Жердегі тіршілік ету жағдайлары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылар өз қалауларымен топтарға бөлінеді. Алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында «Тіршілікке қажетті жағдайлар» атты тақырыпта постер әзірлейді. Постерге критерийлерді оқушылармен бірлесе отырып құрастыруға болады. Критерийлерге постердің мазмұнына және әсемділігіне байланысты талаптарды қосу керек. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Оқушыларға адамның өмір сүру жағдайларын түсіндіріп кету керек. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға дескрипторларды көрсетіңіз. Оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз. Содан кейін кері байланыс ұсыныңыз. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Сабақты бекіту барысында оқушылар «Адамның тіршілік етуінің қазіргі жағдайлары» атты тақырыпта эссе жазады. Қабілеті жоғары оқушыларға эссе көлемін үлкейтіп беруге болады. Критерийлерге тірек сөздерді қолдануды, академиялық тілді қолдануды талап ретінде енгізіңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.