Суды қалай тазартады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Суды қалай тазартады?

Оқу мақсаты:

3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;

3.3.3.5 суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну;

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

суды қалдықтардан қалай тазартатынын біледі;

суды тазалауға арналған сүзгі жасап үйренеді.

 Бағалау критерийі

Зерттеу жоспарын құрастыру. Сүзгі ойлап табу

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Суды тазарту жолдарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Өз ойлары мен пікірлерін дәлелдейді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

сүзгі

 Құндылықтар

Суды қорғау

 Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың тіршілік үшін маңызы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Проблемалық жағдаят

Проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын анықтау.

  • Сен шөл далада келе жатырсың. Өзіңмен алған суың таусылып қалды. Бірақ қолыңда үлкен асыл тас бар. Бір шөлмек су үшін не істеуге дайынсың? Қолыңдағы үлкен асыл тасты бір шөлмек суға айырбастар ма едің?

Оқушылардан жағдаяттан шығудың әртүрлі жолдарын сұрау.

Сабақтың ортасы

Суреттермен жұмыс.

  • Суреттерге қара. Бұл суқоймаларының жағасында не бар деп ойлайсың?
  • Бұл жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?
  • Қандай өсімдік түрлері өседі?
  • Бұл суқоймаларының маңында адамдар демала ма?
  • Қалай ойлайсың, мына суқоймалардан су ішуге бола ма? Неліктен?
  • Кез-келген суды ішуге бола ма?
  • Өздерің ішіп жүрген су қандай? Түсі, дәмі?
  • Біз күнделікті пайдаланатын суды қалай тазартатыны жайлы білгілерің келе ме?

Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Барлық топқа қажетті құралдар алдын-ала дайындалады. Бір мөлдір ыдысқа су құю. Ішіне ұсақ заттар салу. Суды осы заттардан қалай тазартуға болады деген сұрақ қою. Барлық топтар зерттеу жұмысының жоспарын жасайды. Жоспарды бүкіл сынып болып талдап, ең маңыздысын таңдау.

  • Су бетіндегі қоқыстарды қасықпен алу.
  • Суға магнит салу. Не болды?
  • Басқа денелер неліктен тартылмады?
  • Қоқыстары бар суды кепсермен сүзу. Кепсер тесіктерінен қандай заттар өтпей қалғанын анықтау.
  • Не себепті құм әлі де судың құрамында жүр?
  • Суды құмнан елеуіш арқылы тазарту.
  • Су алдыңғысынан тазарды ма?
  • Суды дәке мен сүзгіш қағаздардан өткізу.
  • Нәтижесін кестеге толтыру.

судан шыққан денелер

шығарған құралдар

  • Біз не істедік?
  • Суды сүзу үшін «Сүзгі» пайдаланатынын білесіңдер ме?
  • Кімнің үйінде су сүзгісі бар? Оқушыларға көзге көрінбейтін қоқысты арнайы сүзгінің көмегімен тазартуға болатынын айту.

Есте сақта. Суды ішуге не тамақ әзірлеуге пайдалану алдында тазарту қажет, ол үшін сүзгіні қолдануға болатынын айту.

Сен білесің бе? Хлорлы су дегенді естігендерің бар ма? Не үшін суды хлорлайтынын оқушылар қосымша ақпарат арқылы біледі.

Ойлан.

  • Ата-аналарымен бірге табиғат аясында демалысқа шықтың. Егер алып шыққан суларың таусылып қалса, көл немесе өзен суын қалай тазартуға болатынын ойланып көр.

Оқушыларға жұпта ойлануға мүмкіндік беру. Болжамдарын тыңдау.

  • Жоғары температурада ғана жойылатын бактериялар мен микробтардан қалай тазартады?

Оқушылардың ойларын тыңдау. Дұрыс жауапты анықтау.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 55, 56-жұмыс парағы (57, 58 б.)

суреттер

стақандар немесе мөлдір ыдыс, қағаз қыстырғыштар, күріш немесе басқа жарма дәндері, құм, магнит, кепсер, ұсақ елеуіш

кесте

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Ақылдың алты қалпағы»

Әр топ қалпақтың түсіне қарай өздерінің ойларын айтады.

Ақ-сабаққа қатысты сандық деректер, анықтамалар

Сары- сабақтың сәтті кезеңдері

Қызыл–сабақ барысындағы сезім, эмоция

Қара – сабақтағы сәтсіз кезеңдер

Жасыл – шығармашылық жағы

Көк – саралау, талдау жасау

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тазартылмаған судың денсаулыққа зияны. Постер құрастыру

Зерттеу жоспарын бағалау

Топтық жұмыста қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу