Қазақ әдебиеті | Арғынбай Жұмажанұлы
Арғынбай Жұмажанұлы - Монғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Монғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.
Шығармашылығы
«Тақпақтар», «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер» кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісүлу», «Адам туралы аңыз» кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. « Талаптылар », « Ертіс жырлары », « Бірлестікшілер », « Сандуғаш » пьесаларының авторы. 1979 жылғы Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Монғолияның «Еңбек Қызыл Ту», Алтын Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдарымен марапатталған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:
Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,
Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.
Кешір мені туған жер — Моңғол елім,
Пендемін ғой, қаныма тартып барам!
Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Монғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Монғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы монғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Монғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған. "Көшпенділер" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әнінің сөзін жазған осы Арғынбай Жұмажанұлы.[1]
Пайдаланған әдебиет
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Арғынбай Жұмажанұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Арғынбай Жұмажанұлы