе-тең) антиген болып табылады, ал басқа адамған сол антиген аллерген болып табылады.
Жоғары сезімталдықтың барлық механизмдері (бірінші түрінен басқа) аутоиммундық аурулардың патогенезіне қатысады.
Аутоиммундық аурулар иммунологиялық төзімділіктің бұзылысы нәтижесінде дамиды, соның нәтижесінде төзімділіктің орталық және шеткі механизмдері бұзылуы мүмкін. Аутоиммундық үрдістер ағзаның өзіндік антигендеріне қарсы иммундық жауаптың болуымен (антиденелердің түзілуі және/немесе жасушалық серпіліс) сипатталады. Көптеген аутоиммундық аурулардың патогенезінде жоғары сезімталдықтың II, III және IY түрлері немесе олар бірігіп қатысады.

4. Иллюстрациялық материал: №9 мультимедиялық дәріс

5. Әдебиет
1. А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 277-299 беттер
2. А. Ройт. Основы иммунологии. М., 2007, 423-493 беттер
3. Ф. Бернет «Клеточная иммунология». М., 1972
4. T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.
5. A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Атопияның патогенезінде иммуноглобулиннің қай классы маңызды рөл атқарады?
2.Атопиялық аллергиялық серпілістегі нысана-жасушаларды атаңыздар
3.Қандай дәрілік препараттарды енгізгенде анафилаксиялық шок дамуы мүмкін
4.Қандай жасушалар БЖС патогенезінде қатысады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру