Биология | Иммундық жүйенің құрылысы
Иммундық жүйе туралы түсінік. Иммундық жүйенің мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейлерінің құрылысы.Лимфоциттер генезі, иммунды хабарлы жасушалардың мигерациясы мен рециркуляциясы. Иммундық бақылау концепциясы және оның биологиялық рөлі.Иммундық жауап туралы түсінік.Иммундық жауаптың түрлері.Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың иммундық жауаптағы маңызы.
Иммундық жүйе – морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын, ағзаның ішкі артасындағы антигендік түрақтылықты қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тіндердің өзара жиынтығы.
Иммундық жүйе – қоз,алмалы және үздіксіз жаңарып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның жеке құрылымының сақталуына зор ықпал етеді.Иммундық жүйенің құрылысын үш деңгейге бөлуге болады:мүшелік,жасушалық және молекулалаық.
Мүшелік деңгей
Иммундық жүйенің мүшелік деңгейі 1)орталық (біріншілік)және 2)шеткі(екіншілік)мүшелерден тұрады.
Иммундық жүйенің орталық мүшелері
Иммундық жүйенің орталық мүшелері лимфоциттердің түзелуін қамтамассыз етеді.Бұл жерде олар лимфоидтық бағаналы жасушаларданг түзіліп, көбейеді және функционалдық пісіп жетілген жасушаларға айналады.
Сүтқоректілер мен адамдарда екі орталық мүшесі болады: сүйек кемігі және тимус.Сүйек кемігінде В-лимфоциттердің клондары түзіледі, сондықтан сүйек кемігі гуморалдық иммунитет жүйесінің (В-жүйесі)орталық мүшесі болып саналады. Ал, тимуста Т-лимфоциттердің клондары түзіледі, ал жасушалық иммунитет жүйесінің (Т-жүйесі)орталық мүшесі болып табылады.
Сүес кемігі – иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық мүшелерінің қызметтерін біріктіретін мүше, ол көп қабілетті бағаналы жасушалардың көзі болып табылады.
Көп қабілетті бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) пайда болатын жасушалар: эритроидтық, одан эритроциттер түзіледі; миелоидтық, одан нейтрофилдер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер түзіледі; мегакариоцитарлыфқ – тромбоциттер түзіледі;лимфоидтық – екі жасушалық сызық: Т-лимфоциттің және В-лимфоциттің ізашарлароы пайда болады.
Сүтқоректілерді сүйек кемігі В-лимфоциттердің негізгі түзілу ортасы болып табылады.
Гуморалдық иммунитеттің орталық мүшесі алғашқыда құстарда – Bursa Fabricius – Фабрициус қапшығында табылған.Онда антидене түзетін лимфоциттердің дамуы жүреді. Даму орнына байланысты осы лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды.Гуморалдық иммунитеттің барлық жүйесі В-жүйесі деп аталады. Кейінірек, сүтқоректілер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттің орталыфқ мүше жүйесінің қызметін сүйек кемігі атқаратыны белгілі болды. Ағылшынша ол Bone marrow деп аталады, демек В-жүйесі мен В-лимфоциттердің (бұрынғы және қазіргі)аталуы сәйкес келеді.
Тимус (айырша без) деп, тимиан өсімдігінің жапырағына және айыршаға ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгі лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық иммунитеттің дамуы жүредлі.
Тимус алдыңғы көкірекаралықтың жо,ары бюөлімінде, төстің артында, жүрек үстінде орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады, әр бөлігі капсуламен шектелген, одан тіннің ішіне қарай, бөлікті бөлшектерге бөлетін перделер ораласқан. Әр бөлшектің шетінде субкапсулалық және қыртыстық қабаттар, ал ортасында – милық қабат ажыратылады.
Қыртыстық заттың негізін жұлдыз тәрізді эпителий жасушалары құрайды, олардың арасында лифоциттер мен макрофагтар орналасқан. Қыртыстық заиында жоғары митоздық белсенділігі бар, бірақ иммунды хабарлы қабілеті жоқ лимфоциттер басым.
Милық затында аздаған лимфоциттер бар, стромасы жақсы жетілген, эпителий жасушаларынан тұрады.Сонымен қатар, милық затында дендриттік жасушалар, макрофагтар және Гассаль денешіктері (жаңа номенкулатура бойынша айырша бездің денешіктері)бар. Гистохимия әдісі бойынша, қыртысттық қабаттың жұлдызша тәрізді эпителий жасушалары мен Гассаль денешіктері белсенді түрде жасанды және секреторлық үрдістер жүріп отырады.Онда бірқатар биологиялық белсенді заттардың, соның ішінде тимус гормондардың түзілуі жүреді.Болжам бойынша, Гассаль денешіктерінің көмегімен апоптозға ұшыраған тимоциттер жойылады деп есептеледі.
Тимус маңызды эндокриндік мүше болып табылады.Тимустың гормондары кальций мен фосфор метаболизміне, глюкозаның алмасуы мен утилизациясына, бұлшық ет тонусына, бойға және жыныстық жетілуге әсер ететіні анықталған.Бірақ тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі – иммуногенезге реттегіштік әсер етуі.Сонымен бірге, тимустың гормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткі лимфоидтық мүшелерде Т-лимфоциттердің соңғы пісіп – жетілуін реттейді және де сүйек кемігінде Т-лимфоциттер ізшараларының дифференциялану үрдісіне әсер етеді.Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады.
Біріншіден, тимустың қыртысында Т-лимфоциттер ізшараларының дифференциялануының алғашқы кезеңдеріне әсер ететін І және ІІ топтағы тимопоэтиндер. Екіншіден – тимозин туыстастығының гормондары (тимозин al c m.m. 3108; BI c m.m 8451; B2 c m.m 4982 және т.б.).Бұл гормондар өте көп мүшелердегі глутамин және аспарагин қышқылынан түратын салыстырмалы орташа молекулалық салмақты полипептидтер болып табылады.Олардың Т-лимфоциттердің дифференциялану үрдісіне әсер механизмі, жасушаның маңызды реттегіштік жүйесі болып табылатын, лимфоциттердің циклдік нуклеотидтер (цАМФ, цГМФ) жүйесіне әсер етумен байланысты.
Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің миграция, дифференциялану және пролиферация үрдісіне әсер ететін бірнеше гуморалдық факторлар түзіледі.Бұл мысалы, тимикалық гуморалдық фактор, тимикалық сарысулық фактор және тағы басқалары.
Тимустың эпителий жасушалары, сонымен бірге цитокиндер түзеді: ИЛ-1, 6 және 7, колонистимулдеуші факторлар (ГМКСФ, Г-КСФ, М-КСФ).Осы цитокиндер арасында тимоциттер дамуы үшін маңыздысы ИЛ-7 болып табылады, тимустағы қалған цитокиндердің әсері өзара алмастырушылық.
Кейбір жағдайда тимустың гематотимикалық деп аталатын тосқауылдың болуына тимустың ағзаның басқа мүшелер және жүйелермен әрекеттесуі шектелген.
Тимус тек қана Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуіне мамандандырылған. Бұл мүшенің морфологиялық құрылысының ерекшелігі: әр аймақта лимфоциттердің әр түрлі жағдайдағы микроайналым болады.Нәтижесінде бұл жасушалар әртүрлі жасуша аралық және гуморалдық әсер алады,яғни:
Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуі, негізінде Т-лимфоциттер клонының түзілуіне әкелетін антигентанушы рецепторлардың пайда болуы, әрбір Т-лимфоциттер клоны тек бір нақты антигенге ғана арналған;
Қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуі;
Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы, олар негізгі гистосәкестік комплексінің өнімдері өзіндік МНС-антигендермен бірге бөтентекті пептидтерді анықтайды.
Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1-3 жас аралығында тимус біршама көлем мен белсенділікке жетеді (гормондар түзілуі, тимциттердің дифференциялануы мен пролиферациясына көмектесу), кейін ол тұрақтанады.20жастан бастап біртіндеп үдемелі инволюциясы (салмағының азаюы) жылына белсенді тіннің 3%-на дейін жойылуымен жүреді. Атрофияға көбіне тимустың қырсықтық қабаты ұшырайды. Ал мидың заты жартылай атрофияға ұшыраса да, біраз бөлігі сақталады.Адамда тимустың жасқа байланысты инволюциясы кезінде иммундық тапшылық жағдай қалыптасады, бұл кезде иммундық жүйеге тимус гормондарының преараттары қолайлы әсер етеді.Жалпы тимустың жастық инволюциясы иммундық жүйенің ескеруіне, ал ол аралық бүкіл ағзаның біршама дәрежеде қартаюын анықтайды деп есептеледі.
Сонымен, тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады.
Орталық мүшелерде лимфоциттердің дифференциялануы көп мөлшерде гуморалдық күшейтулердің және жасуша аралық өзара байланыс әсерінен жүреді, олар гемондағы бірқатар өзгерістерді шақырады. Ол лимфоциттер клонының түзілуіне әкеледі, яғни әрбір клон белгілі антигендік детерминантқа (эпитоп)арналған.Сол себептен лимфоциттердің барлық антигендерді тану қабілеті пайда болады. Бұл дифференциялану деп аталады.
Сонымен, иммундық жүйенің орталық мүшелерінде ізашар жасушалардан Т-және В-лифоциттердің түзілуі және олардың антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді.Осы орталық мүшелердегі антигенге тәуелсіз дифференцияланудың ең негңзгң нәтижесі лимфоциттер клондарының түзілуі болып табылады.В-лимфоциттердің клоны сүйек кемігінде, ал тимуста Т-лимфоциттердің клоны қалыптасады.
Лимфоциттер орталық мүшелерден қан және лимфа ағымы арқылы шеткі мүшелерге көшеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Иммундық жүйенің құрылысы туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Иммундық жүйенің құрылысы на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat