Адамның зәр шығару жүйесі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Жанды табиғат. Адам | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Адамның зәр шығару жүйесі | ||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.3.1 зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 4.1.2.2 - алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | ||||||
Сабақ мақсаттары | Зәр шығару жүйесінің адам ағзасындағы рөлін білу | ||||||
Бағалау критерийлері | Зәр шығару жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарын дарыту. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, биология | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3 сыныпта адамның дене мүшелері туралы алған білімдерін қайталау | ||||||
Сабақбарысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-5 минут | I.Ұйымдастыру бөлімі «Сөйлейтин қолдар» тренингМақсаты: оқушылардың ара-қатынастарын жақындату, жағымды көңіл-күй орнату.ІІ.Өткенді қайталау Мақсаты:Сұрақтарға жауап алу арқылы өткен сабақта алған білімді қайта жаңғырту. -Балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамзат баласының өміріне қандай жағдайлар қажет? -Ауа, жарық, су, тамақ, баспана, жылу, киім т.б. қажет болады. -Адам өміріне ағзасындағы барлық мүшелер қажет пе? -Дұрыс айтасыңдар адам бойындағы әрбір мүше өз қызметін атқарады екен. Адам ағзасында болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. 2. Жүйке жүйесі - барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді. 3. Сезім мушелері - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі одан жауап қайтарады. 4. Тірек-қимыл жүйесіне бұлшық еттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады. 5. Жүрек-қантамырлар жүйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қан айналымды қамтамасыз етеді. 6. Тыныс алу жүйесі тыныс алу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуға қатысады. 7. Асқорыту жүйесі - ағзада тағамның ішекте қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы. -Қандай мүшелер жүйесі адам ағзасын зиянды қалдықтардан тазартады екен? Оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Бүгінгі сабақта біз:
Құрылған БК сабақ соңында қайта оралатынымызды ескертіледі. | Слайд | |||||
Сабақ ортасы 5-35 минут | (МК)Организмнің шығару жүйесі мүшелері Мақсаты: Организмнің шығару жүйесі мүшелері жайлы түсінік қалыптастыру. (МК)Адам организмінен шығатын тәуліктік өнімдер. Мақсаты: Адам организмінен шығатын тәуліктік өнімдер жайлы ақпарат беру. (Т,Қ) Зәр шығару жүйесімен танысу Мақсаты:Топта зәр шығару жүйесі мен мүшелерінің атқаратын қызметін анықтау. Зәршығару жүйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
Зәр шығару жүйесінің мүшелері: 1. Қос бүйрек. 2. Қос зәрағар. 3. Қуық. 4. Зәр шығару өзегі. Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. (Ө,Қ)Сызбамен жұмыс Тапсырма:Сызбаны аяқта. Оқушылар сызбаны аяқтап болған соң, көршілерімен алмасып, бір-бірін тексереді және бағалайды. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады. (Ө)Тест «Зәр шығару жүйесі» Мақсаты:Оқушылардың білімін бекіту. 1.Несепағардың төменгі бөлімі жалғасатын мүше: А) бүйрек В)зәр шығару өзегі С)қуық Д) несепағар Е) ішек 2. Үрмебұршақ тұқымының пішіні ұқсас мүше: А) қуық В) бүйрек С) бауыр Д) өкпе Е) жүрек 3. Адамның құрсақ қуысында орналасқан мүше: А) Өкпе В) Жұтқыншақ С) Өңеш Д) Жүрек Е) Бүйрек 4. Бүйректің пішіні: А) үшбұрыш тәрізді В) үрмебұршақ тәрізді С) оралма тәрізді Д) Шар тәрізді Е) сопақша тәрізді 5. Бүйрек қай жүйеге жатады: А) Зәр шығару жүйесіне В) Асқорыту жүйесіне С) Тыныс алу жүйесіне Д) Жүйке жүйесіне Е) Қан айналым жүйесіне 6. Ағзадағы күрделі биологиялық сүзгіш: А) Асқазан В) Ішек С) Өкпе Д) Бүйрек Е) бауыр 7. Адам бүйрегінң массасы: А) 160г В) 180 г С) 150г Д) 170г Е) 200г 8. Бүйректің атқаратын функциясы: А) ағзадан қанттың артық мөлшерін шығарады. В) ағзадан қорытылмаған заттарды шығарады С) ыдырау сұйық өнімдерін шығарады Д) глюкозаны гликогенге айналдырады Е) катализатор қызметін атқарады Оқушылар тақтаға шығарылған дайын нұсқа бойынша өз-өзін тексеріп, бағалайды. «Сен білесің бе?» айдары Мақсаты: Дереккөздерден бүйрек ауруларының себептері туралы мәліметпен танысу.. Оқушылар анықтамалықтар мен энциклопедияларды пайдалана отырып, бүйрек ауруларымен танысып, ауруларының себептері жайлы мәлімет іздестіреді. Әр топ жинақталған ақпараттарымен бөліседі.
Бүйрек аурулары және ауруларының себептері
| https://www.dkfindout.com/us/human-body/your-waterworks/?_escaped_fragment_ http://kidshealth.org/en/kids/bfs-usactivity.html?WT.ac=k-ra слайд Үлестірмелі парақтар Плакаттар мен суреттер Тест парақшалары Анықтамалықтар мен энциклопедиялар | |||||
Сабақтың соңы 5 минут |
-Зәр шығару жүйесі неге керек? -Адамның зәр шығару жүйесі неден тұрады? -Зәр шығару жүйесінің әрбір ағзасы қандай қызмет атқарады? -Бүйректің саулығы неге керек? -Оқушылардың жауаптарын тыңдау және толықтыру.
-Бүгінгі сабақ ................. болды. -Мен ................ білдім. -Маған ........................ қиындық туғызды. Өздерін бағалау Пайыздық көрсеткіш бойынша өздерін бағалайды. 50% 70% 100% | Пайыздық көрсеткіштер | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың топтағы жұмыстары бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.