Тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар мәтіндегі ақпараттармен таныса отырып, тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын анықтауары қажет. Жауап беру реакциясы маңызымен танысады. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы – «Бес саусақ» әдісі бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Өз қалаулары бойынша пікірлерімен бөлісе алады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.