Қазақ әдебиеті | Федор Федорович Шиляев
Федор Федорович Шиляев (6.4.1900, Ресей, Свердловск облысы Верхотурье қаласы -16.11.1969, Қарағанды қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, старшина. Орыс. 14 жасынан еңбекке араласып, Азамат соғысына (1918-20) қатысқан. 1939 жылы Алматыға қоныс аударып, Түрксіб басқармасында жұмыс істеген. Қазақстанда жасақталған әскери құраманың қатарына алынып, 1942 жылдан 1-Балтық майданына қарасты 43-армия 5-шабуылдаушы инжылы-саперлер бригадасы батальоны құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 25 маусымға қараған түні Батыс Двинадан (Даугава) өту үшін Шиляевке 20 минут ішінде сал жасап,өзеннің арғы жағына шығуға бұйрық берілді. Өзеннен өтіп шыққан жаяу әскер взводының қимыл-әрекетін қолдау үшін Шиляев өзінің саперлерін шабуылға бастады. ¥рыс барысында 12 жау әскерін жойды. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Шиляевке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.7.1944). Соғыстан кейін ол Қарағанды қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Федор Федорович Шиляев туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Федор Федорович Шиляев