Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ. НЗМ.

Күні:

Сабақ реті 2

Мұғалім:

Сынып: 2

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

2.5.2.1 кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу

2.1.2.6 тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау

2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру

 Сабақ мақсаты:

Зерттеу жұмысы арқылы жарық өткізгіш денелерді анықтау, тәжірибенің негізгі белгілерін анықтау, нәтижені кестеге түсіру.

Бағалау

критерийлері:

  • Жарық өткізгіш денелерді анықтады
  • Тәжірибенің негізгі белгілерін анықтады.
  • Тәжірибенің нәтижесін кестеге түсірді.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту

Пәнаралық байланыс

дүниетану, физика, қазақ тілі

Жаһандық азаматтықты қалыптастыру

Когнитивті компонент: ұлттық, жаһандық

түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып. талқылайды;

ақпаратқа сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоционалдық:

өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді;

жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық:

сынып ережесіне бағынады;

өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Осыған дейін меңгерілген білім

1-сыныпта өткенді қайталау.

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

3 мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты: оқушының қызығушылығын ояту.Табиғатты қорғауға баулу.

1. Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

Табиғат!

Тіршіліктің тұнып тұрған.

Сен – Күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

(Ұ) «Ойлан!Тап!»

Мақсаты: сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың тақырыбын анықтау.

(Дауысы жоқ, дыбысы жоқ,

Терезеден өтеді,

Барлық адамға жетеді. (Жарық)

  • Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болмақ?
  • Жарық туралы.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.

Презентация

5 - мин

15 мин

3 мин

5 мин

2 мин

(Ұ, МК) Жаңа сабақ

Мақсаты: жарық пен көлеңке ұғымы туралы ақпарат беру. Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу

Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз зерттеу түрінде болмақ.

-Қалай ойлайсыздар, біз зерттеу үшін нені білуіміз қажет?

1. мақсатты анықтау

2. гипотеза шығару

3. ресурстарды таңдау

4. жоспар құру

5. нәтижені анықтау

-Ендеше, алғашқы зерттеуімізді бастайық.

(Т) Кестемен жұмыс.

Мақсаты:Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау.

Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Кеспе қағазда берілген зерттеу жұмысын жүргізеді, кестеге түсіреді.

Зерттеу мақсаты

Гипотеза

ресурстар

мерзімі

жоспар

нәтиже

1-топ: фонарь мен картон қағазды алыңыз. Фонарьді іске қосыңыз. Қабырғаға бағыттаңыз. Фонарьдің алдына картон қағазды көлбейлеңіз. Не байқадыңыз?

2- топ: су құйылған ыдысқа қасық салыңыз. Не байқадыңыз?

3-топ: фонарь мен мөлдір түсті затты алыңыз. Фонарьді іске қосыңыз. Қабырғаға бағыттаңыз. Фонарьдің алдына мөлдір затты көлбейлеңіз. Не байқадыңыз?

(Т) Топтық қорғау,өз зерттеу нәтижелерімен бөлісу.

Оқушылар өз зерттеулерін ортаға салады. Ұжыммен бағаланады, ұсыныстар айтылады.

Бағалау критерийі:

1.зерттеу мақсатын анықтады.

2.Зерттеудің гипотезасын анықтады.

3.Зерттеу ресурстарын жазды.

4. зерттеу мерзімін толтырды

5. жоспар құрылды.

6. Нәтижесі анықталды.

Жоғарғы балл-6 балл.

(Ө) Кестені толтыру.

Мақсаты: жарық өткізгіш және жарық өткізбейтін денелер туралы білімдерін анықтау, бекіту.

Жарық өткізгіш денелер

Жарық өткізбейтін денелер

(Ж) Өзара тексеру.

Оқушылар бірін-бірі «плюс-минус » әдісі бойынша тексереді.

Слайд

Кеспе қағаздар

Фонарь, картон қағаз.

Су құйылған ыдыс, қасық.

Фонарь, мөлдір дене

Слайд

Қима қағаздар

2 мин

3 мин

Бекіту

-Не білемін?

-Не таңқалдырды?

-Не білгім келеді?

(ауызша оқыту)

- Қандай әрекеттер орындадық?

Бағалау.

«Жетістік жолы» арқылы өздерін бағалайды

Рефлексия

«Шығу билеті»

Оқушылар келесі сабақта не білгілері келетініндерін стикерге жазады.

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өтілген сабақтарды дұрыс игермеген оқушыларды қолдау. Қиындықтар туып жатқан оқушыларға үлестірмелі материалдар беріп, ал тапсырмаларды жеңілдікпен шығарып отырған оқушыларға күрделірек тапсырмаларды беру

Қолданылған стратегия бойынша оқушылар таныған мәліметтерін талдауға қатысады

Топта бағалау,өзін-өзі бағалау, өзара бағалау

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу