Ғылыми зерттеулер бағыттарын болжау. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал. 2 - сабақ.
Қосымша 1 Мәтінге атау бер
«Ел іші – өнер кеніші» деп бекер айтылмаған ғой. Қазақ арасында әлемдік жаһандану бәйгесіне қосатын небір жүйрік өнертапқыштарымыз бар. Іздегіш эндоскоп ойлап тапқан Жасаң Мұхамбай, сусамыр-қант диабетін ота арқылы емдеуді тапқан дәрігер Жақсылық Досқали, автокөліктің мұздақта таймауын қамтамасыз ететін тетік, қызыл балықтың майда шабақтарын тордан өткізбейтін жабдық және басқа да өнертапқыштық ұсыныстардың иегері Әсембек Жұмабай, жану процесін басқару жөнінде жаңалық ашқан ғалымдар Зұлхайыр Мансұр, Берікқазы Төлеутай, Тоқжан Тұтқабайқызы, қалып-гильзасыз оқты ойлап тапқан Сантай Жетес, баламалы электр өндіру жөніндегі ізденісімен республикалық конкурс жеңімпазы болған Хайролла Байшағыр және басқа көптеген өнертапқыштар жаһандану жарысында әлі-ақ еліміздің атын шығарады.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/ideyalar-bank-49153/
Қосымша 2
Болашақтың қаласы, сөздер: күн панелі, жел генераторы, композициялық құрылыс қоспасы, магниттік резонанстық томограф, жылу көрсетілім, монорельстік темір жолы, ауа тазартқыш, экологиялық таза отынмен жүретін автомобильдер, ағаштар, ұялы байланыс, ақпараттық панельдер, қозғалатын тротуарлар, шуды жұтатын экрандар және т.б.
Қосымша 3
Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Патенттің негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:
· қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
· патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі,патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
· айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;
· айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.
Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.
Патентке негізделген құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет беріп отырған құқықтарға жауап ретінде патент иесімемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады.Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.
Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған.Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру