Өсімдіктер. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Өсімдіктер | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||||
Күні:1 тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктер | ||||||
Оқу мақсаттары | 2.2.1.3 өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Өсімдіктің негізгі бөліктерін біледі және ажыратады;өсімдік бөліктерінің негізгі қызметтерін зерттейді ;өсімдік бөліктерінің қызметтерін сипаттайды. | ||||||
Бағалау критерийлері | Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіре алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Өсімдік мүшелерінің атаулары және т.б. сөздерді пайдаланады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | еңбек және шығармашылық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану, география, биология. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | (МК) Шаттық шеңбер Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды/ -Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, жұмбақ шешіп көрейік. Үйi де жоқ, Күйi де жоқ. Бiрақ Жауыннан да, Дауылдан да Қымсынбайды. Ыстыққа да, Суыққа да Шын шыдайды. Шешуiн айта ғой, Балалар бiлсiн жайды. -Сонымен бұл не? ӨСІМДІКТЕР Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды 1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл атты 4 топқа бөлемін. | Интерактивті тақта Жұмбақ суреттер | |||||
Сабақ ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут | (Т) Ассоциациялық картаны толтыру -Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді? Оқушылар топта ақылдаса отырып, барлық айтылған сөздерді жазыпғ картаны толтырады. /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ) Оқушылармен диалог құру -Балалар, өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар? Мүмкін болатын жауаптар: тыныс алады, көбееді, қоректенеді, өседі, тірі ағза. -Адамның қандай дене мүшелерін білесіңдер? -Олар не үшін керек? -Өсімдіктердің қандай дене мүшелері бар? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ,Т) Проблемалық сұрақ -Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай? /оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/ Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топ алдында баяндама жасауды ұсынамын. Әр топ өз түсіндірмесінен кейін гүл мүшесінің суретін тақтада салуын өтініңіз. Сергіту сәті «Гүлдер туралы ән» (Ұ) «Лото» ойыны Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар таратып беремін.Оқушылар өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді. (Ө,Қ)Өздік жұмыс А4 парақтарында тапсырмалар таратылады. Әр оқушы сабақтағы білімін қорытындылайды. а) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауын жазыңыз: б) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіріңіз. | Ассоциациялық карта Энциклопедиялар мен суреттер https://www.youtube.com/watch?v=Juxk-MYJk_Q ҚБ жұмыстары | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Сөздік жұмыс жасадық, Соныменен сабақта Нені оқып үйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - қандай жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды». | 2 жұлдызша 1 тілек парақшалары | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Топта отырып,ақылдасып, картада топ нәтижелерін жазады және қорғайды. | Қалыптастырушыбағалау және оқушылардың «1 тілек 2 жұлдыз» арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру