Бунақденелілердің тіршілігі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Жанды табиғат. Жануарлар

Күні:

Сынып:

Мектеп: ФМН НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н.З

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бунақденелілердің тіршілігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.2 - бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау;

Сабақ мақсаттары

бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау;

Бағалау критерийлері

бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттай алады;

нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну

Тілдік мақсаттар

Бунақденелілер, тіршілік циклі.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұптық жұмыс арқылы көмек көрсетуге қамқорлық жасауға үйренеді

Пәнаралық байланыстар

Дүнтетану пәнімен байланыс орнайды

АКТ қолдану дағдылары

Бунақданалалері тіршілігі туралы мәлімет таба алады.

Бастапқы білім

Жануарлардың бірнеше топқа бөлінетінін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабақты бастайық.

ОМ таныстыру

Бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттауды үйренеміз

Сабақтың ортасы

Жануарлар неше түрге бөлінеді?

Бунақденелілер қандай жануарға жатады?

(Ұ) Қандай бунақденеліліерді білесіңдер?

Естеріне түсіріңдер.

Мұғалім түсіндірмесі:

Бунақденелілер дене тұрқы үш бөлімдерінен тұрады: бас, кеуде және құрсақ қуысы. Сонымен қатар, 6 аяғы, 2 мұртшасы, ал кейде қанатшалары болады. Барлық бунақденелілердің денелерінде бунақ болады, сондықтан да олардың аты осыған байланысты.

(Ұ, Т, Ж, Қ ) Суреттерге қара. Олар бунақденелі болып табыла ма, жоқ па ? Анықта.Слайд.3

Сыныптағы басқа оқушылар пайдалана алуы үшін салыстырмалы сипаттамалар кестесін ұсыну. Әсіресе, бунақденелілер мен өрмекші тәрізділер арасындағы айырмашылықтарды айқындайды.

(Ұ) Өсімдіктердің даму кезеңдерінің ерекшеліктерін еске түсірейік. Көбелек туралы естеріне түсіріп, оның тіршілік циклінің кезеңдерін санамалап шығуды ұсыну. Негізгі тірек сөздерді тақтаға жаздыру. Содан соң оларды дұрыс орын тәртібімен орналастыру.

(МК) Түрленуіне қарай бунақденелілер толық және шала түрленіп дамитын жәндіктер болып бөлінеді.

Толық түрленіп дамитын жәндіктер (көбелектер, қоңыздар, масалар, шыбындар, түкті аралар, соналар, аралар): жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – ересек жәндік.

Шала түрленіп дамитын жәндіктер (инелік, көк қасқа/обыр шегіртке, бұзаубас, шегіртке, қара шегіртке, жасыл жегі): жұмыртқа – дернәсіл – ересек жәндік.

(Ө, Ж) Оқушылар жеке немесе жұппен көбелектің және шегірткенің тіршілік циклінің сызбасын құрастырады.

Екі топтағы жәндіктердің тізімін болжаммен немесе энциклопедияға сүйеніп толықтыруларын ұсыну Дайын сызбаны көрсету.

Дайын сызбаны болжамдарымен салыстыру

http://www.biology-resources.com/insects-01.html

бунақденелілердің тіршілік циклі

https://www.buglifecycle.com/

барлық бунақденелілердің тіршілік циклі

http://greenspeardesign.com/images/metamorphosis.jpg

http://blog.wildaboutants.com/2011/11/09/new-ant-book-for-children/

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Бүгін сабақта не біліп, не түсіндің?

Білгеніңмен бөліс

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Салыстырмалы сипаттамалар кестесін орындағанда қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Ұжымдық, жеке және жұптық жұмыс барысында бақылау арқылы бағалау, мадақтау арқылы бағалау жүргізіледі

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.