Ағзадан бөлініп шығатын өнімдер. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар «Пазл» көмегімен топтарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында «Пазылда» жазылған сөздерді топтастырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

 Сабақтың орта кезеңінде оқушылар мәтіндегі ақпараттармен таныса отырып, ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді анықтауары қажет. Зат алмасу өнімдерінің ағзадан шығарылуының маңызымен танысады. Ұсынылған ақпараттарды пайдаланып, жануарлардың және өсімдіктердің бөліп шығару мүшелері мен өнімдерін анықтайды. Топтық жұмыс барысында әр топқа «Бұлттағы сөздер» әдісі бойынша жаңа терминдерді зерделеуді ұсынуға болады: мүшелер, бөліп шығаратын өнімдер. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.

Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «нені білдім? нені үйрендім? нені толық түсінбедім? және немен жұмысты жалғастыру қажет сұрақтары бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Өз қалаулары бойынша пікірлерімен бөлісе алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу