Ауырлық күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сынып Табиғат физикасы Күш және қозғалыс | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Ауырлық күші дегеніміз не? | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Ауырлық күшінің білінуіне мысал келтіріп, оны сипаттай алады. Ауырлық күшін анықтау мақсатында эксперимент жоспарлайды, жүргізеді. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Ауырлық күшін сипаттайды Ауырлық күшінің білінуіне мысал келтіреді | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтар: | Қоршаған ортадағы құбылыстарды байқау, сипаттау, зерттеуге ынталану; өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдысын жетілдіру | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, дүниетану, қазақ тілі | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Серпімділік күшін сипаттайды | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Өткенді пысықтау Мақсаты: өткенді жаңғырту Суретпен жұмыс -Суретте не бейнеленгенін сипатта - Қандай күшті байқауға болады? (Серпімділік) Сабақтың тақырыбын анықтау Белсенді іс-әрекет ұйымдастыру. Бірнеше затты әуеге лақтырып, босатып, эксперимент жасап көру. Қорытындылау (Әуеге лақтырылған кез келген зат төмен құлайды). -Неліктен әуеге лақтырылған, бос жіберілген кез келген зат төмен құлайды деп ойласыңдар? (қандай да бір күш әсер етуі мүмкін). Болжау - Әуеге лақтырылған дененің жерге құлауына әсер ететін қандай күш болуы мүмкін? (ауырлық күші) Сабақтың тақырыбын мен мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау (Бүгінгі сабақта Әуеге лақтырылған кез келген заттың неліктен жерге құлайтынын білеміз). Бағалау критерийлері: Ауырлық күшін сипаттайды; Ауырлық күшінің білінуіне мысал келтіреді. | Сурет немесе Таныстырылым (1 слайд) Доп (өшіргіш, парақ) | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Бірге зерттейік. Оқушыларды топтарға біріктіру Мақсаты: ауырлық күшінің білінуін мысал арқылы анықтау. Зерттеу жасау барысында толтырылатын кесте тарату
1-зерттеу. Жер бетіндегі адам -Жер ғаламшарының пішіні қандай? (шар тәріздес) Үрленген шарды Жер деп алып, өшіргішті оның бетінде тіршілік ететін адам ретінде елестету. Шардың үстінгі жағына өшіргішті қойып, айналдырып көру. -Өшіргішке не болды? (Өшіргіш құлап кетті) -Жер шары айналғанда, адамдар неге Жерден құлап түспейді? Ауырлық күші туралы әңгімелесу. 2-зерттеу. Доп Доп екі қолымен жоғары көтеріп ұстап тұрып, босату. -Балалар, не байқадыңдар? (Доп еденге түсті) Допты алға лақтыру. (Доп жерге түсті) Допты жоғары лақтыру. (Доп тағы да жерге түсті) -Неліктен барлық жағдайда доп жерге түседі? Оқушылар өз болжамдарын айтады. Үшінші зерттеуді ынталы оқушылардың өздеріне көрсетуді ұсыну. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. Табиғат құбылысы. Суреттермен жұмыс. - Қандай табиғат құбылыстары бейнеленген? (Жаңбыр, қар, бұршақ жауу. Жапырақ түсуі, қар көшкіні, сарқырама) Бұл құбылыстардың ұқсастығы неде? (Олардың жүруіне ауырлық күші әсер етеді. Жауын шашын жерге түседі. Жемістер, жапырақтар жерге түседі. Қар көшкіні, сарқырама суының, өзен суының ағу бағытына ауырлық күші әсер етеді). Зілтемір неге ауыр? Оқушылардың бір қолына қарындашты, екінші қолына кітапты алуды ұсыну. -Қайсысының массасы ауыр? -Қайсысына ауырлық күші көбірек әсер етіп тұр деп ойлайсыңдар? Неліктен? (Кітапқа. Себебі оны көтеру қарындашты көтергеннен қиындау) -Бұл неге байланысты болуы мүмкін? (Дененің массасына) Оқулықтағы суретпен жұмыс -Зілтемірді көтерген спортшы қандай күшті жеңеді? (Затты көтерген кезде ауырлық күшін жеңеміз, яғни денені жерге құлауын болдыртпаймыз. Массасы ауыр денеге әсер ететін ауырлық күші