Қазақ әдебиеті | Хачин Георгий Андреевич
Хачин Георгий Андреевич (15.3.1915, Ресей, Башқортостан, Зилаир ауданы Кананикольское селосы - 2.5.1978, Қостанай облысы Жітіқара қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, қатардағы жауынгер. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1937 жылы шақырылған. 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылдың тамыз айынан танкіні жоятын дивизионда өзінің жауынгерлік борышын атқарды. Ұрыс күндерінің бірінде жау Сталинград қаласындағы трактор зауытын басып алмақ болып, бір полк жаяу әскерін жіберді. Оларды орташа және ауыр танкілермен, ал әуеде 53 ұшақпен қорғады. Осы ұрыста Xачин ауыр жараланғанына қарамастан, жаудың 4 танкісін жойды. Ол әскерлерді біріктіріп, қорғаныс құрып, күні бойы бекіністі ұстап тұрды. Тек бригада командирі майор Дурневтің «қоршаудан атыса отырып шық» деген бұйрығынан кейін ғана ол бекіністі тастап шықты. Осындай ерекше қайсарлық жасағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлы- ғымен Хачинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (8.2. 1943). Соғыстан кейін ол Башқортостанда орман шараушылығында жұмыс істеді. 1971 жылы Қостанай облысы Жітіқара қаласына көшіп келіп, өмірінің соңына дейін Жітіқара асбест комбинатында жұмыс істеді.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Хачин Георгий Андреевич туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Хачин Георгий Андреевич