Жер туралы жалпы мағлұматтар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Жер туралы жалпы мағлұматтар
Оқу мақсаттары:
6.2.2.1 - Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
6.2.2.2 - Жердің қасиеттерін түсіндіру
Сабақ жұптық, жеке тапсырмаларды орындау және жұп ішінде дескрипторлар бойынша өзара бағалау жүргізу арқылы жүзеге асады. «Біз не білеміз?» айдары арқылы Өткен материалдарды қайталау және білімді актуализациялауға болады.
Дифференциацияны қолдану үшін тақтаға тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады. Тапсырмаларды топтарға бөліп беруге болады. Жоғары деңгейдегі, талдауды қажет ететін сұрақтарды күшті топтараға беруге болады және де керісінше.
Жаңа білімді меңгеру кезеңінде оқушыларға мәтін таратылып беріледі. 3 минут ішінде жұптағы 1-оқушы тек сұрақ қоям деп оқиды, яғни сұрақтар құрастырып, белгілеп, ал 2-оқушы тек жауап берем деп оқиды. Уақыт болған соң, сұрақ қойып, оған екіншісі жауап береді. Сұрақ аяқталған соң, керісінше орын ауысады. Мәтін қысқа мерзімді жоспардың ішінде, Қосымша 1.
(Дифференциацияны осы тапсырмада оқушылардың ашық-жабық сұрақтарды құрастыру мазмұнына, орындау шеберлігіне, жауап беруіне, ақпаратты іріктей алуына т.с.с көруге болады) Мысалы: деңгейі орташа оқушылар – жердің орташа қозғалу жылдамдығы қанша? – деп сұрақ қою мүмкін. Ал деңгейі жоғары оқушылар – Кариолис күшін түсіндіріп бер – деген сұрақ қою мүмкін.
Информацияны қабылдау типі бойынша аудиал және визуалдарға «Жердің айналуы» мәтінін талдау беріледі. Ал Жердің Күнді айналу мен Айдың айналу үдерісін терең түсіну ушін кинестеттер үшін топтық «Сергіту сәті» өткізуге болады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді:
1-топ: Жердің Күнді және өз білігін айналу үрдісін көрсетеді (Жер және Күн)
2-топ: Айдың Жерді айнала қозғалуын бейнелеу (Ай, Жер, Күн) Презентациядағы 10-слайд.
Қолданылған ресурстар:
- https://www.youtube.com/watch?v=o74jJbbwDcE Жер туралы: Балаларға арналған астрономия
- https://www.youtube.com/watch?v=cBfRFvlE8j4 История планеты Земли
- https://www.youtube.com/watch?v=cBfRFvlE8j4&t=346s История планеты Земля
- https://www.nationalgeographic.com/science/space/solar-system/earth/ О нашей планете
- http://www.planetsforkids.org/planet-earth.html Земля
- https://bilimland.kz/ru/#lesson=19299 Жер туралы мағлұмат
- https://www.youtube.com/watch?v=EWas-dkx29g Движение Луны вокруг Земли
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.