де көбірек болады). Тірек. Партаның үстінде жатқан заттарды атау. -Оларға қандай күш әсер етіп тұр? Ауырлық күшінің әсерінен денелер жерге тартылады (құлайды). -Сонда партаның бетіндегі денелер неліктен жерге құламайды? Денелерге ауырлық күші әсер етеді. Парта тірек қызметін атқарып, олардың құлауына жол бермейді. Зерттеу жұмысы Ресурстарды дайындау, тарату, оқушыларды топтарға біріктіру. Ресурстар: түрлі мөлшерде сумен толтырылған пластик бөтелкелер. Болжау жасау: -Бөтелкелердің қайсысы жерге бірінші құлайды? Зерттеу мақсатын анықтау (зерттеу сұрағын қою): -Қандай дене жерге тезірек түседі: ауыр дене ме, жеңіл дене ме? Оны қалай тексеруге болады? Топта эксперимент жоспарын құру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту Зерттеу барысы: -Орындықтың үстінен екі бөтелкені бір мезгілде босату -Бөтелкелердің еденге тиген сәтін бақылау -Экспериментті басқа бөтелкелермен жалғастыру -Нәтижені тіркеу, қорытынды жасау, -Эксперименттің жоспары мен оның іске асырылуымен салыстыру. Тапсырма. Суретпен жұмыс -Сурет бойынша қандай күштерді анықтауға болады? -Ол күш неге байланысты? Осы күштің байқалуына бірнеше мысал келтір. Дескриптор: Оқушы - сурет бойынша күштерді анықтайды; - ауырлық күшінің дене массасымен байланысын түсіндіреді; - ауырлық күшінің білінуіне мысал келтіреді ҚБ. Жұптар өзара бір-бірін бағалайды. Кейбір жұптарды тыңдап, мұғалім ауызша кері байланыс береді. Сен білесің бе? -Жерден ұшырылған жасанды серік қалай ұшатынын білесіңдер ме? (Ол Жерді айналып жүреді) -Ол неліктен ғарышқа ұшып кетпейді? (Серік ауырлық күшінің әсерінен оның айналасында ғана қозғалады) Ойлан. -Жерді өзіміз тұрған жерден бұрғылап келесі бетіне дейін тесіп шығып, сол тесікке денені түсіріп алса, не болады? Келесі жақтан шыға ма? (Оқушылардың пікірін білу) Оқушыларға глобустан шамамен Жердің центрін көрсету. Ауырлық күші Жердің центріне бағытталатынын айту. -Мұны қалай түсінесіңдер? Бұл тесікке құлаған дене Жер центріне жетіп тоқтайды. Бағыттамамен көрсету. Есіңе сақта! Оқушылар жұпта өтілген тақырып бойынша бір біріне сұрақтар құрастырады, жауап береді. Мысалы:
Ауырлық күшінің әсерінен денелер Жерге тартылады. Ауырлық күші ғаламшардың ортасына қарай бағытталады әрі дененің массасына байланысты болады. Дененің құлау жылдамдығы оның массасына байланысты емес. Өзіндік жұмыс 27-жұмыс парағы. «Ауырлық күші» Анықтама құрастыру. Ауырлық күші – Жердің барлық денелерді өзіне тарту күші. Бағытты көрсет. Бағыттаманың көмегімен берілген суреттердегі ауырлық күшінің Жер центріне бағытталғанын көрсету. 28-жұмыс парағы. «Ауырлық күшінің әсері» Траектория. Дене қозғалысының, яғни алманың, лақтырылған доптың, трамплиннен секірген шаңғышының, құбырдан атқылаған судың сызығын – траекториясын көрсету. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Кесте Өшіргіш, шар, глобус Табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер Зілтемірші суреті түрлі мөлшерде сумен толтырылған пластик бөтелкелер. | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия - Сен бүгін не үйрендің? -Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неліктен? -Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? «Жетістік баспалдағында» өзін – өзі бағалау (Слайдқа немесе баспадақ суретіне стикер жапсыру) | Слайд немесе тақтада бейнелеген баспалдақ | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. Ауырлық күшінің білінуіне өздігінен мысал келтіру | Оқушылар өздік және жұптық жұмыстар арқылы білімдері бағаланады Мұғалімнің ауызша және жазбаша кері байланысы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |||||||||||||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру